Тарих сабағы 7 сынып

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 20.10.2016 жыл

Мұғалім: А.Е.Шайкенова

Сынып: 7 «А»

Пән: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Тақырып: Қыпшақ хандығы

Сілтеме: интернет желісінен қосымша материал

Оқулық: Т.С.Садықов, С.Жолдасбаев

Мақсат: Оқушыларды отандық тарихтың қыпшақ хандығы дәуірімен таныстыру, даму ерекшеліктеріне және маңызын ашып көрсету.

Күтілетін нәтиже: Қыпшақ хандығының қоныстанған жерлері, этникалық құрамы, қоғамдық құрылысы саяси жағдайын өзіндік көзқарасын білдіре отырып, сипаттай алады.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Құрал жабдықтар: интербелсенді тақта, маркер, қима қағаздар, стикерлер



Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Блум таксаномиясыкезең

уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Психологиялық ахуал

1 мин





Оқушылармен амандасу:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Көңіл-күйлерің қалай?

- Сәлеметсіз бе?

- Керемет! (смайлинк арқылы көрсетіп, жауап береді)

Тарих сабағы 7 сыныпТарих сабағы 7 сыныпТарих сабағы 7 сынып

Үй тапсырмасын тексеру

4 мин


«Шеңберге жиналу уақыты» ойыны арқылы тексеріледі.

Оқушылар үйден оқып келген параграф бойынша, оқушы «Шеңберге жиналу уақыты» арқылы бір-бірін тексереді.

Білу

2 мин

Оқушыларды топтарға бөлу мақсатында «Тәтті тілектер» ойынын өткізу. Әр оқушыға тілектер бар кәмпиттер таратылады. Түрлі түсті қағаздары қиындылары бойынша топқа бөлініп отырады.

Әр оқушы бір-біріне тілектерін айтып, топқа бөлініп белгіленге партаға отырады.

3 мин


Тақырыпқа шығу мақсатында «Қыпшақ хандығы» электрондық оқулық көрсету.

Оқушылар не түсінгенін, сабақтың тақырыбы қандай екені туралы өз ойларын ортаға салады.

3 мин

- Сендер қыпшақтар туралы не білесіңдер?

ОЙЛАН - ЖҰПТАС - БӨЛІС арқылы оқушылар қыпшақтар туралы оқушылар ойланып, әр қайсысы жеке жауап жазады. Оқушылар жұптарға бөлініп, өздерінің ең үздік деген сұрақтарын біріктіреді. Оқушылар өздерінің жаңа жақсартылған жауаптарымен сыныппен бөліседі.

Түсіну

3 мин




Көрген слайд арқылы «Конверт-сұрақ» ойыны.

Оқушыларға 1 сұрағы бар конверт беріледі, сол сұраққа әр оқушы стикерге жауап жазады,ортақ бір дұрыс жауап шығарады

2 мин

Сергіту сәті «Айгөлек» биі

Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

Қолдану

15 мин

Мәтінмен жұмыс. Елшілер

(постер жасау)

«Қыпшақ хандығы» бейнеролик бойынша оқулықты пайдаланып, постер құрайды. Әр топтың ішінен елші сайланады. Басқа топтарға барып, мәліметтерді жинайды. Әр топтың жұмысын қарсы топтар «екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.

Тарих сабағы 7 сынып

Талдау

3 мин

Әр топ мәтінді оқып шығып, сол мәтін бойынша тапсырма беріледі «көшіп-қонған жерлер» схеманы тарату. Оқушыларды смайлинктермен бағалау.
Тарих сабағы 7 сынып Тарих сабағы 7 сынып

Оқушылар мәтінді оқып шығып, «көшіп-қонған жерлер» схеманы толтырады. Тақтаға шығып талдайды.

Жинақтау

4 мин

Өткен параграфқа тарихи диктант парақшаларды тарату

Тарихи диктант сұрақтарға жауап береді.

Бағалау

2 мин

«Парақша арқылы бағалау»

Рефлексия

3 мин

-Қандай жаңа мәлімет алдың?

-Не үйрендің?

-Саған не ұнады?

-Саған не оңай болды?

-Қандай қиындықтар болды?

-Проблеманы шешуге не көмектесті?


Оқушылар ортаға тұрып, алған білімдерін ортаға салады



© 2010-2022