Білгілер сайсы «Ұлттық валюта-теңге»

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білгілер сайсы «Ұлттық валюта-теңге»
Мақсаты: Қазақстанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, кітап көрмесі, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылады, слайд шоу қазақ ақшалар, кестелер,ұпай беру үшін ақшалар қолданылады

Эпиграфы: «Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байюына және гүлденуіне ықпал етсін» (Н. Ә. Назарбаев)


1-жүргізуші: Қайырлы күн, оқушылар!

«Ұлттық валюта-теңге» атты білгілер сайсын бастаймыз.

Кіріспе сөз:

Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі-ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасының төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз ҚР Президенті 1993жылы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша күні таңертең сағат 8:00 ден бастап енгізілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.
Жүргізуші:
Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз.Сондықтан да бүгінгі 6 сынып оқушылар арасында «Ұлттық валюта-теңге» сайысына қош келіпсіздер!
Сайыскерлерді ортаға шақырайық
І топ -
ІІ топ -
Сайысқа келіп отырған оқушыларымызға сәттілік тілеп, әр топ жүлделі орыннан көрінсін деген тілекпен, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Баға берер топтарға ,
Қара қылды қылышпен қақ жаруға .
Әділқазы алқасын біз сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.
Бүгін білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1

2

3

Алдымен сайысымызды бастамас бұрын бейнематериал кориік
Сайысымыз келесі турдан құрылды:
1-ші тур- «Бәйге»
2-ші тур- «Полиглот»
3-ші тур- «Кара жәшік »
4-ші тур- «Тарии шарадалар»

1-ші тур «Бәйге» Барлық 16 сұрақ беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай
1. Казақстан Республикасының валютасы- Теңге
2. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы- Инфляция
3. ҚҰБ банкінен басқа тенге сарайы қай қалада орналасқан - Өскемен.
4.Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі- Валюта
5. Көрсетілген, белгіленген баға - Номинал
6. Айырбас деген ұғым нені білдіреді - Бартер
7. Алғаш монеталар қай ғасырда пайда болды - V ғасырда ежелгі Грецияда
8. Кез-келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар - Ақша
9. Англияның ақшасы - евро

10. Теңгенің бүгінгі долларға қарағанда бағамы - 1доллар-370 теңге

11. Теңгенің авторлары - Т. Сулейменов, Қ.Ғабжалилов, М.Әлін, А.Дүзелханов

12. Теңгенің алғашқы банкнотында бейнеленген Ұлы тұлғаларды ата - Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Абай, Әбілхайыр, Абылайхан

13. Ең бірінші теңге бағамы - 1 АҚШ $ 4,75 теңге

14 Ұлттық теңгеміз қашан айналымға шықты. - 15 караша 1993жылы

Жүргізуші:
Жарайсыңдар осымен І тур аяқталды
Келді кезек «Полиглот» шешуге,
Жауаптарын беруге үш тілдерде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Жақсы баға шәкірт саған несібе.
2-ші тур «Полиглот» 2 топқа 5 сұрақтан. (Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай, 5 минут уақыт беріледі.)
1. Жүздің көркі - көз, ауыз көркі - ……
Cөз - слово- word
2. Тамшы тас жарады, тас жармаса …… жарады
Бас- голова- head
3. Өнер алды - қызыл ………
Тіл - язык - tongue
4. Жақсы байқап сөйлер, ………. шайқап сөйлер.
Жаман - плохой- bad
5. …………. жылатып айтар
Дұшпан күлдіртіп айтар
Дос- друг-friend
6. Көп сөз күміс, аз сөз …….
Алтын- золото- gold
7. Мектеп - кеме, білім - …….
Теңіз - море - sea
8. Денсаулық - зор ……..
Байлық - богатство - rihes
9. Білім сандығы - ………
Кітап -книга - book
10. Асық ойнаған азады,
….. ойнаған тозады
Доп- мяч- ball
Жарйсыңдар
Жүргізуші:
3-ші тур «Кара жәшік »

1 Ол өсімдік талшықтарын белгілі бір тәсілмен өңдеу және бір-бірімен ұйыстыра байланыстыру арқылы жұқа парақ түрінде жасалатын материал. Италиянша bambagіa, яғни мақта деген ұғымды білдіреді; кейін осыдан барып қағаз сөзі өмірге келді. Тұңғыш рет ІІ ғасырда Қытайда жасалды, Еуропада ХІ-ХІІ ғасырларда пайда болды. Шикізат есебінде ағаш, целлюлоза талшықтары қолданылды.

2 Металл немесе басқа да материалдық нақты жасалған банкнота нысаны, салмағы мен қадiр. Шағын өзгеруіне Қазіргі уақытта қол жетімді коллекциялық, естелік және инвестициялықты болады.

4-ші тур- «Тарии шарадалар»

Алғашқы түбір сөз -
Қай сан? Тап.
Екінші түбір сөз -
Сұйық зат,
Екеуін қосып оқысаң
Жерге қойған ат.
(Жеті + Су = Жетісу)

Алғашқы буыны -
Ұя ішіне жиған,
Екінші буыны -
Шөпке тұнған,
Екеуін қосып оқысаң -
Илеп, кірпіш құйған.
(Бал + Шық = Балшық)

Анаграммалар
"Б" - дан бастасаң -
Жейтін тамақ,
"Б" -ны алып тастасаң -
Байтақ аймақ.
(Бөлке - өлке)

"Б" - дан бастасаң -
Киім киетін,
"Б" алып тастасаң -
Жеміс теретін.
(Бөрік - өрік)

Жүргізуші:
Болмасын ешбір сын - өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды қорытындылау үшін, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Жүргізуші:
Осымен сайысымыз аяқталды. 6 сынып оқушыларына белсене қатысқан үшін, жанкүйірлерге, бәріңізге де көңіл қойып көргендеріңіз, тындағандарыңыз үшін көптен-көп рахмет айтамын!

1. Жүздің көркі - көз, ауыз көркі - ……

2. Тамшы тас жарады, тас жармаса …… жарады

3. Өнер алды - қызыл ………


4. Жақсы байқап сөйлер, ………. шайқап сөйлер.

5. …………. жылатып айтар Дұшпан күлдіртіп айтар


6. Көп сөз күміс, аз сөз …….


7. Мектеп - кеме, білім - …….

8. Денсаулық - зор ……..

9. Білім сандығы - ………


10. Асық ойнаған азады, ….. ойнаған тозады




© 2010-2022