Разработка открытого урока Әскери кешен, атом полигон

Раздел История
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өтілу мерзімі: 29.01.2016 жыл.

Сыныбы: 9 «А»

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақ №38Тақырыбы:

Қазақстандағы әскери-өнеркәсіптік кешен, атомдық полигонның салынуы.

Мақсаты:

Оқушыларға соғыстан кейінгі экономиканы әскерилендірудің барысы туралы мәлімет беріп, жетістіктері мен зардаптары жайлы жан-жақты мағлұматтар беру.

Міндеттері:

Білімділік: Қазақстан аумағында адам денсаулығына зиян келтіре отыра салынған көптеген әскери құрылыстың қаурырт жүргізілуі себептері мен салдарларын айқындау.

Дамытушылық: Тарихи оқиғалар мен үдерістердің дамуын тарихи - әдеби деректер арқылы баяндатып, оқушыларда өткенге ғылыми көзқарас қалыптастыру, салыстыра алу, талдай білу, пікірін білдіру қабілеттерін дамыту. Тарихи таным-түсініктерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың бойында туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра отырып, демократизмге , адамгершілікке тәрбиелеу. 1мин

Нәтижесі:

Қосымша әдістемелік материалдарды қолдана алады.

Пәнаралық байланыс:

Дүние жүзі тарихы.

Көрнекілік құралдары:

Интербелсенді тақта, карта, кеңсе заттары (түрлі-түсті маркерлер, ватман, стикерлер).

Түйінді идеялар

Адам денсаулығына зиян әкелетін әскери кешендер тақырыбын оқу барысында тәуелсіз ел болудың артықшылығын түсінуі.

Сілтемелер

Қазақстан тарихы (9 сынып), 213-216 оқулық беті

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі

интерактивті



Сабақтың барысы


Оқыту әдістері


Тапсырмалар.

Оқушылардың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Нәтижесі

І. Ұйымдастыру кезеңі

«Сөздер банкасы» ойыны

1.Топқа бөлу, Сәлемдесу, сыныпты түгендеу 1 мин

2. Сыныпты түс бойынша топқа бөлу.

1 мин

3.Тақырыпты табу.

1 мин

Топқа бөлу

Мұғалім бағыт береді

Бірлесіп, ақылдаса отырып топтасуды үйренеді.

Оқушылар тақырып атын табады

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Жеке жұмыс

Үй жұмысын жаңа тақырыппен байланыстыра отырып, сабақтың мақсатын оқушыларға таныстырып өту.

Оқушылар «Конверт хат» әдісі бойынша деңгейлік сұрақтарға жауап береді 7 мин


Мұғалім бақылаушы.


Оқушы өз ойын белгілі мәліметтер арқылы дәлелдеуге үйренеді, бірін-бірі оқытады, топтастарының сұрақтарына жауап іздейді, қорытынды шығарады, диалогке түседі.

3. Ой қозғау


Әскери кешен дегеніміз не? 1 мин


Мұғалім бағыттаушы, кеңесші

Пікірлерін ортаға салып, бірлесе жұмыс жасайды.

4, 5.Білу,

Түсіну Топтық жұмыс

Оқушылар 213-215 беттегі материалды оқып, «Көршіңе әңгімелеп бер» стратегиясы бойынша

Экономиканы әскерилендіру, Семей полигоны туралы бір-біріне түсінгенін айтады. 3 мин

Мұғалім бағыттаушы, кеңесші

Оқушы өз ойын белгілі мәліметтер арқылы дәлелдеуге үйренеді, бірін-бірі оқытады, диалогке түседі сыныптастарының сұрақтарына жауап іздейді, қорытынды шығарады.

6. Қолдану: Топтық жұмыс

«Тұжырымдамалық карта» жасау әдісі.

10 мин.

1-топ. Қазақстан аумағын әскери бағытқа жұмылдыру.

2-топ. Қазақстанда салынған әскери кәсіпорындар.

3-топ. Семей полигоны және жасалынған сынақтар.

4-топ. Сәулеге ұшыраған халық орналасқан аудандар

Оқушылардың жауаптарын қадағалайды.

Өзара оқыту үдерісі жүреді (білетіндері білмейтіндерін үйретеді). Негізгі идея төңірегінде мәлеметтерді жинақтап карта жасап шығады.









8. Талдау:

Топтық жұмыс


Эксперт топты сайлау


«БФЕ, КА лекция» әдістерін пайдалана отырып проблемалық сұрақтарды талдайды

Тақырыптағы негізгі мәселенің

1-топ. Мақсаттары

2-топ. Қиыншылықтары

3-топ. Жетістігі

4-топ. Қызықты факторы және эксперт топтың пікірлері ортаға салынады 10мин


Қадағалайды Мұғалім бағыттаушы, кеңесші

Өз ойларын ашық айта алады. Тақырып жан-жақты талданып проблемалық сұрақтар шешіледі

9. Жинақтау:


«Шығармашылық іздену». Алдын-ала берілген тапсырмалар бойынша шығармашылық еңбектерін көрсетеді.

1.Көрініс «О.Сүлейменов, Семей полигонының жабылуы» 4 мин

2.Монолог

«Қорқыныш пен қуаныш» 5 мин



Мұғалім бақылаушы

Сабақты пысықтауды үйренеді. Оқушылар қосымша материалдармен , шығармашылық іздену мен айналысады.


10. Бағалау:

Кері байланыс орнату

Бірін-бірі бағалау критерийлерімен танысу. 2 мин

Стикерлерге өздерінің сабақтан алған әсерлерін білдіреді. 1 мин

Бірін-бірі бағалау парақшаларын таратып береді. (стикерлер таратып береді)


Критерийлер тұрғысынан

қорытынды жасауды үйрену.

Сабақтан алған әсерлерін білдіруді үйренеді.

11. Үйге тапсырма

§35. Қазақстандағы әскери-өнеркәсіптік кешен, атомдық полигонның салынуы.

«XXI ғасыр ядродан таза аймақ» тақырыбына эссе жазу 1 мин





© 2010-2022