Урок по История Казакстан на тему Ыбырай Алтынсарин (5 класс)

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Қазақстан тарихы. 5 класс
Сабақтың тақырыбы: §37. Ыбырай Алтынсарин - ағартушы, педагог.
Сабақтың мақсаты: Ы. Алтынсариннің өмірі, ағартушылығы, қызметімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық , іздемпаздық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларға Ыбырай Алтынсаринның өмірін үлгі ету.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі : Сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Мақал- мәтелдер, Ы. Алтынсариннің суреті, сөз жұмбақ.
Сабақтың барысы:
І.Психологиялық дайындық . Қызығушылық ояту.
Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар оқылық» өлеңі оқылады.
II. Мағынаны тану. «Ыбырай Алтынсарин кім болды?» сызбасын толтыру.

Оқушыларды Ы. Алтынсарин өмірімен таныстырамын.

Ыбырай Алтынсарин (шын аты - Ибраһим, 1841-1889) - қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.

Туып-өскен жері - Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобол өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.

1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857-1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.

1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді.

Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.
Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868-1874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876-1879) қызметін атқарады.
Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді.
Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды.
ІІІ.«Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметі» сызбасын толтыру.
ІV.« Ойлан » Ы.Алтынсариннің қандай әңгімелерін білесіңдер?

1.
2.
3.V. Сөз жұмбақ « Ыбырай »
IV. Жаңа білімді бекіту.
1. Ы.Алтынсариннің жазған оқулықтарын ата
2. Қазақ балаларының білім алуы үшін не істеді?
3. Қай қалада қыздарға арнап мектеп ашты?
4. Ы.Алтынсариннің балалық шағы туралы не білеміз?

Тақтадағы сөздерді пайдаланып, мақалдар жазу.

VI. Үйге тапсырма:
1.Тақырыпты оқып келу .
2. Ы.Алтынсариннің өмір тарихына байланысты тест құрастырып келу.

VII. Оқушыларды бағалау.


© 2010-2022