Өз тарихымызды білеміз бе?

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сыныбы: 8«А,Б»

Күні: 20 ақпан 2015жыл АӘД кабинеті

Сыныптан тыс

шараның тақырыбы:

«Өз тарихымызды білеміз бе?»

Мақсаты:


Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру. Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру. Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу

Күтілетін нәтижелер:

А. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсінеді, сұрақтар құрастыра алады.

В. Сұрақтарға жауап бере алады, хронологиялық кесте құрып, талдай алады.

С. Мәтін бойынша түсінгенін өз сөздерімен айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады.

Керекті жабдықтар:

ноутбук, таныстырылым, флипчарт, смайликтер, стикерлер, рефлексия парағы

Қолданылатын әдіс - тәсілдер:

жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар арқылы тексеру, топтық жұмыс: ой бөлісу, венн диаграммасы, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары..

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Ұйымдастыру. Амандасу. Тренинг «» -шеңберге тұрып,

1.Тренинг арқылы тілдерін жаттықтырады, бір - біріне сыйластықпен қарап, сабаққа кіріседі.

2.Оқушылар қиық қағаздарды таңдап, 3топқа бөлінеді.

Тұсаукесер

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаевта Жолдауында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы - білім. Білім - патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі.
Олай болса биылғы жыл Конституцияның 20 жылы, ассамблияға 20, қазақ хандығының құрылғанына 550жыл, ұлы жеңіске 70 жыл тұспа тұс келіп отыр олай болса сіздермен бүгінгі сайысымызды бастаймыз.

  1. Алдымен сайыс шарттарымен таныстырап өтейін

1 - кезең: Бәйге
2 - кезең: Ғажайып әлем
3 - кезең: Флипчарт
4 - кезең: Маңызды сегіз сұрақ
5 - кезең: Тұлғаны таны

1 - топқа
1. Еліміздің оңтүстік астанасы: (Алматы)
2. Астана қаласының символы: (Бәйтерек)
3. 1993 ж. 15 - қарашада болған оқиға (Валюта енгізілді)
4. Тарихтың атасы: (Геродот)
5. Тәуке ханның заңдар жинағы: (Жеті жарғы)
6. «Мен қазақпын» поэмасының авторы: (Ж. Молдағалиев)
7. Елбасымыздың мамандығы: (Инжинер - металлург)
8. Қазақтың соңғы ханы: (Кенесары)
9 «Алтын адам» қайдан табылды? (Есік қорғанынан)
10. Күйші, сазгер, дирижер, домбырашы: (Н. Тілендиев)
ІІ - топқа
1. Жоғарғы Заң шығарушы органы: (Парламент)
2. Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған мемлекет: (Түркия)
3. «Екінші ұстаз» атанған ғұлама (Әл - Фараби)
4. Қазақтың тұнғыш ғарышкері (Т. Әубакіров)
5. Қазақстанда отарлау саясатын жүргізген мемлекет: (Ресей)
6. 100 жылды өтпелі кезеңді қалай атайды?(ғасыр)
7. Қ. Р - ның туының авторы (Ш. Ниязбеков)
8. Қазақ жеріне шығыстан қауіп төндірген мемлекет (Жоңғар)
9. Әмір Темір қай жерде қаза болды (Отырарда)
10. Тасқа салынған сурет (Петроглифтер)

1. Оқушылармен бірге шарамыздың мақсатын анықтау, әр тапсырмаға бағалау критерийлерін құру, әр жұмысты талдап, бір - біріне бағалау фишкаларын ұсыну, әр топ бір - біріне сұрақтар қойып, жауап алу, әр жауапқа толық талдау жасау.

Шарты: топқа жеке - жеке он сұрақтан қойылады. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай.

Негізгі

бөлім

«Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі.

2 - кезең: Ғажайып әлем
Шарты: бұл кезеңде 3 тақырып берілген. Әр тақырыпта 10 нан 40 қа дейінгі сандар жазылған. Әр ұяшықтың астында тақырыптарға сәйкес сұрақтар жапсырылған.
1. Есімдер сыр шертеді
2. Ұлы тұлғалар
3. Өлең тарихтың ажары
1. Есімдер сыр шертеді.
10 ұпай. Абылай ханның шын есімі: Әбілмансұр
20 ұпай. Шоқан Уәлихановтың шын есімі: Мұхамад - Қанафия
30 ұпай. Қабанбай батырдың шын есімі: Ерасыл
40 ұпай. Әйтеке бидің шын есімі: Айтақ
2. Ұлы тұлғалар.
10 ұпай. Бұл тарихи тұлға 1802 - 1847 ж. ж аралығында өмір сүрген Абылай ханның немересі. 1837 - 1847 ж. ж болған ұлт - азаттық көтерілістің басшысы, қазақтың соңғы ханы: Кенесары Қасымұлы.
20 ұпай. Бұл тарихи тұлға ұлтымыздың ағарту саласында көп еңбек еткен. Қазақ даласында бірінші болып қыздарға арнап мектеп ашқан ағартушы педагог, балалар әдебиетінің атасы. Ыбырай Алтынсарин.
30ұпай. Ол - жазушы. Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы. 2010 жылы ол кісінің 100 жылдық мерей тойы тойланып, Алматы қаласында ескерткіш орнатылды. Оның «Генерал Панфилов», «Ұшқан ұя», «Артымызда Москва» т. б еңбектері белгілі. Бауыржан Момышұлы.
40 ұпай. Ол - ұлт - азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тілі мен әдебиет тану ғылымдарының негізін салушы. Өзінің сенімді достары Ә. Бөкейханов, М. Дулатов пен бірге 1913ж. бастап ұлттық «Қазақ» газетін шығарып, оның жұмысына жетекшілік етті. Ахмет Байтұрсынұлы.
3. Өлең сөзің ажары.
10 ұпай.
Ағынды менің Ақсуым
Арқырап әлі ағарсың
Ақиланған ашумен
Ақтарды асқар сабағын. І. Жансүгіров «Ағынды менің Ақсуым»
20 ұпай.
Мектетегі балалар
Айтайын біраз сөзімді
Ұядағы түлектей
Білімге сал көзіңді. Қ. Терібаев «Оқушы жастарға»
30 ұпай.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем
Мен оның құдіретті үнін сүйем
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған
Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған. М. Мақатаев «Отан»
40 ұпай.
Қазағым, елім
Қайқайып белің
Сынуға тұр таянып
Талауды малың
Қанауда жаның
Аш көзіңді оянып. Кімнің өлеңі? А. Байтұрсынұлы «Жиған - терген»


3- кезең: Флипчарт Керей мен Жәнібек және Абылай хан

1. Берілген ресурс бойынша жұмыстану.(берілген жұмыс түрлерін оқушылар белгілі уақыт ішінде өзара бөліп алып орындайды) Ресурс бойынша постер жасау, қорғау.

4 - кезең: Маңызды сегіз сұрақ

Шарты: Бұл сайыста әр сайыскер сан таңдайды, артында пән аттары, және сол пәнге байланысты сұрақтар жасырылған. Дұрыс жауап 10 ұпай.
1. Математика: Әл - Фараби 870ж. туылып, 950 ж. қайтыс болды. Ол қазір неше жаста, неше жыл өмір сүрді. (1141 жаста болар еді, 80 жыл өмір сүрді.)
2. Қазақ тілі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай? Ол Конституцияның нешінші бабымен бекітілген? Конституцияның деген сөз қай септікте тұр? (Қазақ тілі; 7 бабымен; Ілік септігінде)
3. География: Қазақстан территориясының көлемі дүние жүзі бойынша нешінші орын алады? Онда неше облыс бар? (9 орын; 14 облыс)
4. Биология: Қазақстандағы қорықтар саны қанша? Оларды ата? Қандай аңдар мен құстар мекендейді?
5. Әдебиет: Абай Құнанбаев кім? Оның жазушылығы мен қатар қандай қырын білесіңдер? Еңбектерін ата? (Ұлы ақын; Аудармашы;)
6. Тарих: Сырым Датұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды? Көтеріліс қанша жылға созылды? (1783 - 1797ж. ж; көтеріліс 14 жылға созылды)
7. Музыка. Бөкей ордасының Жиделі деген жерінде дүниеге келген, сазгер, аспаптық м00узыканың классигі, аса көрнекті күйші кім? Еңбектерін ата: (Құрманғазы Сағырбайұлы, «Ақсақ киік», «Қайран шешем», «Адай» т. б)
8. Спорт әлемі: Афины олимпиадасында алтын медальға ие болған кім? Және спорттың қай түрінен? (Бақтияр Артаев, бокстан)

«Пилот және навигатор» әд.

1. - ресурс мәтінімен танысу; - хронологиялық кесте құру;

- сұрақтар құру;

- мәтін бойынша қысқаша әңгімелеу.

2. Екі тілек, бір ұсыныс әдісі бойынша бағалау.

Қорытынды

Тұлғаны таны

Терминология


Оқушылар стикерге тілектерін жазып, тәрбие сағатынан алған әсерлерімен бөліседі.


Шараның өзіндік талдауы.


Сыныптан тыс шара жақсы өтті деп ойлаймын, өйткені жоспарлаған тапсырмалардың барлығы орындалып, оқушылар белсене қатысып, өз білімдерін тиісті деңгейде көрсете білді. Мақсатына жетті. Күтілетін нәтижеде көрсетілгендей, А, В, С деңгейіндегі оқушылар берілген тапсырмаларды орындай алды. Ресурс бойынша бір - біріне түсіндіріп, талдап, жұмыс түрлерін бөліп алды (топта отырған оқушылар «Пилот және навигатор» әдісі бойынша қазақ оқушылары өзге ұлт өкілдеріне екі тілде түсіндіріп отырды, сондықтан олар толық түсініп алды).

Сабақ барысында қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқуда АКТ-ды пайдалану» модулі бойынша компьютерді тұсаукесер бөлімінде ой толғауға арналған презентация, суреттер көрсету үшін қолдандым; «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі бойынша постер жасау, оны қорғау, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі бойынша оқушылар бір - бірімен пікірлесіп, жақсы нәтиже көрсетті; «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша фишка, рефлексия парағы, екі тілек, бір ұсыныс әдісі бойынша өзара, өзін - өзі бағалау жүріп тұрды.


© 2010-2022