План урока на тему Қазақтардың Отан соғысына қатысуы в 8 классе

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні

Уақыты

Сыныбы 8А

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: 1812 жылғы соғыс туралы хабарды қазақтардың қалай қарсы алғаны, ұрысқа

қатысқандар туралы мәлімет беру

2. Дамытушылық: оқулықпен өздігінен және топ болып жұмыс істеу дағдыларын дамыту

3. Тәрбиелік оқушыларды ұлтаралық қарым - қатынасқа, достыққа тәрбиелеу

Көрнекілік карта, кесте

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,тестпен жұмыс, оқулықпен жұмыс

Пәнаралық байланыс: дүниежүзі тарихы

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері: І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут).

1. Амандасу. Оқушыларды түгендеу

2. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру

ІІ. Үй жұмысын тексеру

  1. ХІХ ғасырдың І ширегінде Қазақстанды басқару туралы қандай заң шықты?

А) Сібір қазақтарының Жарғысы

Б) Жетісу қазақтарының Жарғысы

В) Сырдария қазақтарының Жарғысы

С) Жайық қазақтарының Жарғысы

  1. 1855 жылы қай қалада екі қалалық жәрмеңке өтті?

А) Петорпавл

Б) Орынбор

В) Омбы

С) Семей

  1. Ресей үкіметі 1803 жылы көпестерге қандай рұқсат берді?

А) тауарларды тегін өткізуге

Б) қазақтарға үлкен баж салығын төлеуге

В) өздерін қорғайтын қарулы топ ұстауға

С) қалаған елді мекенде сауда жасауға

  1. Жатақтар дегеніміз кімдер?

А) отырықшы шаруалар

Б) орыс көпестері

В) кен орындарына жалданған қазақтар

С) қалаларда тұратын бай саудагерлер

  1. «Сібір қазақтары туралы Жарғыны» кім жасады?

А) П.И.Рычков

Б) П.К.Эссен

В) І Александр

С) М.М.сперанский

6. Сібір қазақтарының Жарғысының басты мақсаты қандай?

А) Қазақстанға орыс шаруаларын әкелу

Б) Қазақстанға капиталистік қатынастарды енгізу

В) хандық билікті күшейту

С) әкімшілік, сот, саяси басқаруды күшейту

7. Сібір қазақтарының Жарғысы Қашан шықты?

А) 1798 ж

Б) 1802 ж

В) 1812 ж

С) 1822 ж

8. Сібір қазақтарының арғысы бойынша Қазақстанда неше сатылы әкімшілік жүйе құрылды?

А) 2 сатылы (окург, ауыл)

Б) 4 сатылы (ауыл, уезд, округ, облыс)

В) 3 сатылы (ауыл, болыс, округ)

С) 5 сатылы (ауыл, болыс, округ, облыс, уезд)

9. Кіші жүздегі хандық билік қашан жойылды?

А) 1822 ж.

Б) 1824 ж.

В) 1826 ж.

С) 1828 ж

10. Кіші жүздің соңғы ханы кім?

А) Арынғазы

Б) Шерғазы

В) Уәли

С) Бөкей

11. Бөкей хандығы қашан құрылды?

А) 1781 ж.

Б) 1791 ж.

В) 1801 ж.

С) 1811 ж.

12. Кіші жүзді басқару туралы Жарғы қалай аталды?

А) Сібір қазақтарының Жарғысы

Б) Орынбор қазақтарының Жарғысы

В) Омбы қазақтарының Жарғысы

С) Семей қазақтарының Жарғысы

13. Бөкей Ордасындағы хандық қай кезге дейін сақталды?

А) 1795 ж

Б) 1825 ж.

В) 1835 ж.

С) 1845 ж.

14. Ресейдің әкімшілік сатысы бойынша 12 класқа жататын шенеунктерге теңелгендер:

А) болыс сұлтаны

Б) Аға сұлтан

В) Ауыл старшыны

С) генерал - губернатор

15. «Жарғы» бойынша сот істері нешеге және қалай бөлінді?

А) үшке - қылмыстық істер, талап ету, болыстық басқармаға шағым айту

Б) төртке - қылмыстық істер, талап ету, болыстық басқармаға шағым айту, мұрагерлік жайы

В) екіге - қылмыстық істер, талап ету,

С) беске - қылмыстық істер, талап ету, болыстық басқармаға шағым айту,мұрагерлік жайы, жер мәселесі.

ІІІ. Үй жұмысын қорыту

ІҮ. Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ресейдегі Отан соғысына қазақтардың көмегі

  2. Қазақтардың Отан соғысына қатысуы

Қазақ , орыс халықтарының байланысы шаруашылық және мәдени салалармен ғана шектеліп қалған жоқ. Ол жоңғар шапқыншылығына, Қоқан билеушілерінің езгісіне, жалпы жауға қарсы күрестерде шыңдалды.

  • Балалар Ресейдегі Отан соғысы туралы не білеміз ?

(Оқушылар дүние тарихынан алған білімдерімен толықтырады.)

1 тапсырма:

Орыс халқына Отан соғысы кезінде қазақ халқы қандай көмектер көрсетті?

Соғыс қарсаңында Ресейге іргелес жатқан Орынбор арқылы қазақтардың сауда, шаруашылық байланыстары біршама жолға қойылған еді. Наполеон армиясымен соғыста атта әскер ерекше рөл атқардыМал өнімдері - арзан сапалы ет, көлік

Риддер, Зыряновск, Белоусовка кеніштері майдан қажетіне мыс, қорғасын балқытуды үдетті

Қазақ жұмысшылары соғыс керегіне ақша жинады.

Елтон тұз өндіру кәсәпорны 1 млн пұт тұз жөнелтті, орыс әскерінің пайдасына 22 мың сом ақша жинады

Әскери қослыстарға қазақтардың қатысуы - орынборгуберниясында 40 кавалериялық полк құрылды, оның ішінде 28 башқұрт, 5 орынборлық, 2 тептяр полк, т.б.

1812 ж. 6 шілдеде Ресей мемлекетіне соғыс қаупі төніп келе жатқандығы туралы І Александр патшаның арнайы манифест - үндеуі қабылданды. Ел азаматтары Отанды қорғауға шақырылды, манифест түрлі халықтар тіліне де аударылды.

2 тапсырма

Отан соғысы туралы хабар Қазақ жеріне қашан және кім жариялады?

  • Орынбор губернаторы Г.С.Волоконский соғыс туралы хабарды ауылдарға 1812 ж. қазақ - қараша айларында жеткізді.

Қазақ елі арасында орыс халқын қолдап, жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған, екі ел достығы рухын көтеруге ат салысқандардың бірі - старшын Байсақал Тілекұлы еді.

3 тапсырма:

Отан соғысына қатысқан қазақтың жігіттері

Қазақтар осы башқұрт полкі құрамында Кобленц, Мангейм, Нанси, Сен - Диезье елді мекендері үшін ұрыстарға белсене қатысып, 1814 жылғы наурызда император І Александрдың бұйрығымен Парижге жеңімпаздар ретінде кірген әскери күштер қатарында болды.

Қазақтардың 1812 ж. соғысқа қатысуы - екі халықтың әскери бауырластығын нығайтқан ерекше оқиға болды.

Ү.Жаңа сабақты бекіту сұрақтары


  1. 1812 ж. соғыстың басталуы туралы хабарды қазақтар қалай қабылдады?

  2. Отан соғысына қатысқан қандай қазақ жігіттерін білдік?

  3. Қазақтардың 1812 ж. соғысқа қатысуы екі халықтың әскери ынтымақтастығына қалай әсер етті?

ҮІ. Жаңа сабақты Қорыту

ҮІІ_Үй тапсырмасы Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.

Шығармашылық тапсырма: 15 тест сұрақтарын құрау

ҮІІІ. Бағалау

«Тексерілді» «_______» 20____


© 2010-2022