Сақтар. Сақ қоғамы сабақ жоспары

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сақтар. Сақ қоғамы сабақ жоспарыСақтар. Сақ қоғамы сабақ жоспарыСақтар. Сақ қоғамы сабақ жоспарыСақтар. Сақ қоғамы сабақ жоспарыСақтар. Сақ қоғамы сабақ жоспарыСақтар. Сақ қоғамы сабақ жоспарыСыныбы: 6

Пән: Қазақстан тарихы

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Сақтар. Сақ қоғамы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға сақтардың мекендеген жері, олар туралы тарихи дереккөздерді, сақ қоғамының дамуы туралы білім беру.

Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылардың өз ойын ашық білдіріп, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерін сүюге, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, тест

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, тірек-сызбалар,АКТ слайд, карта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Көшпелі бақташылықтағы жайылымдар және ондағы жұмыс түрлері туралы айтып бер?

  2. Көшпелілердің баспаналары туралы айтып бер.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың жоспары:

  1. Сақ туралы алғашқы мәліметтер.

  2. Сақ тайпаларының қоныстары.

  3. Сақ қоғамы.

Тірек-сызбамен жұмыс.

Сақтардың дереккөздердегі атаулары.


Парсы жазбалары иран жазбалары грек авторлары

«құдіретті еркектер» «жүйрік атты турлар» «азиялық скифтер»

Картамен жұмыс. Тақтада ілінген карта арқылы мұғалім оқушыларға сақ тайпаларының мекендеген қоныстарын көрсетеді.

Кестені толтыру.

Сақ топтарының аттары

Мекендері

1

Парадарайя - теңіздің арғы жағындағы сақтар

Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында

2

Тиграхауда - шошақ бөрікті сақтар

Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шаньда, Жетісуда

3

Хаумаварга - хаома сусынын дайындайтын сақтар

Мургаб аңғарында өмір сүрді

Терминдермен жұмыс.

Яксарт - Сырдария өзенінің сақ заманындағы атауы.

Окс- Әмудария өзенінің сақ заманындағы атауы.

Ратайштар - «арбада тұрғандар» (үндіиран тілінде) - сақ қоғамындағы жауынгерлердің атауы.

«Сегізаяқтылар» - сақ қоғамындағы малшылар мен егіншілердің атауы.

Сақ қоғамы.


Абыздар жауынгерлер малшылар мен егіншілер

Сабақты бекіту. Тест.

  1. Жетісуды мекендеген сақ тайпаларының атауы.

А) хаумаварга; Ә) тиграхауда; Б) парадарайя.

  1. Грек тарихшысы Геродот сақтарды қалай атаған?

А) сармат; Ә) массагет; Б) дайлар.

  1. «Сақ әйелдері ер жүрек келеді, соғыста қауіп төнгенде ерлеріне көмектесіп, ұрысқа араласады» деп жазған грек авторы.

А) Геродот; Ә) Страбон; Б) Ктесий.

  1. Сақ қоғамында құдаймен тілдесіп, оның бұйрықтарын қатардағы адамдарға жеткізушілер, олар ақ түсті киім киген.

А) патшалар; Ә)абыздар; Б) жауынгерлер.

  1. Сақтардың жақсы шабандоз болғандығы туралы жазған грек географы кім?

А) Ктесий; Ә) Геродот; Б) Страбон.

Рефлексия.


  1. Бұрыннан білемін

  1. Оқып білдім

  1. Білгім келеді

        Үй тапсырмасы: §12(мазмұндау),сұрақтар мен тапсырмалар

        Шығармашылық тапсырма: «Қазақстан жерін алғаш мекендеген тайпалық одақ» шағын шығарма жазу.





        © 2010-2022