Ашық тәрбие сағаты Озат құқықтанушы сайыс

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Құқық - әділет пен парасат жолы. «Озат құқықтанушы» сайысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың тыңдау, ойлау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.

Тәрбиелік: Конституция т.б. құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Танымдық сайыс

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, иллюстрациялық тәсіл шешендік сайыс, сөзжұмбақ жарысы.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, дүние тарихы, қазақ тілі, қазақ әдебиеті.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, заңға байланысты мерзімді басылымдар, кітаптар, буклет , заңдар жинағы, арнайы үлестірмелер (карточкалар), плакаттар.

Ойынға қатысушылар: 7 сынып оқушылары, әділ қазылар алқасы

Сайыс барысы:

  1. «Шынығу» кезеңі

  2. «Өз құқығыңды біл» кезеңі

  3. «Ойды аяқта » кезеңі

  4. «Тарих тереңіне үңілсек» кезеңі

  5. «Ой елегінен өткіз» кезеңі

  6. «Құжатты тани біл» кезеңі

  7. Өз тобының атын қорғау.

Жүргізуші:

  • Армысыздар, қадірлі қонақтар, ұстаздар,оқушылар! 3 оқушыдан құралған «Фемида» және «Эрудит» топтарының құқықтық білім сайысын тамашалаңыздар. Ойынға 2 топ қатысады. Ең көп ұпай алған топ жеңіске жетеді.

  1. «Шынығу» кезеңі

  1. ЕКОНЮС - БҰҰ -ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы

  2. АТКРДЕИЯМО - халық еркі немесе билігі;

  3. ЕНТЕЗПРИДЕ -мемлекет басшысы;

  4. УАТРА - айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім;

  5. АТТӨЛЖҰҚ - азаматтыққа куәландыратын құжат.


  1. «Өз құқығыңды біл» кезеңі (Бала құқықтары бойынша)

1 топ

  1. Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады? - (бала туған кезінен бастап)

  2. Неше жасқа толмаған адам бала болып есептеледі? - (18)

  3. Баланың өз пікірін білдіруге, ақпарат алуға, ақпаратпен идея беруге құқығы бар. Ол шектеулі ме, әлде шектеусіз бе? - (шектеусіз)

2 топ

1. Бала басқа адамдармен қатысуға және ұйымдар құруға, оларға кіруге құқылы ма? - (иә)

2. Неше жасқа толмаған баланы Отан алдындағы борышын өтеуге әскерге шақырылуға жатпайды? - (15)

3. Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (16)

3. «Ойды аяқта» кезеңі

1 топ

1. заңның құрығы............ (бәрінен ұзын)

2. Өш алғаннан гөрі ................(кешірген жақсы)

3. Туғанды биде ...............(иман жоқ)

4. Таста тамыр жоқ ................(биде бауыр жоқ)

5. Туғанына бұрғаны ............(биді құдай ұрғаны)

2 топ.

1. Әр адамның құдайы ...............(оның ары)

2. Қолыңмен істегеніңді ..................(мойныңмен көтер)

3. Жазасын тартпайтын .............(жамандық болмайды)

4. Ұрлық түбі ..............(қорлық)

5. Біреуге ор қазба ..............(өзің түсесің)

4. «Тарих тереңіне үңілсек» кезеңі

Әр топқа әлемдік құқықта, тарихта қалған негізгі заңдар мен ережелердің аттарын дұрыс хронология бойынша тізіп жазу тапсырмасы беріледі. Тапсырмалар дүние жүзі және қазақстан тарихы бойынша беріледі.

«Эрудит» тобына дүние жүзі тарихы бойынша

  1. Салон заңдары

  2. Хаммурапи заңдары (Вавилон заңдары)

  3. Орыс шындығы «Салистік шындық»

  4. Ману заңдары (Индия заңдары)

Хронологиялық тізбек бойынша (дұрыс жауабы)

  1. Ману заңдары (Индия заңдары)

  2. Хаммурапи заңдары (Вавилон заңдары)

  3. Салон заңдары

  4. Орыс шындығы «Салистік шындық»

«Фемида» тобына қазақстан тарихы бойынша

  1. Тәуке ханның «Жеті жарғысы»

  2. Шыңғыс ханның жасасы

  3. Есім ханның ескі жолы

  4. Қасым ханның қасқа жолы

Хронологиялық тізбек бойынша(дұрыс жауабы)

  1. Шыңғыс ханның жасасы

  2. Қасым ханның қасқа жолы

  3. Есім ханның ескі жолы

  4. Тәуке ханның «Жеті жарғысы»

5. «Ой елегінен өткіз» кезеңі

«Ойлан, артығы бар ма? Тапсаң, сызып таста». Берілген тапсырмадан артық сөз, ұғымдарды сызып, қателерді түзе.

Оқушы неге құқылы? «Фемида» тобына

Білім алуға, емделуге, демалуға, ұрлық жасауға, қоршаған ортаны ластауға, өз сыныптастырына кедергі жасауға.

Оқушы неге міндетті? «Эрудит» тобына

Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жаздыртуға, оқулықтарын таза ұстауға, ұй тұрғызуға.

6. «Құжатты тани біл» кезеңі ( ҚР азаматтығы туралы)

1. Шетелдіктер асырап алған, ҚР азаматы болып табылатын бала ҚР азаматтығын сақтай алады ма? - (өзі кәмелетке толғанға дейін сақтайды)

2. ҚР азаматтығына қабылдану үшін қандай шарттар қойылады? - (ҚР аумағында заңды негізде кемінде 5 жыл тұрақты тұратын, не ҚР азаматтарымен кемінде 3 жыл некеде тұратын адамдар қабылданады).

7. «Өз тобының атын қорғау» кезеңі

Әр топ сөзжұмбақ ретінде мен берген тапсырманы дұрыс орындап, терминдер атын дұрыс жаза білсе, өз тобының атын шығарып алады. Нәтижесінде Фемида және Эрудит шығады. Сөзжұмбақты жылдам, қатесіз, 1 -ші шешкен топ 10 ұпай алады.

Сөзжұмбақ сұрақтары «Фемида»

  1. Маңызды мемлекеттік мәселелердің шешуі немесе заң қабылдауы, жалпы бүкіл халықтық дауыс беру арқылы шешуді қалай атаймыз? (референдум)

  2. Мемлекеттік биліктің бірлігін жоғарылығын және дербестігін айқындайтын ұғымды атау (егемендік)

  3. Қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт? (мемлекет)

  4. Мемлекеттің негізгі заңы............ (конституция)

  5. Халықтың билік қайнары ретіндегі танылуын негіз еткен, қоғамның саяси ұйымдастыру формасын ата. ( демократия)

  6. Адамдардың жұмыс-тұрысы мен өмір сүру қалыптарын үйлестіріп, реттеу үшін мемлекет шығаратын жарлық (заң)

Сөзжұмбақ сұрақтары «Эрудит»

  1. Карл Маркстің досы (Энгельс)

  2. Пирамида және сатылы форма сипатында құрылған жүйе (иерархия)

  3. Сотта куәлік беретін адам (куәгер)

  4. Заңдар жинағын жасау (кодификация)

  5. Саясатта партиялар мен қозғалыстардың қаншалықты танымал екендігін білдіретін белгі (рейтинг)

  6. Азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүддесін қорғайтын орган (сот)

Қорытынды.

Сіздер Ата заңды құрметтеп, Отанға адал қызмет етер азамат болыңыздар, -дей отырып келесі сөз кезегін әділқазыларымызға береміз.

Осымен «» Озат құқықтанушы сайысымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет Сау болыңыздар!








© 2010-2022