Сабақ жоспары XVIII ғасырдағы қазақ батырлары

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Степная орта мектебі» КММ




Сабақ жоспары: XVIII ғасырдағы қазақ батырлары



Өткізген: Байгамысова Бахытгуль Ауесхановна





Жітіқара 2017 жыл

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: §31. XVIII ғасырдағы қазақ батырлары

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Оқушыларға жоңғарларға қарсы күрескен қазақ батырлары, олардың ерлігі жайында кеңінен мәлімет беру, Қазақ тарихындағы батырлардың алатын орнын анықтау.

  • Дамытушылық: Қазақ батырларының ерлігіне тарихи тұрғыдан баға бере білуге дағдыландыру, танымдык қабілеттерін арттыру.

  • Тәрбиелік: Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақ батырларының ерлігін үлгі етуге, құрметтеуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: Аралас сабак, әңгіме.

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: Батырлардың суреттері, Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасын сүрау.

Қазақ билері жайында оқушылардан кысқаша сұрау. Кем дегенде 2-3 оқушыны сөйлету. Төрт оқушыға Қазыбек, Төле, Әйтеке билер және Тәуке ханға байланысты сұрақтар жазылған карточқалар беріліп, жауаптары тыңдалады. Бұдан соң үй тапсырмасын қысқаша қорытындылаймын. Дәптерге жазуға берілген тапсырма бойынша үш оқушыны тексеріп бағалаймын.

ІІІ. Жаңа сабақ

Өтілетін сабактын тақырыбы мен жоспары алдын ала жазылып қойылады. Ооқушыларды сабақтың тақырыбы және негізгі мақсаттарымен таныстырып өтемін.

Сабақ жоспар:

1. Жоңғар-ойрат мемлекетінің құрылуы.

2. Қазақ батырлары.

  • Жоңғар мемлекеті.

  • Батыс Монғолия жерінде, жоғарғы Ертіс, Алтай, Тар-бағатай еңірінде құрылған.

  • Құрылған уақыты - XVIII ғасыр (1635-1640 жылдар).

  • Сипаты - аскери-көшпелі.

  • Мемлекет билеушісі - қоңтайшы.

  • Тайпалар - торғауыт,чорос, дөрбет, хошауыт т.б. Бұлар дүрбіт-ойрат деп аталған.

Бұдан әрі балаларға жоңғарлардың Қазақ жеріне жасаған шапкыншылығы туралы түсіндіремін. Жоңғарлар да қазақ халқы сияқты көшпелі мал шаруашылығымен айналысқандықтан мал жайылымы оларға тарлық етеді. Оның үстіне ойрат тайпалары шығыс монғол (халха), манчьжур Қытайдан көп қысымшылық көрді. Сондықтан жоңғар нояндарын Қазақ елінің шұрайлы жерлері үнемі қызықтырады. Бұл шапқыншылықтың басты себебі болып табылады.

Жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы ХУІІ-ХУШ ғасыр аралығын қамтиды.

Ең қасіретті жыл деп 1723 жылды айтуға болады. Себебі тарихтағы әйгілі қырғын «Ақтабан шүбырынды, Алкакөл сұлама» осы жылы болған. Бұдан соң оқушылардың назарын «Елім-ай» әніне аударамын. Сабақ жоспарындағы екінші тақырыпшаға кеңінен тоқталамын. Ең алдымен жоңғар шапқыншылығы кезінде қол бастаған, ел мен жерді қорғау кезінде ерлік көрсетіп, аты аңызға айналған батырлар жайында қысқаша әңгімелеп беру.

Батырлар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақ Жәнібек, Баян батыр, Райымбек, Малайсары т.б.

Бұдан кейін оқулық және дәптермен жұмыска 10 минуттай уақыт беремін.

1-тапсырма

Осыған байланысты төмендегідей кестені толтырту.

Қабанбай батыр

Бөгенбай батыр

Наурызбай батыр

Баян батыр

Өмір сүрген уақыты


Ерлік істері


Кестені толтырып болған соң 3-4 оқушыдан әр батырлар жайында, олардың ерлік істері туралы түсінгендерін айтқызамын.

2-тапсырма

1 2

3 Бөгенбай батыр 4

1 4 1 4

Қабанбай батыр Наурызбай батыр

2 3 2 3

3 Баян батыр 4


  1. 2


  1. Туған жылы, туған жері

  2. Шын есімі немесе берілген аты

  3. Көрсеткен ерлігі

  4. Қайтыс болған жылы

3- тапсырма

Тест

XVII ғасырдағы Қазақ батырлары
1. XVII ғасырдың 30-жылдары Батыс Монғолия жерінде құрылған, Қазақ хандығына ерекше қауіп төндірген мемлекет
А) Жоңғар
В) Ресей
С) Өзбек
Д) Шайбани
2.Қабанбай батырдың шын есімі
А) Ақжол
В) Ерасыл
С) Ақиық
Д) Ақша
3.1778 жылы қайтыс болып, Түркістандағы Ахмет Йасауи кесенесіне жерленген қазақ батыры
А) Бөгенбай
В) Қабанбай
С) Наурызбай
Д) Баян
4.Қазақтың ұлы ақыны дастан арнаған, қазақ-жоңғар соғысының батыры
А) Бөгенбай
В) Қабанбай
С) Наурызбай
Д) Баян

Қорытынды кезең.

Жаңа сабақты бекіту мақсатында төмендегідей сұрақтарды қоямын

  • Жоңғар шапқыншылығы жайлы не білесіндер?

  • Қазак елін жат жерлік жаулардан қорғаудағы батырлардың үлесі қандай болды?

  • Бөгенбай жоңғарларға қарсы шамамен қанша жорыққа катысты?

  • Жоңғарларға қарсы жүргізілген көптеген ұрыстарда Қабанбай қандай міндет атқарған?

  • Жоңғарларға қарсы күресте ерлік көрсеткен басқа қандай батырларды білесіңдер?

Бекіту:

Үй тапсырмасы:

1. Жоңғарларға карсы күресте ерлік көрсеткен батырлардың ерлік істері туралы қосымша оқып, жеке бір батыр туралы дәптерге қысқаша әңгіме жазғызу.

2. 31-параграфты окып келу.



© 2010-2022