Ислам діні 9 сынып Күнтізбелік сабақ жоспары

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Дінтану

Сыныбы: 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ислам діні

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ислам діні оның тарихы, мәдениеті және діннің хақ

екенін оқушыларға түсіндіру.

Дамытушылық: Алла жолы қашан да ақ жолға бастайтынын

ұғындыру арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау

қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Діннің халыққа беретін тәрбиелік өсиетін, ізгілікке

шақыратынын түсіндіріп, оқушыларды адалдыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, кітаптар көрмесі, қоржын,

асық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа материалды үйренуге дайындық кезеңі.

Кез- келген саналы адамның соңғы табан тірер байламы - ИСЛАМ. Тегіміз- түрік, дініміз - ислам - деп елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай бүгінгі тақырыбымыз Ислам діні.

Бүгінгі сабағымыз қайталау сабағы болғандықтан,сабағымыз ойын түрінде өткізіледі.

Ойынымыз 4 бөлімнен тұрады:

  1. бөлім «Мен өз ойымды айтқым келеді»

  2. бөлім «Сиқырлы қоржын»

  3. бөлім «Дебат» Хиджап кию қазақ қыздарының парызы ма?

  4. бөлім « Ойлан тап »

Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді.

  1. Топ- «Ислам»

  2. Топ - «Иман»

  3. Топ - «Рамазан»

  4. Топ - «Мүбәрәк»

Ал енді топтар өздерін таныстырып өтсе. Топтар өздерін таныстырады.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. - Бөлім: «Мен өз ойымды айтқым келеді»

  1. Топ - Исламның шығу тарихы.

  2. Топ - Құран және оның пайда болу тарихы.

  3. Топ - Ислам дініне дейінгі қазақтардың әдет- ғұрып, салт санасы.

  4. Топ - Қазақстанға исламның таралуы және оның тигізген әсері.

ІV. Білімді жан жақты сұрау,тексеру кезеңі.

2- бөлім: «Сиқырлы қоржын» ойыны.

Әр топтан 1 оқушыдан шығып, қоржыннан номерленген асықтар алып,сұрақтарға жауап береді.

№ 1 асық

  • Дүниежүзіндегі ең жас дін (ислам)

№ 2 асық

  • Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің қай қаласынан шыққан? (Мекке)

№ 3 асық

  • Меккенің орналасқан жері қандай шаруашылықпен айналысуға қолайсыз болды? (егін және мал шаруашылығы.)

№ 4 асық

  • Ислам дінінің негізін салған кім? (Мұхаммед пайғамбар)

№ 5 асық

  • Шариғат дегеніміз не?( беделді билік арқылы орындалуы міндеттелген заң,нұсқау.Құран мен сүннеттер арқылы пысықталған нұсқаулар жиынтығы.)

№ 6 асық

  • Рамазан айт мейрамы мұсылман қауымында қалай тойланады? ( Бұл мейрам мұсылмандардың ораза тұтатын Рамазан айы аяқталып,Шәууәл айының бірінші күні басталады.Мейрам үш күнге жалғасады.Мұсылмандар алғашқы күні айт намазын оқып,артынша амандық- саулық сұрасып,бір-бірін қонаққа шақырады.)

№ 7 асық

  • Құрбандық шалу дегеніміз не? (Құрбандық шалу - мұсылмандар үшін Жаратушыға жақындау үшін жасалатын құлшылық міндеттерінің бірі. «Құрбан» сөзінің араб тіліндегі мағынасы - жақын болу )

№ 8 асық

  • Қадыр түні дегеніміз не? (Қадыр түні - құран кітабі түскен,адамдардың күнәсі кешірілетін , көктен періштелер түсетін түн.Алланың мейірімі жауатын ең қасиетті түн. )

3 - бөлім Дебат «Хиджап киу қазақ қыздарының парызы ма?»

Ислам мен Иман тобы - Жақтаушы

Рамазан мен Мүбәрәк - Даттаушы.

4 - бөлім «Ойлан,тап! »

Топтар өздері дайындап келген Сөз жұмбақты шешу.

V. Жаңа материалды бекіту және оқушылар білімін бағалау кезеңі.

Осымен ойынымыз аяқталды. Қатысушы топтарға алғыс айтылады. Сөз кезегі қатысушы мұғалімдерге беріледі.

VІ. Үй тапсырмасын хабарлау және оған нұсқау беру кезеңі:

Қайталау













© 2010-2022