Урок: Солтүстік Қазақстан (6-сынып)

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні

Сыныбы

Тақырыбы

Мұғалімнің аты-жөні

Мерзімі

Ежелгі Қазақстан тарихы

6

Солтүстік Қазақстан

Алтынбаева Ж.М.


Сілтеме

Білім стандарты.Бағдарлама.Ежелгі Қазақстан тарихы оқулық 6-сынып,оқыту әдіс, интернет көздері.

Мақсаты

Солтүстік Қазақстан аймағында ерте темір дәуір ескерткіштерінің мәдениетінің әсерін білуге көмектесу,өз беттерінше оқуға дағдыландыру.

Міндеттері

А Барлық оқушылар білуге тиіс: Жаңа тақырыптың мазмұнын өз бетінше аша алады, салыстыра біледі, талдай алады, өз ойын қорытып үйренеді.

В Оқушылардың көпшілігі білуге тиісі , топпен жұмыс жүргізе отырып, жауапкершілікті сезіну, өздігінен іздене отырып меңгеру.

С Кейбір оқушылар білуге тиіс: алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге; өз бетінше оқуға дағдыландыру;

Күтілетін нәтиже

Солтүстік Қазақстан аймағында ерте темір дәуір ескерткіштерінің мәдениетінің әсерін біледі,өз беттерінше оқуға дағдыланады;

Негізгі идея

Солтүстік Қазақстанның ерте темір кезеңінің тарихы - бұл баға жетпес асыл мұрамыз

Тапсырмалар

Сұрақ-жауап,картамен жұмыс,сызба жасау,оқулықпен жұмыс,кесте толтыру

Ресурстар

Оқулық 6-сынып,оқыту әдістемесі, жұмыс дәптері, интернет көздері

уақыты


Сабақ кезеңдері


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


Әдіс-тәсілдері


2 мин

Психологиялық ахуал

Сергіту сәті


Оқушылармен сәлемдесу

Сергіту жаттығуын жасату

Оқушыларды екі сөзді таңдату арқылы топқа бөлу

«Шөжелерім»әніне қимыл-қозғалыс жасау.

Оқушылар «Асыл мұра» және «Көшбасшы» болып екі топқа бөлінеді.


8 мин

Мағынаны тану

1. Ерте темір дәуірінде Қазақстанды қандай тайпалар мекендеді
2.Ежелгі заманда Сарыарқаның батысында қандай тайпа тұрған еді?
3.Сарыарқа жерінің ескерткіштері неліктен «Мұртты » қорғандар деп аталған
4.Орталық Қазақстан ескерткіштеріндегі «мұртты» обалар неше жерлеу орындарынан тұрады?
5. Сарыарқаның ерте темір дәуір ескерткішін қандай мәдениет деп атайды
6. Орталық Қазақстанды мекен еткен тайпалардың шаруашылығын ата
7. Сарматардың өмір сүрген мерзімін ата



Оқушылар берілген сұрақтарға жылдам жауап береді.

Мұғалім бағалауы


«Кім жылдам?» (жуан- жіңішке сұрақтар)

5 мин

Картадан көрсет:

1 .Сарыарқа,Қазақстанның қай бөлігін алыпжатқан аймақ? (Орталықбөлігін)

2. Орталық Қазақстан жерінен алғашқы ескерткіш қай жерден табылды? (Павлодар облысы Екібастұз ауданы)

3. Сарматтар Қазақстанның қай аймағын мекендеген? (батыс, Арал Каспий маңы)

4. Сақтардың мекендеген негізі аумағы қай жер?


Сұрақтарға жауап беру.

Картадан көрсету

Формативті бағалау

«Менің елім осындай» (картамен жұмыс)

8 мин


Кіріспе

Ал, ерте темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар қандай тайпалар еді және олар Қазақстан жеріне қалай таралып, қоныстанған еді.
Олай болса, Ерте темір дәуірінде Солтүстік Қазақстанға да осылар сияқты тайпалардың ескерткіштері таралған екен, Сонымен біздің бүгінгі тақырыбымыз Солтүстік Қазақстандағы ерте темір дәуірі ескерткіштеріне арналады. Жаңа тақырып: Солтүстік Қазақстан.

Топта өзара әрекет етеді.

Сұраққа жауап беру,картадан көрсету.


Жұптық,топтық бағалау


«Ой қозғау»


18 мин

Негізгі бөлім

Екі топқа оқулықтан тыс қосымша материалдардан Ерте темір дәуірінің ескерткіштері туралы мәлімет таратылады.

1. Ақтау бекініс қалашығы
2. Қарлыға, Бөркі, Кеңөткел
3. Орталық Қазақстандағы ескерткіштер
4. Мұғалім мәліметті өзі толықтырады

3 минут уақыт ішінде топ мүшелері мәліметпен танысып, келесі топқа өздеріне берілген мәліметті жеткізеді.

Жеке, жұпта,топта талқылау (кесте, сызба жасау)

Топтық бағалау


Мәтінмен жұмыс.

2 мин

Қорытынды бөлім


1 Солтүстік Қазақстан оңтүстік шегінде Орталық Қазақстанмен, солтүстігінде Батыс Сібірдің орманды далаларымен шектесіп жатыр.

2 Аргиппейлер туралы сипаттаған Страбон

3 Солтүстік Қазақстан ескерткіштері Ұлыбай - Тасмола деп аталады

4 Солтүстік Қазақстан тайпалары мал шаруашылығының отырықшы түрімен айналысқан.
5 Ең көп өсірген малы - сиыр
6 Ақтау бекініс-қалашығы 5 қорғаныс қамалдан тұрды

Топқа тарихи сынақ хат береді.





Оқушылар, мен сіздерді бекерден - бекер «Асыл мұра», «Көшбасшы» деп 2 топқа бөлген жоқпын. Біздің бүгінгі сабағымызда танысқанескерткіштеріміз, Солтүстік Қазақстанның ерте темір кезеңінің тарихы - бұл баға жетпес асыл мұрамыз, Ал мол мұраны келешекке айнытпай жеткізетін, көздің қарашығындай сақтайтын болашағымыз, еліміздің көшбасшылары мына сіздер. Бір-біріңді қолдап, ынтымақта, білімді, тәрбиелі, өнегелі болып,еліміздің бір кірпіші боп қалануларыңа тілектеспін.


Сұрақтарға дәлелдеме арқылы жауап береді


Жетістік критерийлері




1. Ертедегі грек тарихшысы .............. айтуынша савроматтар «биік таулардың баурайында тұрған» ...................... көрші болған
2. Тіл білімі мамандары ----------- сөзін латын тілінен ...................деп аударады.
3. .......... 6-8, кейде ............ жылда бір қайталанып тұрады.

Мұғалім бағалауы

«Иә» «Жоқ»






«Тарихи сынақхат»

2мин

Рефлексия


  1. Бүгінгі сабақта саған не қиын болды?

  2. Бүгінгі сабақта сен үшін не маңызды болды?

  3. Өзіңнің жақсы жакаптарыңа қуанған сәттерің болды ма? Қай тапсырмада?



Келесі тапсырма

1. Тақырыпты мазмұндау
2. Ұлыбай-Тасмола мәдениеттерінің
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдау
3.Асыл мұраларымызды сақтау - адами парзымыз (ойтолғау)




© 2010-2022