Тарих пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Орталықтанған монархияның құрылуы

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Пәні:Қазақстан тарихы

Мектеп №61 орта мектеп

Күні:9.11.2016ж Сынып:7

Мұғалімнің есімі: Кенжебаева Гульжан

Сабақтың тақырыбы:

Орталықтанған монархияның құрылуы

Қатысқандар саны:22

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты(мақсаттары)


Орталықтанған монархиялық мемлекеттер туралы білу.

Нақтылы тарихи фактілер арқылы оқушылар феодалдық қоғамның барлық озық ойлы күштерінің король билігін нығайтуға, ал корольдің сол озық күштерге арқа сүйеуге тырысқанын терең түсіну

Тарихи материалды дұрыс іріктеп, сапалы оқыту арқылы оқушыларды өзге елдің тарихына құрметпен қарауға үйрену.

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар: Орталықтанған монархиялық мемлекеттерге Франция, Италия, Германия мемлекеттері жататындығын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Нақтылы тарихи фактілер арқылы оқушылар феодалдық қоғамның барлық озық ойлы күштерінің король билігін нығайтуға, ал корольдің сол озық күштерге арқа сүйеуге тырысқанын терең түсінеді.

Кейбір оқушылар: Тарихи материалды дұрыс іріктеп, сапалы оқыту арқылы оқушыларды өзге елдің тарихына құрметпен қарауға үйренеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар ............(істей) алады.

Саудагерлер мен қолөнершіліредің ортағасырлық қала тұрғындары болғандығын біле алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Дворяндар, сословие, монархтар, сейм

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

1.Бір орталыққа бағынған мемлекеттерге кімдер мұхтаж болды?

2.Қолөнер мен сауданың дамуына кімдер зиян келтірді?

3.Монархия деген не?

Сіз неліктен .......екенін айта аласыз ба?

Корольдердің қала тұрғындарымен неліктен одақтасқандығы туралы біле алады.

Айтылым бойынша ұсыныстар:

Тақырыпты оқу кезіндегі түсінігін айта білуі.

Жетістік критерийі

1.Қала тұрғындарының өз тәуелсіздіктері үшін күрес жүргізгендіктерін біле алады.

2.Қай мемлекеттерде сауданың дамығандығын түсіне алады.

3.Еуропадағы сословиелік-өкілдік монархия деп аталып кеткен билік түрлерін айта алады.

Алдыңғы оқу

Өткен тақырыптарды қайталау

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

2 мин



2 мин

Топқа бөлу: Сабақ тақырыбына сәйкес, түрлі-түсті қағаз қиындылары арқылы топқа біріктіріледі.

Жаңа сабаққа кіріспе:

1.Жаңа жерлер игерілді, оны өңдеу сапасы артты 1.қолөнешілер өз еңбегімен күн көре алды

2.Үш танапты егістік түрі таралды 2.қолөнер кәсібі егіншіліктен бөлінді

3.Темірден жасалған еңбек құралдары көбейді 3.Қолөнер бұйымын ауылда өткізу шектеулі еді

4.Ауылшаруашылығының жаңа салалары дамыды . Сондықтан қолөнершілер қалаға кетті

5.Шаруаларда азық-түлік қоры жиналды 5 қолөнешілер мен саудагерлер негізгі қала тұрғындары болды. Кездескен кедергілер

Қалалардың феодалдарға бағыныштылығы феодалдардың зорлық-зомбылығы қолөнер мен сауданың дамуына кедергі жасады

қала тұрғындарының өз тәуелсіздігі үшін күресі

Тәуелсіздігін алған қалалар -коммуналар деп аталды

Сауда дамыды------Жерорта теңізіндегі сауда Испанияны,Франция мен Италияны Византиямен және Шығыспен байланыстырды

Солтүстік және Балтық теңіздері арқылы жасалатын сауда сотүстік Германия қалаларын Нидерландия,Скандинавия және орыс елімен байланыстырды.

Дегенмен

Феодалдар арасындағы өзара соғыстар жол бойындағы тонаушылық

Феодалдық бытыраңқылық

Осының бәрін жою үшін ---- король билігін күшейту қажеттілігі туды. XII-XIV ғғ.басында көптеген Европа елдерінде сословиелік-өкілдікмонархия деп аталып кеткен билік түрі қалыптасты «Сословие» дегеніміз әлеуметтік топтар: шаруалар, феодалдар, дінбасылары, әскери адамдар, әкімшілік қызметкерлер, қала халқы.«Монархия»-грек тілінен аударғанда «бір адамның билігі» дегенді білдіреді Халық қолдаушылығына мұқтаж болғандықтан, корольдер өз шешімдерін (салық салу, заң шығару) әр сословиенің сайланатын өкілдерімен келісе отырып қабылдайтын.

1-ші сословие------ дінбасылары

2-ші сословие-------дворяндар

3-ші сословие--------шаруалар, ауқатты қала тұрғындары, қолөнершілер, қала кедейлері

Қағаз қиындылары

Ортасы



15 мин

2 мин





















2 мин









10 мин


Топтық жұмыс

І-топ Орталықтанған монархиялық мемлекеттер

ІІ-топ Сауданың дамуы.

ІІІ-топ Еуропадағы сословиелік өкілдік монархия

"Джигсо" әдісі арқылы жүреді

Дескриптор арқылы бағалауКритерий

Дескриптор

Ұпай

Деректер арқылы мәлімет беру

Нақты деректер келтіре алады, ойы жүйелі

3

Деректермен жұмыс жасай алады

2

Деректері бар, толықтыруды қажет етеді

1

Критерий

Дескриптор

Ұпай

Топтық таныстырылымдар

Жаңа ақпараттар келтіріп, оқиғаның мәнін ашты

3

Ақпараттары бар, толық жеткізе алмады

2

Ақпараттарды ғана таныстырды

1



Критерий

Дескриптор

Ұпай

Өзіндік пікірлерін дәлелдеуі

Оқиғаға өзіндік бағасын берді

3

Өзі дәлелдей алды

2

Басқаның көмегімен дәлелденді

1



Кері байланыс

1.Жұмыс барысында топтағы қарым - қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?
2. Тапсырма орындау барысында топта ауызбіршілік сақталды ма?

3. Топтық жұмыс жасау кезінде қиындық келтірген тұстарыңыз

болды ма?

Жұптық жұмыс Кестемен жұмысҚолөнер кәсібінің егіншіліктен бөлініп шығуы

Орталықтандырылған король билігінің күшеюі

себебі

салдары

себебі

салдары



Өкілетті билік түрлері

Атауы

Кастилияда 1137ж құрылып

кортес деп аталды

Англияда 1265ж құрылып

парламент деп аталды

Францияда 1302 ж.құрылып

бас штаттар деп аталды

Чехия мен Польшада

сейм деп аталды

Жұптарда өзара бағалау

Карта

Бағалау парағы


Үлестірмелі парақшалар

Аяқталуы


10 мин


2 мин

Жеке жұмыс Тест тапсырмасы

1.Елде күшті король билігін орнатуға кімдер қарсы шықты?

а) қалалықтар ә) ірі феодалдар б) орта және ұсақ феодалдар

в) шаруалар г)саудагерлер

2.Орталықтанған король билігінің күшеюіне не себеп болды?

а) қолөнер кәсібінің егіншіліктен бөлініп шығуы ә) қалалардың өз тәуелсіздігі үшін күресі

б) шіркеудің қолдауы в) товарлы шаруашылықтың дамуы г) сауданың өркендеуі

3.Көпестер қай сословиеге жатты?

а)1-ші ә) 2-ші б) 3-ші

4. Сословиелік өкілдік монархия алғаш қай елде пайда болды?

а) Чехияда ә) Польшада б) Францияда в) Кастилияда г) Англияда

Мұғалім тарапынан бағалау

Рефлексия

Тест парақшалары

Жұмыс дәптері

Қосымша ақпарат

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

"Джигсо" әдісі

Кестемен жұмыс

Тест тапсырмасы

Дескриптор арқылы бағалау

Жұптардың өзара бағалауы

Мұғалім тарапынан бағалау

Қазақстан тарихы әдістеме

АКТ Карта

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді.Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




© 2010-2022