Разработка урока на тему Шаруашылық пен қоғамдағы өзгерістер

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Шаруашылық пен қоғамдық өмірдегі өзгерістер.

Уақыты: 17. 11. 2010

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға қола дәуіріндегі климаттың өзгеруі, Беғазы Дәндібай мәдениеті, андрондықтардың шаруашылығы, қоғамдық құрылысы мен зергерлік өнері туралы білім беру. Дамытушылық: Топпен жұмыс істеу арқылы оқушылардың өз ойын ашық білдіріп, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, сыныптас достарын сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты игеру сабағы

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, тест

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, тірек-сызбалар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі (5 мин.)

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары.

  1. Климаттың өзгеруі.

  2. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.

  3. Шаруашылығы.

  4. Қоғамдық құрылысы.

  5. Зергерлік өнері.

Топпен жұмыс. Сынып оқушылары бес оқушыдан бес топқа бөлінеді. Топтардың аттары: «Қыран», «Алғырлар», «Бәйтерек», «Тұлпар», «Жас талап».

Оқушыларға мәтін бөліктері оқуға беріледі. Барлығы оқып болғаннан кейін, топтар кезектесіп мұғалім таратқан карточкалардағы сұрақтарға жауап береді.



Карточка № 1

  1. Бұдан үш мың жыл бұрын еліміздің табиғаты қандай болды?

  2. Климаттың өзгеруі мал шаруашылығына көшуге қалай әсер етті?

  3. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?



Карточка № 2

  1. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшіліктері неде?

  2. Б-Д. мәдениеті обаларының ерекшіліктері қандай?

  3. Осы мәдениетке жататын қыш құмыралар қандай болды?

  4. Б-Д. мәдениетін жоспарлы зерртеу қашан, кімнің бастамасымен басталды?



Карточка № 3

  1. Қола дәуірінде адамдар қандай мал түрлерін өсірді?

  2. Қола дәуіріндегі тұрғын үйлер қандай болды? Оларды сипаттап айтып беріңдер.

  3. Қола дәуірінде табылған қол және мыс орақтар Қазақстанның қай жерлерінен табылды?



Карточка № 4

  1. Қола дәуірінде Қазақстан тайпаларының қоғамдық құрылысы қандай болды?

  2. Мал мен жерді иеленудің қандай ерекшіліктері болды?

  3. Қола дәуірінде әлеуметтік теңсіздіктің өсуі жерлеу орындарында қалай байқалды?

  4. Абыздар немен айналысты?



Карточка № 5

  1. Қола дәуірінде қандай әшекей бұйымдар жасалды?

  2. Самай сырға дегеніміз не?

  3. Андрондықтар жыртқыш аңдардың тісінен, тастан не жасады?

Рефлексия.

Бағалау. Топ басшылары өздеріне берілген бағалау парағы бойынша топ мүшелерінің жұмысын бағалайды.



Үй тапсырмасы: параграф № 9 (мазмұндау, тест сұрақтарын құру)





© 2010-2022