Жұлдызды сәт ойыны «Крест жорықтары»

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жұлдызды сәт ойыны

«Крест жорықтары»

Мақсаты: Шіркеу мен феодалдардың жаңа жерлер басып алып, байыған үстіне баий түсуді көздеген басқыншылық саясатын ашып көрсету.

Христиан дінінің ортағасырлық Еуропа қоғамындағы орны мен қызметі туралы оқушылардың ой - пікірін, қөзқарасын қалыптастыру.

Көрнекілігі: Карта, суреттер, Хронологиялық кесте, интерактивті тақта.

Ойын шарты бойынша балаларды екі топқа бөлеміз. «Шашу шашу» Алған кәмпиттердің қағазына қарап топтарға бөліну
Әр топ өздерін таныстырады.

Әр топқа тапсырмалар беріліп, ол тапсырмалар «геймдерге» бөлінеді.

І-гейм «Викториналық сұрақтар»

І топқа

1.Византиядағы шіркеу басшысы? ( константинополь патриархы)

2. Батыстағы ресми тіл? ( латын)

3. Қай кезге дейін христиан шіркеуі біртұтас болып саналды? ( ХІ ғ ортасы)

4. Батыста кімдерге үйленуге рұқсат етілмеді ? (монахтарға)

5. Католик қандай мағынаны білдіреді? ( бүкіләлемдік)

6. Патриарх басқарған шіркеу қалай аталады? ( православиелік)

7. Рим папасының ерекше тігілген бас киімі? ( тиара)

8. Епископтар мен архиепископтардың ерекше белгілері? (митра мен асатаяқ)

9. Монах қандай мағынаны білдіреді? (жалғыз)

10.Бірінші крест жорығы қашан болды ? (1096)

  1. ж. 4 крест жорығын ұйымдастырушы? (ІІ Урбан папа)

12. Кресшілер мақсаттары?

ІІ- топқа

  1. Батыстағы шіркеу басшысы? (рим папасы)

  2. Шығыстағы ресми тіл? (жоқ)

  3. Қай шіркеу дінбасылары сақал-мұртын қырмады? (православиелік)

  4. Рим папасы басқарған шіркеу қалай аталады? (католик)

  5. Православиелік қандай мағынаны білдіреді? (құдайды дұрыс мадақтайтын)

  6. Архиепископтың биік бөрігі? (митра)

  7. Монахтар қайда тұрды? (монастырда)

  8. Батыстағы ірі монастырлар қалай аталды? (аббаттық)

  9. Барлығы неше крест жорығы ұйымдастырылды? (8)

  10. Балалар жорығы қай жылы болды? (1212ж)

  11. Неліктен крест жорығы деп аталды?

  12. 1187 ж кресшілерді Палестина мен Сириядан қуып шыққан кім? (египет сұлтаны Салах-ад-дин)

ІІ-гейм. «Кім шешен?» капитандар сайысы

І-топ Крест жорықтарының жағымды жағы

ІІ-топ Крест жорықтарының жағымсыз жағы

ІІІ- гейм. Тарихи терминдер. ( мағынасын айту)

І- топ ІІ- топ

1. Аббат- 1. Ватикан-

2. Епископ- 2. Индульгенция-

3. Инквизиция- 3. Католик шіркеуі-

4. Монах- 4. Папа-

5. Патриарх- 5. Рыцарь-

ІҮ- гейм. Хронология

І- топ ІІ- топ

1. 395 жыл- 1. 1073 жыл-

2. 867 жыл- 2. 1077 жыл-

3. 1054 жыл- 3. 1198-1216 жж -

Ү-гейм. «Мен саған, сен маған»

( Әр топтың бір оқушысы келесі топтың оқушысына сұрақ жолдайды)

4. Қорытындылау.

5. Марапаттау.









































Көкшетау қаласының білім бөлімі

№10 орта мектебі















7-8 сыныптарға арналған

жұлдызды сәт ойыны

«Крест жорықтары»









Өткізген: Хасеинова Б.Ж.



















Көкшетау қаласы



© 2010-2022