Разработка сценария по истории Казахстана Кіші жүздың ханы - Әбілқайырхан

Раздел История
Класс 9 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конференция

Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл.

Қіші жүздің ханы- Әбілқайыр хан



Модератор 1:Армысыздар бүгінгі конференцияға жиналған оқушылар,мұғалімдер . Бүгінгі тақырып - Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Қіші жүздің ханы Әбілқайыр хан.

Мемлекеттің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толатынын және айрықша атап өтетінімізді мәлімдеді. Бұл - қалың қазақты бір жасатып тастады.

Модератор 2:1456 - шы жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян.«Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымыз пен ар - ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды.Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту, өз жерімізді мекендеген Қіші жүздің Әбілқайыр хан туралы айтып кету - сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрмет болса керек - ті.

Презентация- Қазақ хандығы

Модератор 1- Даңғайыр аумақты бауырына басып жатқан Кіші жүз халқы - Ш.Уәлиханов жазғандай, батырлар ұрпағы. Кіші жүз даласы ежелден елдің шетінде, желдің өтінде тұрған өлке ретінде отаршылдықтың аяусыз алқымдаған аймақтарының бірі; Кіші жүздің бірінші болып Ресейге қосылуы мұнда, отарлық езгінің алғашқы ауыртпалығын да ала келді. Әйгілі Махамбет батыр: «Еділ үшін егестік, Жайық үшін жандастық, Қиғаш үшін қырылдық, Тептер үшін тебістік»,- деп тебіренсе, ақын Мұрат Мөңкеұлы өзінің «Үш қиян» деген дастанында: «Еділді тартып алғаны, Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны, Жағаға қолды салғаны. Ойылды тартып алғаны, Ойдағысы болғаны. Қоныстың барма қалғаны», - деп күңіренді.
Модератор 2- Қазақстанның шекаралық аймақтарында еліміздің басқа өңірлеріне қарағанда отарлау саясаты қарқынды жүрді, отаршылдық болмысқа, туған елдің талануына шыдамаған Кіші жүз жері ұлт-азаттық қозғалыстың қызу ошағына айналды. Қазақ тарихының осы кезеңін Х.Досмұхамедұлы «Кіші жүздің жүз жарым жылдай тарихы қанмен жазылғандай болды» - деп пайымдады. ХVІІІ-ХІХ ғғ. патша үкіметінің отаршыл озбырлығына қарсы Қазақстанда болған 300-ге жуық ұлт-азаттық көтерілістің дені Батыс өңірдің еншісінде екенін тарихи деректер дәлелдейді. 1783-1797 жж. Сырым Датұлы, 1815-1821 жж. Арғынғазы Әбілғазыұлы бастаған Кіші жүздегі ұлт-азаттық көтерілістер, ХІХ ғасырдың 20-30 жж. патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлы бастаған наразылық, 1836-1838 жж. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, 1847-1858 жж. Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс, 1856-1857 жж. Сыр бойы қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы жетекшілік еткен бас көтеруі, 1916 жылғы Батыс Қазақстан аумағындағы ұлт-азаттық көтеріліспен жалғасып жатты.

Модератор 1- Кіші жүз даласында лапылдай жанып жанып жатқан өртті елестететін бұл ұлт-азаттық күрес тізбегі ХVIII ғасырдың 40-жж. Әбілқайыр хан бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың заңды жалғасы еді. Елжақсыларының мақсаты - қайткенде де қазақ мемлекеттілігін сақтау, елдің, жердің тұтастығынан айырылмау еді.

Модератор 2: Қазіргі таңда керегеміз кең болып, тереземіз тең болып бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымыз сонау ата - бабаларымыздың арқасы емес пе?

Сол кезде олар елім деп, халқым деп бас көтермесе қазіргі күніміз не болар еді. Әрине барлығына тарих куә.

Баяндаманың тақырыбы:Әбілқайыр хан

Модератор 1: Баяндамаңызға көп рахмет. Келесі кезекте осы тақырып төңірегінде мына бір шағын бейнежазбаны тамашаласақ. Бейнебаянды тамашалай отырып өз ойларыңызды да қорыта отырыңыздар. ( Абулхаир хан бейнебаян көрсетіледі.)

Модератор 2: Бәлкім, ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Әрине, ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз - бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым - қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн. Көрініс

Модератор 1: Әбілқайырдың дербестігі мен "орысшылдығы", қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға ұнамады. Солардың бірі - Орта жүздің сұлтаны Барақ. Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайырмен кен далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан. Әбілқайырдың моласы Ақтөбе облысында, Торғайдан 80 шақырым жерде табылған. Кейін бұл ара Хан моласы аталды. Әбілқайырдан көптеген ұрпақ қалған (қ. Әбілқайыр әулеті).

Презентация-ХАНМОЛАСЫ
Модератор 2: Бейнебаянды тамашаладық.

«Айтпаса сөздің атасы өледі»,- демекші бүгінгі тақырыптың түйінін айтсақ. Құрметті оқушылар, қонақтар. Біз мың өліп, мың тірілген қазақпыз. Демек, қан мен тер арқылы келген тәуелсіздігімізді әрқашанда ұлықтайық. Тәуелсіздігіміздің тірегі болған, мемлекетіміздің негізі болған осынау айрықша ұлтық мерекені өз деңгейінен асыра тойлатайық.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, халқымыз бай - қуатты болсын.



© 2010-2022