Поручной план Әбілқайыр хандығы

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚПоручной план Әбілқайыр хандығыосбармақова Гүлбағида Мирханқызы

Қызылорда обл. Қазалы ауд. Қожабақы ауылы

№25 мектептің тарих пән мұғалімі

Қазақстан тарихы 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Әбілқайыр хандығы

Сабақтың мақсаты:Білімдік: Әбілқайыр хандығының жер аумағы, халқының құрамы, ішкі-сыртқы саяси жағдайы жайлы баяндау, хандықтың әлсіреу, ыдырау себептерін ашу.

Дамытушылық: Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін ажырата білуге, қорытынды шығара білуге үйрету.

Тәрбиелік: Хандықтың нығаюына және әлсіреуіне тікелей себеп болған қазақ тайпаларының күшті ықпалын көрсете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың негізгі ұғымдары: Шайбани ұрпағы Әбілқайырдың билік басына келуі, оның мемлекетінің нығаюы. Хандықтың әлсіреу себептері мен одан қазақ тайпаларының бөлінуі.

Сабақтың көрнекіліктері: « ХІV -ХV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» картасы, слайдтар, қосымша тарихи оқулықтар, интерактивтік тақта, т .б.

Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, мәтінмен жұмыс, кесте толтыру

Сабақтың түрі: жаңа сабақты игеру.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Үй тапсырмасын сұрау.§26 ХІV-ХVІ ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.

Сұрақтар; 1.Ноғай Ордасының құрылуына қандай саяси жағдайлар әсер етті?

2.Орданың жер аумағын картадан көрсетіңдер.

3.Ноғай Ордасының негізін қалаған Едіге туралы қандай тарихи деректерді білесіңдер?

4.Орданың өмірінде маңызды орын алған Сарайшық қаласын сипаттаңдар.

5.Мемлекеттің ыдырауына не себеп болды?

6.Батыс Сібірде түрік тайпаларының мекендегенін қандай деректер дәлелдейді?

7.Ибақ хан қандай саясат жүргізді?

3.Жаңа сабақ. §28. Әбілқайыр хандығы.

І.Қызығушылықты ояту.Ребус пен математикалық есепті шығару арқылы жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жазу.

Поручной план Әбілқайыр хандығы

Миға шабуыл. 1.(350×4)+(4×7)=? 2.(250×4)+(222+246)=?

Сонымен біз бүгін өтетін жаңа сабағымыз Әбілқайыр хандығы туралы болады.Оқушылар жаңа сабаққа жоспар жасайды. (Себебі алдыңғы сабақтарда өткен Алтын Орда, Ақ Орда мемлекеттерінің мазмұндық жүйесі ұқсас.)

Жаңа сабақтың жоспары:

1.Әбілқайыр хандығының құрылуы.(Тарихи өмір сүрген уақыты, жер аумағы, орталығы.)

2.Халқының этникалық құрылымы.

3.Саяси жағдайы. (Мемлекеттің ішкі, сыртқы жағдайы)

4.Хандықтың әлсіреуі.

ІІ.Мағынаны тану. Сынып оқушыларын үш топқа бөліп,жоспар бойынша мәтінмен дайындалуға 10 минут уақыт беріледі.Топ мүшелері мәтінді оқып болған соң плакатқа тірек сызба немесе тірек сөздерді жазып, жобаны сол плакаттың көмегімен қорғап шығады. (Оқушылар бір бірін толықтырып, қалып қойған жерін айтып немесе қателігі болса түзетулер жасалынады.)

1-топтың жобасы.Әбілқайыр хандығының құрылуы, жер аумағы.

-- Әбілқайыр 1428 жылы хан сайланды. Әбілқайыр - Жошы ханның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы.(1.Орда,2. Батухан,3.Бөрге,4. Тоқайтемір ( Абылайханның арғы атасы), 5.Шайбани)

--Әбілқайыр жастайынан жетім қалып, Жұмадық ханның қолында өскен.

--16 жасында маңғыттардың қолына тұтқынға тұседі.

--17 жасында 20-астам тайпа, 200 астам ақсүйектер хан сайлайды.

--«Шайбани ұлысы», «Әбілқайыр ұлысы», «Өзбек ұлысы», «Өзбек хандығы»

Хандықтың алып жатқан аумағы.

Поручной план Әбілқайыр хандығыСолт.Тобыл,Ертіс өзендері

БПоручной план Әбілқайыр хандығыПоручной план Әбілқайыр хандығыПоручной план Әбілқайыр хандығыат.Жайық өзені Әбілқайыр хандығы Шығ. Балқаш көлі.

Оңт. Арал теңізі, Сырдарияның төменгі ағысы.

2-топ.Әбілқайыр хандығының нығаюы.

Хандықта жер үшін,ел үшін, билік үшін талас тартыс күшейіп тұрды.

-1430ж.-Тобыл өзенгі бойында Махмұд Қожаны жеңді, Уқас биді жеңіп өзіне қаратады.

-ХVғ. 40-жылдар Балқаштың батыс бөлігін қосып алады.

-Сыр және Қаратау аймақтары - Жәнібек пен Керей сұлтандар билік етті.

-Әскері 15-тен астам ірі ру-тайпалардың әмірлері қосылды.(қоңырат, ұйғыр, үйсін, өкіреш найман)

-1431ж. Екіретүпте Тоқа-темір ұрпақтарын жеңіп, Орда-Базар қаласын тартып алады.

-Астанасы: Тура( 1428ж.), Орда-Базар(1431ж.), Сығанақ(1446ж.)

-Әбілқайыр 1446 жылы Атбасар маңында Мұстафа ханды тас-талқан етеді.

-Әбілқайырдың ендігі мақсаты Орта Азияның атақты қалаларын басып алу, Жетісу аймағына шабуыл жасау. 1446ж. Самарқанды басып алды.

3-топ. Халқының этникалық құрамы. Хандықтың әлсіреуі.

-Батый ханның Шайбанй ханға найиан, бұрұқ, қарлұқ қосып берген.

-Қият, маңғыт, өкіреш найман, үйсін, қоңырат. «Тоқсан екі баулы өзбек» Тарихшы Рузбихан дерегі: 1-шайбани, 2-қарақалпақтар, 3-қазақтар (ең көбі және ержүректері қазақтар еді дейді.)

-Әбілқайыр 1456-1457 жылдары Сығанақ қаласы түбінде Ұз-Темір тайшы бастаған ойраттармен соғыста жеңіліп қалды.

-1468 жылы Әбілқайыр Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қайтыс болады.

ІІІ. Ой толғаныс. Кесте толтыру.Тура( 1428ж.), Орда-Базар(1431ж.), Сығанақ(1446ж.)

Этникалық құрамы

Түркі тілдес тайпалар. «92 баулы өзбек», Рузбихан дерегінде хандық негізінде үш халықтан - шайбани, қарақалпақтар, қазақтар

Саяси жағдайы

1446 жылы Әмір Темірден Созақ, Аққорған, Үргенішқалаларын алды. 1456-1457 ж. Ойраттардан жеңілді. ХV ғ. 50жылдарында Керей мен Жәнібек Моғолстанға кетті.

2. Адасқан әріптерді орына қою арқылы Тарихи тұлғалардың аттарын табу. Әр қатардағы әріптерден артық бір әріп қалады.Одан қазақтың алғашқы ханының есімі шығады.

1.ОНАҒКЙ ................... . 1.Ноғай К

2.ЕРБІЛӘҚАЙЫ ........................... .. 2.Әбілқайыр Е

3.МТАЫСРТОҚ ............................ .. 3.Тоқтамыс Р

4.ДЕГЕІЕ ....................... .. 4.Едіге Е

5.ҚАЙБЙ ..................... .. 5.Ибақ Й

ІV.Сабақты бекіту мақсатында тест орындату.

Тест тапсырмалары.

1.Әбілқайырдың Балқаш өңірін бағындырған жылы. А)ХІІ ғ.40ж. В)ХІVғ. 40ж. С)ХVғ.40ж.

2.Әбілқайыр ханның жорық кезінде көп күш жұмсаған жері. А)Хорезм В)Сыр өңірі мен Қаратау С)Еділ бойы

3.Әбілқайыр ханның Сығанақ, Созақ, Аркөкті жаулап алған жылы. А)1446ж. В)1429ж. С)1457ж.

4.Әбілқайырдың билік еткен жылдары. А)1414-1428жж. В)1416-1426жж. С)1428-1468жж.

5. «Көшпелі өзбекмемлекетінің » алғашқы астаналары. А)Сығанақ, Сауран В)Орда-Базар, Тура С)Алмалық, Қарақорым

6.Әбілқайыр хан қай жерде қайтыс болды. А)Аққыстау (Алматы маңы) В) Сығанақта С)Қаратауда

7.Әбілқайыр жастайынан жетім қалып кімнің тәрбиесінде болды? А)Жошының ханның В)Темірдің С)Жұмадық ханның

8.Рузбихан дерегі бойынша Әбілқайыр хандығы негізгі үш халықтан тұрады, олардың ішіндегі ең көбі және ержүректері деп кімдерді атады? А)шайбанилер В)қарақалпақтар С)қазақтар

9. 1428жылы Әбілқайырды қанша ақсүйек-шонжарлар қолдап хан етіп сайлады? А)20 В)200-ден астам С)71-ден астам

10.Әбілқайыр 16 жасында кімдердің қолына тұтқынға түседі? А)маңғыттарға В)ойраттарға С)жоңғарларға

V.Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.

VІ.Үйге тапсырма: §27 оқып келу, қосымша тарихи томдардан (Қазақ тарихы №2 том,157 бет)оқу, тест сұрақтар құрастыру.







© 2010-2022