Дүниежүзі тарихы пәніне арналған қысқа мерзім жоспары. Парфия патшалығы. (6 сынып)

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Парфия патшалығы 6 сынып


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Парфия патшалығының құрылуы, Арсак құрған Парфия патшалығы билеушілерінің өз шекарасын үнемі ұлғайта отырып, Римнің басқыншылық әрекетіне күйрете соққы бергендігі туралы мәлімет беру.

Міндеті :Б. Парфияның басқару жүйесі, көшпелілер және Парфия және Парфияның Римдіктерді талқандауы және оның маңызы туралы баяндау.

Д. Оқушыларға Парфия патшалығының басқару жүйесінің ерекшеліктері жөнінде түсінік бере отырып, ой-өрісін кеңейту және ойлау қабілеттерін сыни тұрғыдан дамыту.

Т. Оқушыларды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу және өз бетінше қосымша материалдар жинақтауға тәрбиелеу.

Сілтеме: Оқулық, үлестірме қағаздар, стикер, А3 қағазы, түрлі-түсті маркерлер, дүние жүзі саяси картасы.

Оқытудың нәтижелері:

1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.

2. Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді

3. Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады.

4. Оқушы өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.

Қамтылатын модульдер:

1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (диалогтық оқыту), 2-модуль СТО, 3-модуль -бағалау, 7 - модуль көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)

Қадамдар:

1. Үй тапсырмасын тексеру

2. Мәтінмен жұмыс

3. Топпен жұмыс

4. Рефлексия

5. Бағалау

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

1. Ұйымдастыру

2. Оқушының зейінін сабаққа аудару

3. Топқа бөлу

4. Мәтінді тарату

5. Үлестірме парақтар

Оқушының іс-әрекеті

І. Үй тапсырмасын тексеру

1- модуль. Диалогтық оқыту. «Түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау»

1. Кушан мемлекеті қалай құрылды?

2. Қанышке патша кезіндегі дамуы туралы не айтасыңдар?

3. Кушандықтар қандай елдермен сауда байланысын орнатты?

4. Манихей діні деген не?

5. Мүсіндеу өнері қалай дамыған?

2-тапсырма. Жаңа сабақтың мазмұнын ашу.

Модуль СТО, әдісі Постер қорғау.

Әр топқа тапсырма беріледі. Постерде қорғалады.

1 - топ «Парфия»

Парфия патшалығының құрылуы

2-топ «Арсак»

Парфияның басқару жүйесі

3-топ «Тиридат»

Көшпелілер және Парфия

4-топ «Рим»

Парфияның Римдіктерді талқандауы

3-тапсырма бойынша жаңа сабақты пысықтау. Модуль СТО, әдісі: ЖИГСО

1 - топ «Парфия»

Парфияның Римдіктерді талқандауы

2-топ «Арсак»

Парфия патшалығының құрылуы

3-топ «Тиридат»

Парфияның басқару жүйесі

4-топ «Рим»

Көшпелілер және Парфия

4-тапсырма бекіту. Модуль СТО, әдісі: «Қабырға газеті» және «Галереяға саяхат»

1-қадам: қабырға газеті - кез-келген тақырыпты болған соң, оқушылар кіші топтарда түрлі-түсті қағаздардан өздеріне ұнаған түсті таңдап, әртүрлі кекіндер қиып алады. Жанр таңдап (өлең, құттықтау, өтініш, жарлық, әңгіме, статья т.б.) өз әсерлерін, пікірлерін тақырыпты қалай түсінгендерін сипаттайды, өз сезімдерін білдіреді, оқығандары бойынша ассоциация жасап, оны кескіндерге жазады.

2 -қадам: қабырға газеті бөлме қабырғасына ілінеді

3-қадам: галереяға саяхат - мұғалім белгі берісімен, топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жапсырып кетеді.

4-қадам: галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған кластастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.

Рефлексия

Бағалау (Белгіленген критерийлер бойынша өзін-өзі бағалау, топтық бағалау)

Үйге тапсырма. §17 оқып келу. Қосымша дереккөздерден мәліметтер жинақтау.



© 2010-2022