Тәуелсіз Қазақстан (7 класс)

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: тақырып бойынша түсініктерін толықтыру; есімдік туралы

білімдерін бекіту; сөздік қорларын байыту; сауатты жазба тілі мен

еркін ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту;ҰБТ-ға дайындап, бағыттау;

туған жерге деген мақтаныш сезімін ояту

Көрнекі құрал: карточкалар, слайд

Сабақтың барысы:

І. Ынталандыру-мақсатылық кезең

1.1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру

1.2. Өткенді қайталау. Үй тапсырмасын тексеру

- Неге Ата Заң деп аталады? Қазіргі Конституция мен бұран қандай заңдар жинағы қолданылды?

- Конституция туралы не білесіңдер?

1.3. Сабақтың мақсатын анықтау.

Ой шақыру.

ІІ. Операциялық кезең

2.1.Топтарға тапсырма

1. Конституция дегеніміз не? Есімдікті талдау.

Конституция - қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндетін айқындайтын мемлекеттің Негізгі заңы.

Олардың - дара, негізгі, жіктеу, көптік жалғау, ілік септік

2.Нешінші жылы Конституция қабылданды? Сан есімдердің түрін анықта.

Мың тоғыз жүз бесінші жылдың отызыншы тамызында бүкілхалықтық референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады.

1995, 30 - реттік

3. Конституцияның құрылымы жөнінде айт. Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 тарау 98 баптан тұрады

1. Жалпы ережелер

2. Адам және азамат

3. Президент

4. Парламент

5. Үкімет

6. Конституциялық Кеңес

7. Соттар мен сот төрелігі

8. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

9. Қорытынды және өтпелі ережелер

Жай, хабарлы, болымды, жайылма, жақты, толымды.
2.2. Кіріспе әңгіме

- 1991жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі" Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы "Конституциялық заң қабылдады. 1993жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі -заңы -Конституциясы қабылданды.

- Бұл Тәуелсіз Қазақстанның жетістігі деуге болады ма? Тағы қандай жетістік атай аласыз?

2.3. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді түсініп оқы, орфографиялық қатені тап.

1991 жылы тәуелсіздік алған соң Қазақстан көп елге таныла бастады. Мемлекетіміздің рәміздері, Конституциясы, төл теңгесы бар. Басқа елдерде аналогы жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмыс істейді. Елбасының «Қазақстанның индустриялану жоспары» бойынша көптеген ірі кәсіпорындар ашылуда. Біздің еліміздің атын шыгаруда спортшылар көп үлес қосты. 2000 жылғы Сидней олимпиадасында Бекзат Сәттарханов бокстан әлем чемпионы атанды.

2.3. Семантикалық кесте толтыру

Пікір Дұрыс Бұрыс

Қазақстан халқының татулығы : Қазақстан халқы Ассамблеясы бар +

Қазақстанда ірі кәсіпорындар ашылуда +

Бойынша - есімдік +

Мемлекеттік елтаңбаның авторлары: Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков +

Талғат Мұсабаев - тарихшы +

Біздің - болымсыздық есімдігі +

Конституция күні - 16-желтоқсан +

Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранының әнін

Шәмші Қалдаяқов, Нұрсұлтан Назарбаев жазды + Бекзат Сәттарханов - Сидней олимпиадасының жеңімпазы +

ІІІ. Рефлексия

3.1. Тестілеу

1. Конституция күні -

А. 30-тамыз

В. 16-желтоқсан

С. 25-қазан

D. 22-наурыз

E. 6-шілде

2. 1995 жылы Конституция қабылданды. Сан есімнің түрін анықта:

А. Есептік

В. Бөлшектік

С. Топтау

D. Жинақтық

E. Реттік

3. Жіктеу есімдігін табыңыз:

А. Біреу

В. Сол

С. Сіз

D. Кім

E. Өзінің

4. Сидней олимпиадысының бокстан әлем чемпионы -

А. И.Ильин

В. Б.Сәттарханов

С. М.Манеза

D. Д.Тен

E. Ж.Үшкемпіров

5. «Менің Қазақстаным» әні нешінші жылдан бастап Мемлекеттік Гимн дәрежесіне ие болды?

А. 2006 жылы 7-қаңтар

В. 2006 жылы 30-тамыз

С. 1991 жылы 16-желтоқсан

D. 1992 жылы 2-маусым

E. 1997 жылы 6-шілде

Тест кілттері

1. А

2. Е

3. С

4. В

5. А

3.2. Сабақты қорытындылау. Сұрақ-жауап

- Сабаққа немен келдім /қандай біліммен/ келдім?

- Сабақта не білдім? Не түсінбедім? Қандай тапсырманы орындау қиындық туғызды? Тағы не білгім келеді? Келесі сабаққа не жоспарладым?

3.2. Үйге тапсырма беру: рәміздер, спортшылар,сын есім /топтар бойынша/ + есімдіктерді табу, түрлерін ажырату

3.3.Бағалау



© 2010-2022