Открытый урок на тему Сақтар

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сақтар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік

1. Ежелгі Қазақстан территориясында өмір сүрген сақ тайпаларының тарихын, мәдениеті мен шаруашылығын қайталау

Дамытушылық: Өз білгендерін айта отырып талдау жасау,өз көзқарасын білдіру,пікірталас туғызу. Оқушыларда табандылық, сынға төзімділік қасиеттерін баулу.

Тәрбиелік:Оқушылардың өзіндік , топтық жұмыстарын ұйымдастыра отырып, ойлау, сөйлеу, қарым-қатынас жасай білу қасиеттерін дамыту.

Топтық жұмыс процесіне байланысты міндет:

Оқушының қиялын дамыту. «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру. Әртүрлі жауапты соңына дейін тыңдау. Бір-біріне деген силастық. Оқушының өз пікірін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ

Оқыту технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау.

Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер: топтық,зерттеушілік,сұрақ-жауап.

топпен жұмыс, кубизм әдісі.

Сабаққа қажетті материалдар: интерактивті тақтадан слайдтар,

  1. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық көңіл-күй. «Жымию»(1мин)

Ойын мақсаты: Оқушылардың өздеріне деген сенім ұялату, өзара сыйластық қарым- қатынасқа тәрбиелеу, көңіл- күйлерін көтеру, сабаққа бағдарлау.

Слайдпен жұмыс

шапағат сәуле

Открытый урок на тему Сақтар

шуақ нұр

А) Мұғалім:

  • Балалар күннен не таралады?(шуақ, нұр шапақ, сәуле, жылу, жарық)

  • Осы әдемі күн сияқты біз де бір- бірімізге әдемі жымиып, күлкімізді сыйлайық

Ұйымдастыру кезеңі. 1.Топқа бөлу. . «Суреттер сыры» әдісі. Сынып оқушылары жұп және тақ сандар арқылы 2 топқа топтастырылады.

Бағалау парағы таратылады.

Сабақ барысында «Сырлы жол» ойынын ойнаймыз. «Сырлы жолда» түрлі тосықтар шығады. 1. Қарақшылар, 2. Жұлдыздар әлемі, 3. Асық ату, 4. Ауыр тас кедергілері шығады. Егер осы тосықтардан көп ұпай жйнап шыққан топ алтын қазынаға ие болады.

І-кезең. «Қарақшылар» ойыны: Бұл ойынның шарты бойынша оқушылар слайдда тұрған қарақшылар дың сұрақтарына жауап беру керек.Открытый урок на тему Сақтар


Кубиктағы сұрақтарға жауап беру

1. Сақ жеріне басып кірген парсы патшасы Дарийге жіберген сақтардың жұмбақ сыйлығында қандай заттар бар? Тышқан, құс, құрбақа, жебе

2. Сақ-скиф жеріне басып кірген грек-македон әскерінің қолбасшысы.(А.Македонский)

3. Сақ қоғамында ақ киім кигендер. (Абыздар)

4. Сақ қоғамындағы абыздардың танымал белгісі. (Тостаған мен бас киім)

5. Сақ қоғамындағы "сегізаяқтылар" деп аталғандар. (малшылар мен егіншілер)

6. Жазба деректерден белгілі б.з.б. 570-520 жылдары өмір сүрген сақ патшайымы. (томирис)

7.Сақтар деректерде қалай аталады?

8.Сақт қоғамы нешеге бөлінді және олар қалай киінді?

ІІ-кезең. «Жұлдыздар әлемі» ойыны: (постермен жұмыс)

1-топ. «Алтын киімді адам» табылған жерлерді белгіле.

2-топ. Картаға сақ тайпаларын орналастыр.

ІІІ-кезең. «Асық ату» ойыны: Бұл шартымызда оқушылар асық атып тигізсе 1 ұпай қосылады. Ал асыққа тигізіп сұрағына да жауап берсе 2 ұпайға иеленеді.

Открытый урок на тему СақтарОткрытый урок на тему Сақтар

1-топ. Төмендегі суретте қандай жағдай бейнеленген? (Шырақ батырдың ерлігі),тақтада көрсетіледі.

2-топ. Бұл сурет туралы не білесің? (Сармат көсемі. Арал төбе қорғаны. 2-алтын адам)

IV -кезең. «Ауыр тас» ойыны: Ойлан тап! Бұл ойынымыздан соң жеңімпаз анықталады. Алдымыздағы аур тастарды жылжыту үшін, біз ондағы сұрақтарға жауап беруіміз керек.

1-топ.

Геродот былай деп жазды: "Олардың жеріне басып кірген жаудың еш-қайсысы қашып құтыла

алмайды. Егер олар ашык соғысуды өздері қаламаса, ешкім оларды қуып жете де алмайды,

себебі оларда ----- да, ------ те жоқ. Алайда олар өз баспаналарын өздерімен бірге ала

журеді өрі олардың барлығы да ат үстінде садакты жақсы ататын мергендер. Азықты олар жерден емес, мал өсіруден табады. Осындай жағдайда олар қалай жеңімпаз болмасын".

Сақтар туралы білгеніңді ескере отырып, олардағы жоқ нәрсені тап.Қала, бекініс.

2-топ. Ежелгі грек Фукидидтің айтуынша сақтарға жетіспейтін нәрсе: Ынтымақ пен тәртіп.

Мәнжазба қорғау

1.Ертеде сақ елінің бірлігі бұзылып, ішін алауыздық жайлаған кезінде, ел көсемдері халықтың басын біріктіру үшін үлкен қазан құюға бұйырады. Сақ сарбаздары жебелерінің мыс масағын жинатып, содан нарқазан құяды. Осы қазанға пісіріліп таратылған тағамнан дәм татқан сақтар өкпе-наздарын ұмытып, қазан асып, от басында қайтадан татуласып, осылайша ел бірлігі сақталып қалған екен. Қазіргі кезде қазақ халқында осы жағдайлар жасалатын мейрам бар. Ол қандай мейрам. Ол туралы не білесің?

2. Бар аңсары біреудің елін шауып, олжаға батып, атағын шығаруға ауған Кир Сақ даласына басып кірді. Егер сен Кирдің ақылшысы болсаң, оған қандай ақыл айтар едің?

Қорытынды.

мәдениетсіз ел-мәңгүрт ел,

Әдебиетсіз ел-әдепсіз ел,

Білімсіз ел-біліксіз ел,

Өнерсіз ел-өріссіз ел,

Ғылымсыз ел-жұмыссыз ел.-дегендей өткен тарихымызды білейік.

Өзіндік бағалау парағын қорғау.Қандай деңгейде

білдім

Кубиктағы сұрақтарға жауап беру

Тапқыр ұжым

Суретпен жұмыс

Ойлан тап!

Мәнжазба қорғау

Жоғары(+)


Орташа(V)


Төмен(-)


VI.Рефлексия


Открытый урок на тему Сақтар Открытый урок на тему Сақтар


© 2010-2022