Сабақтың тақырыбы: Қазақ ұлы хандары

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Қазақ ұлы хандары
Мақсаты:
Оқушыларға хан,би, батыр ұғымдарының мәнін ашу және XVIII ғасырдағы қазақ билері мен батырларының қоғамдағы алар орны, қазақ халқының бұрынғы сот төрелігі, билік айту жүйесімен таныстыру, қазақ билерінің өмірі, өнегелі істері жайында мәлімет беру.

Сабақтың түрі: интерактивті
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап,әңгемелеу.
Көрнекілігі: слайд.
I. Ұйымдастыру
II. Ой шақыру.
Тарихта қазақ хандығын басқарған қандай хандарды білесіңдер? Қазақ билерінен кімдерді білесіңдер?
Қазақ батырларынан кімдерді білесіңдер?
III. Үй тапсырмасын сұрау

Кубик лақтыру арқылы сұрау I.Кубик. «Қазақ» атауы - дегенде нені түсінеміз?

Жошы хан қайда билік құрды?

Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаушы кім?

Жошы хан қай жылы қайтыс болды?

II.Кубик . Алтын Орда мемлекеті дағдарысқа қай ғасырда ұшырады?

1428 жылы билікті кім иеледі?

Жәнібек пен Керей қайда көшті?

«Қазақ» терміні нешенші ғасырларда толық орнықты?

III. Кубик. 1.Әбілқайырдан болінген рулар қай жерде бас қосты?

2.Ұлы жүз қай жерде орналасты, орта жүз деп кімдер атанды,кіші жүз қай жерде орналасты?

3.Қазақ хандығы нешенші жыл орнады?

4.Қазақ хандығын кім басқарды?


Жаңа сабақ: Қазақ хандары,билері, батырлары

Қазақ хандары. Алаша хан, Уыз хан, Жошы хан, Қазақ хандары.
Қазақ билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
Ақылы асқан әз Тәуке
Жоңғар мемлекетінің құрылуы
Қазақ батырлары
Мағынаны тану:

Қазақ хандарынан кімдерді білеміз? Қазақ хандарының бойында қандай қасиеттер болған? Қазақ хандары елін, тұған жерін құрметтеген, игі жақсылықтарды сыйлаған.Отанын сыртқы жаудан қорғаған.Елі үшін өмірінде қийған
Қазақ билерінен кімдерді білеміз?
Қазақ билерінің бойында қандай қасиеттер болған?
Шешен - ақылды, заңгер, ойшыл, дана, көреген, елші. Ұлы билер
XVII ғасырдың екінші жартысында әлсіреген Қазақ хандығын нығайтып, сыртқы жауға қарсы күрес жүргізуде Ұлы билердің қосқан үлестері зор болды
Төле би
- 1663 - 1756 ж. ж өмір сүрген. Ұлы Жүздің төбе биі. Жамбыл облысы, Шу өзені Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Дулат тайпасының Жаныс руынан. Қазақ мемлекеті тарихындағы атақты саяси қайраткер. Тәуке хан тұсында ұйымдасқан Билер кеңесінің мүшесі
- Жеті Жарғы Заңын жасаушылардың көрнекті өкіл
-«Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» атанған.

Қазыбек би
- 1667 - 1764 ж. ж. өмір сүрді. Сыр бойында дүниеге келген. Орта Жүздің биі. Арғын тайпасының Қаракесек руынан. Қазақ хандарының ақылшысы, елші - мәмлегер, дипломат.
- Жоңғар хандығына елшілік, мәмлегерлік жолмен үш рет барған Асқан шешен, ел басқарған, дау - жанжалды шешкен.

Әйтеке би (Айтық)
- 1682 - 1766 ж. ж. өмір сүрген. Кіші Жүздің биі. Әлім тайпасының Төртқара руынан шыққан.
- Аты аңызға айналған ақыл - ой алыптарының бірі, 12 жасына дейін әкесі Ақшаханның тәрбиесінде болып, ел басқару мен әскери өнерді меңгерген.
- Бұхар мен Самарқан медреселерінде араб - парсы тілдерін үйренген.

Халқымыздың тарихында бұл атақты үш бидің алатын орны ерекше. Ұлы билер өз заманында елін, жерін жаудан қорғап, халықтың бірлігін, ынтымағын, салт - дәстүрін сақтап қалуда зор еңбегін сіңірді. Олардың есімдері тарихымызда мәңгі сақталады. Ұлы билердің қара қылды қақ жарған билік кесімдері бүгінгі таңдағы ел басқарып жүрген әкімдерімізге үлгі - өнеге болуға тиісті. билік басындағы азаматтарымыз дәл осы Ұлы билеріміздей болса, халқымызда қандай өнегелі ел болар еді.


Қазақ батырларынан кімдерді білеміз?
Қазақ батырларының бойындағы қасиеттерді атаңыз?
Батыр - ақылды, ержүрек, қолбасшы, елін сүйген, ерен
Азаттық үшін күрескен

Ой толғаныс
Цифрлар сыры неде? (ойын)
Сәйкестендіру
Бөгенбай -------------- Дарабоз батыр
Қабанбай -------------- Батыр
Наурызбай ------------ Алатаудай Ақша батыр
Баян ---------------------- Шапырашты
Жәнібек ----------------- Шақшақ

тест

1.Қазақ хандығының алғашқы территориясы

А)Жетісу, Шу алқабы В)Сарыарқа С)Солтүстік Қазақстан

2Қазақ хандығы қай хандықтың тұсында күшейді?

А) Жәнібек В)Керей С).Қасым

3.Қазақ хандығының негізін қалаушы тұлғалар

А). Керей мен Жәнібек В)Әбілхайыр мен Есенбұға С)Шыңғыс хан мен Қасым хан

4.Бетпақдаладағы Таңбалы Нұрада қандай шешім қабылданды?

А)Әбілхайырға қосыламыз В)Жеке ел боламыз С) Қытайға көшіп кетеміз

5.Жәнібек пен Керей ханды қарсы алған Моғолстан ханын ата?

А) Жошы В) Әбілхайыр С) Есенбұға

6.Әбілхайыр мемлекетінде өзбек, қазақ, қатаған, ноғайлы ұлыстарының рулары болды. Оларды бәрін ,

А) "тоқсан екі баулы қыпшақ" В) "Алаш мыңы" С) қазақтар 7.Қазақ хандығының құрылған жылдары: А) 1227-1228жж В)1465-1466жж С)1219-1220жж

8. «Қазақ» атауы қандай мағынаны білдіреді? А)Бостандық сүйгіш, ержүрек, еркін адамдар В) Көшпелі мемлекет С)ру, тайпа, халық, ұлт аты Кім жылдам?

Оқушыларды бағалау: Житон арқылы

Үйге тапсырма:

Ұлы хандар туралы өз ойларын жазу


Бекітемін:

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары



© 2010-2022