1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс 8 сынып

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы:8б

Пәні:Қазақстан тарихы

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Кенесары Қасымұлы көтерілісінің алғы шарттарын,сипатын,ерекшелігін,мақсатын ашып көрсете отырып,жан-жақты талдай білуге баулу.Оқушылардың сана-сезімін қалыптастыру,жеріне,еліне деген сүйіспеншілігін арттыру,патриоттық тәрбие беру,өз елін,жерін қорғай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:Тақырыптың құрылымын түсінеді.Оқушының сабаққа деген ынтасы артады.Топтық жұмыс кезінде Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісі жайында терең білім алады.I.Ұйымдастыру кезеңі.


II.Үй тапсырмасын пысықтау.

Оқушыларды түгендеу,3түрлі-түсті стикерлер арқылы 3топқа бөлу:

«Шаруалар»

«Батырлар»

«Хандар»

«Миға шабуыл»әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.

Әр топқа 3 сұрақтан беріледі.

Стикерлердің түсі арқылы 3топқа бөлінеді.Оқулықтарын, дәптерлерін алады.

Үй тапсырмасына арналған сұрақтарға оқушылар топ болып жылдамдатып жауап береді.

Стикерлер

IIIЖаңа сабақтың мәнін ашу.


Сабақтың мәнін ашу мақсатында Кенесары хан туралы мәтін оқылады.

Жаңа сабақты жан-жақты тереңірек ұғындыру мақсатында бейнебаян көрсетіледі.Бейнебаян Кенесарының өмірбаяны,ұлт-азаттық көтеріліс туралы түсірілген.

Жаңа сабаққа байланысты топтық тапсырмалар беріледі.1«Шаруалар» тобына «Картамен жұмыс» тапсырмасы беріледі.2«Батырлар»тобына «Келісу», «келіспеу»стратегиясы арқылы сұрақтар беріледі.3«Хандар»тобына Тест тапсырмалары беріледі

Оқушылар Кенесар хан туралы мәтінді тыңдап,білімдерін жан-жақты еске түсіреді.

Кенесары Қасымұлы туралы бейнебаянды көріп,Топпен талқылайды.

Оқушылар берілген тапсырманы топпен жылдам әрі нақты жауап береді.

I-топ.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс кезінде басып алған бекіністерді картадан көрсетеді.

II-топ.Тақырыпқа байланысты сұрақтар оқылады.Оқушылар «ия»немесе «жоқ» деп жауап береді.

III-топ.Тест тапсырмалары беріледі топпен ақылдасып жауап береді

Кенесары Қасымұлының көтерілісі қай жылдары болды?а)1836-38ж

ә)1837-1847ж

б)1839-49ж

в)1837-1846ж

Интербелсенді

тақта,слайд



Бейнебаян,

Стикерлер,

Қазақстан

Картасы,тест тапсырмалары






IV.Қорытынды

Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында түрлі тапсымалар орындату.

I-топқа «Жылдар сөйлейді» тапсырмасы беріледі.

II-топқа «Сәйкестендіру тесті» беріледі.

III-топқа «Тұлғаны тану» тапсырмасы беріледі.

I-топқа тақырыптағы маңызды жылдарды оқушылар топпен тауады.

II-топқа Оқушылар топпен берілген тапсырмаларды тауып тұсына белгілейді.

III -топқа Оқушылар жасырылған тұлғаны топпен тауып,олар туралы білетін мәліметтерін алады.


V.Бағалау,сабақ рефлексиясы


Оқушыларды топтық бағалау арқылы топ басшысы бағалау парақшасына бағалайды.

Үйге тапсырма:Кенесары туралы «эссе» жазып келу.

Оқушылар бір-бірін бағалайды.

Стикерге сабақтың ұнаған жерін жазады.

Тақырыпқа «эссе» жазып келеді.

Топ басшысының

бағалау парақшасы

Стикер

дәптер


© 2010-2022