«Ежелгі үнді мәдениеті» (6 класс)

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ежелгі дүние тарихы

Күні: Сыныбы: 6 "а" Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі үнді мәдениеті

Сабақтың мақсаты: Жалпы үнді мәдениетіне тоқтала отырып, Ману заңдарына, буддизмге сипаттама беру.

Білімділік: Ежелгі Үнді мәдениеті, өнер білім негіздерін жетілдірудегі ерекшеліктерін көрсету.

Дамытушылық: Өз бетімен ізденуге, шығармашылық, зерттеу жұмыстарын орындауға үйрету, таным белсенділігін жетілдіру.

Тәрбиелік: Рухани байлығын арттыру, ұлттық құндылықтарды сүйе білуге ддағдыландыру, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, оқулықпен жұмыс, сұрақ - жауап, мәтінмен жұмыс, топтық жұмыс.

Сабақ көрнекілігі: Карта, дәптер, бор, сурет.

Сабақ жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

III. Сабақа кіріспе: Оқушыларды сабақтың мақсатымен талаптарымен және жоспарымен таныстыру.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

V. Мәтінмен топтық жұмыс

VI. Бекіту сұрақтары

VII. Оқушылардың білімін бағалау

Сабақ барысы: Мұғалімнің жаңа тақырыпты түсіндіруі; Үй тапсырмасын тексеру; - Балалар үйге қандай тапсырма берілді? Ендеше балалар үй тапсырмасын сұрау " Кім жылдам" ойыны арқылы жүргізіледі. - Барлығымыз дайынбыз ба? Ал ендеше бастайық.

1. Азияның оңтүстігіндегі үшбұрыштана теңізге сұғына еніп жатқан үлкен түбек қалай аталады? ( Үндістан )

2. Гималай тауынан бастайтын қанша өзен бар аттарын ата? ( 2 )

3. Қай өзеннің жағалауында егістік алқаптар болды? ( Ганг)

4. Қоймаларда қандай дәнді - дақылдардың қалдықтары табылды? ( Бидай, арпа, көкөністердің қалдықтары )

5. Ежелгі Үндістанда табылған металл түрлерін ата? ( Алтын, мыс, қорғасын т.б )

6. Ежелгі Үндістаннан табылған жазу неше таңбадан тұрады? ( 400 )

7. Кімдер " Раджа" деп аталады? ( Тайпа көсемдері )

8. Магадха мемлекеті қай ғасырда күшейді? ( Б.з.б VI ғасыр )

9. Магадха сарайында бүлік шығарған сарай қызметкерін ата? (Чандрагупта)

10. Үнді мемлекетін бір орталыққа біріктіру қай патшаның тұсында жүзеге асты? ( Ашок )

Жаңа сабақтың жоспары:

1. "Махабхарата"

2. "Рамаяна"

3. Ману заңдары

4. Будда діні

5. Өнер білім негіздері

6. Қорытынды

Жаңа сабақа кіріспе:

Ежелгі дүниедегі ән мен жыры көп халықтардың бірі - үнділіктер. Олардың өмірі мен тұрмысы туралы "Махабхарата" және "Рамаяна" дастандарында жырланған. Бұл шығармалар ауыздан - ауызға тарап, ұрпақтан - ұрпаққа жеткен туындылар.

"Махабхарата" дастанында он тайпа билік үшін күреседі. Олардан кейінірек екі тайпа қалыптасты. Біріншісі - кауравтар, екіншісі - пандавтар. Кауравтарды Ганг өзенінің солтүстік жағалауы, ал пандавтарды Ганг өзенінің оңтүстік жағалауындағы тайпалары қолдады. Екі жақтың арасындағы соғыс - 18 күнге созылды. Бірде - бір жақ, келесіде екінші жақ жеңіске жетіп отырды. Ақыры пандавтар жеңіске жетті.

"Рамаяна" дастанында үнділіктердің Аиодхий атты жерінде Дашарата есімді патша өмір сүріпті. Ол үнділіктердің арғы атасы Манудың ұрпағы. Дашаратаның 3 әйелінен 3 ұлы болыпты. Үлкен ұлы Рама өзінің ерлігімен, қайырымдылығымен, намысшылдығымен ерекшеленеді. Ол өзінің жары Ситаны ертіп шетелге аттанады. Ормандағы маймылдарға өзінің әйелі Ситаны табалмай жүргендігін айтады. Сол кезде өте ақылды, білгір Хануман атты маймыл Ситаның Ланка аралында, Раваннаның қамауында екенін біліп береді.

Ману заңдары - үнділіктердің мәдени жетістіктерінің бірі. Оны үнділіктердің арғы атасы Ману шығарды дейді.Ману заңдарында - ежелгі үнділіктердің шаруашылығы, басқару жүйесі, әлеуметтік жағдайы, әдет - ғұрыптары туралы жазылған.

Ежелгі Шығыстың көптеген елдеріндегі сияқты Үндістанда да алғаш әр түрлі құдайларға сену кең таралды. Брахмандар жаңа діндерді ойлап шығарды. Солардың ішінде халық арсында қолдау тапқаны Буддаға табыну болды. Оның негізін қалған Сиддхардһа Гаутама. Кейіннен Буддизмнің қандай елдерде тарағанын картадан көрсетіп, будданың дүниежүзілік дінге айналуын баяндау.

Өнер білім негіздері бойынша үнділіктер өнерінің тамаша туындылары- діни сарайлар мен храмдар туралы айтылады. Біріншісі - ашық жердегі храмдар, ол тастан, кірпіштен тұрғызылған, екіншісі - үңгір ішіндегі храмдар. Ашық жердегі храмдардың төбесі бидай түйетін келі сияқты күмбезделіп тұрғызылған. Айналасы қоршалып, төрт жағынан сәнделген бұл храмдардың зерленген қақпасы болғанына тоқтала отырып, тақтада ілулі тұрған қақпаның суретіне сипаттама жасаймын. Онда Будда мен оның мөрі бейнеленеді. Тастан күйдірілген қыштан шеберлер әртүрлі мүсіндер жасады.

Үнділіктердің жыл санауы бойынша 1 жыл 360 күн, 12 айға, бір ай 30 күнге бөлінді. Олар ертеден ондық санау жүйесін пайдаланды. Қазіргі біз жазып жүрген сандарды арабтар үнділіктерден үйренген. Дәрілерді арнайы емдік шөптерден жасады.

Мәтінмен топтық жұмыс:

1 - топ "Махабхарата"

2 - топ "Рамаяна"

3 - топ Ману заңдары

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Ежелгі дүниедегі ән мен жырға бай елді ата?

2. Махабхарата дастанында неше тайпа билік үшін күреседі?

3. Өзінің ерлігімен, қайырымдылығымен, намысшылдығымен ерекшеленген Дашаратаның үлкен ұлының есімін ата?

4. Ману заңдарында елді басқару тәртібі туралы не делінген?

5. Буддизм қалай пайда болды?

6. Үнділік күнтізбе, есептеу және емдеу тәсілдері қандай?

Үйге тапсырма: §16 оқып, мазмұндау

© 2010-2022