Урок по историй на тему Тарих тамыры тереңде

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по историй на тему Тарих тамыры тереңде

Урок по историй на тему Тарих тамыры тереңде

Урок по историй на тему Тарих тамыры тереңде

Урок по историй на тему Тарих тамыры тереңде



«№4 орта мектебі » мемлекеттік мекемесі





Қазақстан тарихы 6-сынып



Тақырыбы: Тарих тамыры тереңде

(ашық сабақ)

Дайындаған: Кемалова А.











2012 жыл

Сабақтың күні: 19.11.11

Сабақтың тақырыбы: Тарих тамыры тереңде

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер тарауынан алған білімдерін тексеру.

Дамытушылық - Оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасын, сөйлеу,ойлау қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік- Оқушыларды елсүйгіштікке, өз тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларды жан-жақтылыққа, білімділікке ұмтылдыру.

Сабақтың типі: танымдық сайыс сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,ойын технологиялары,ізгілендіру технологиясы

Сабақтың көрнекілігі:

Карта

Интерактивті тақта,слайд.

Топтастыру

Тірек-сызба:

Пәнаралық байланыс: әдебиет,қазіргі заман тарихы

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: -Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Сәлемдесу.

Таныстыру.

Сынып оқушыларын түгендеу.

Сабақтың мақсатын хабарлау.

Мұғалім: Бүгінгі сайыс сабағымызды елбасымыз Н.Назарбаевтың «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидиарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» сөзімен ашқым келіп тұр.

Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

Туған жердің шежіресі өседі.

Менің елім-Қазақстан,Отаным,

Болашағы бізбен бірге өседі, дей келе сайыстың топтарымен таныстырып өтейін:

1-тобымыз: «Жас қыран» 2-тобымыз: «Барыс»

Ойын кезеңдері:


  1. «Бәйге»

  2. «Тіл өнері»

  3. «Таза тақта ойыны»

  4. «Атамұра-асыл қазына»

  5. «Көкпар»

  6. «Жорға»

  7. «Егер де мен …»

  1. «Бәйге» Әр команда мүшесі бір-бірден сұрақтарға тез жауап беру.

«Жас қыран» тобына сұрақтар

1) Үйсіндердің астанасы

2) Үйсіндер басшысының атағы

3) Қарапайым егіншіліктің табылған орны

4) Үйсіндердің қолөнері мен үй кәсіпшілігі тығыз байланысты болған сала

5) Тәж тәрізді әшекейлі бас киім табылған жер

6) Қаңлылар соғыс бола қалған жағдайда қанша жауынгер жасақтай алды?

7) Қаңлы елінің билеушісі

8) Қаңлы елінің астанасы

9) Қаңлылардың негізгі шаруашылыққа қосымша айналысқан кәсібі.

«Барыс» тобына сұрақтар

1) Қазақстан аумағынан қаңлылардың қанша теңгесі табылды?

2) Ғұн билеушісі

  1. 20 шақырымдық арықтың атауы

  2. Шаньюден кейінгі басты тұлға

  3. Цинь патшалығы кімдерден қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын салды

6) Каталаун шайқасының өткен жылы

7) Еділ туралы жазған тарихшы

8) Ғұндар ыдыс-аяқ жасауға қандай материал пайдаланған?

9) Бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу әдісі қалай аталады?

10).Мына тарихшылардың қайсысы сарматтар туралы жазбаған


  1. «Тіл өнері»

Мақал-мәтелдегі көп нүкте орнына с.өзді тауып,орыс тіліне аудару

Туған жердей _ _ _ болмас,

Еріншек _ _ _ істейді.

_ _ _ пейілді болса,

шәкірті зейінді келеді.

Білім-теңіз,мектеп- _ _

Отансыз _ _ _ ормансыз бұлбұл.

Көсем ел бастар, шешен _ _ _ бастар.

_ _ _ - қорқақ, қол-батыр.

_ _ _ - ананың бауыр еті.

Жылы-жылы сөйлесең

_ _ _ інінен шығады.


  1. «Таза тақта ойыны»

Тақтада сөздер жазылады, бір-бір оқушы шығып өзі білетін сөзді таңдап, оған ауызша түсініктеме береді.

Еділ, 400-453 ж.ж, Этногенез, Сыма Цянь, Таңба

«Цянь Ханшу», Мөде, Пұшық-Мардан, Қос ішекті

Бес ішекті, Түменбасы, Геродот


  1. "Атамұра-асыл қазына"

Ұлттық салт-дәстүр бойынша сұрақтар беріледі.

1. Киізден шашақтап әшекейлеп жасалған ыдыс-аяқ салатын дорба.

2. Қойдың жазғытұрымғы ұйысқан салалы жүні.

3 .Ас пісіретін қазанды оттан көтеріп, күйдірмеу күйе жұқтырмау үшін жасалған екі қолғап қалай аталады?

4. Қалыңдықтың бас киімі.

5. Киізден ойып жасалатын төсеніш.

6. Табиғи талшық түрі


  1. «Көкпар»

Әртүрлі тапсырмалар беріледі, топ мүшелері бірігіп орындайды.

«Бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен,орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы сұсты. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Дауысы күмістей сыңғырлайды әрі құлаққа жағымды.»

Сұрақ:

Бұл кімнің сөзі және кім туралы айтқан?

Толықтыру тест:

Ғұндарды сипаттаған рим тарихшысы:_________

Аттиланың сырт келбетін суреттеген Византия елшісі: _________________

«Аттила» операсын жазған Италияның атақты композиторы:______________


  1. «Жорға» Топ басшылар сайысы.


  1. «Егер де мен … . »

Бірнеше тақырыптар ұсынылады. Соның біреуін алып,оқушылар өз ойын айтады.

«Егер де мен Президент болсам …»

«Егер де мен ауыл әкімі болсам …»

«Егер де мен ақын болсам ...»

Қорытынды:

«Дана халқымыздың қиялына қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді жастар сендерсіңдер.Әрқайсыңның жүрегің елім деп соғады, елге,жерге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ел үшін, халқың үшін қызмет етуге міндеттіміз.»





© 2010-2022