Құқық бұзушылық пен зиянды заттардың алдын алу. Мақала

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«№3 жалпы білім беру орта мектебі КММ-сі» оқушылар мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап - ақ, олардың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсаты көзделді. Оларға құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, лездемелерде мектеп ережесіне сай нақты талаптарды орындау керектігі үнемі ескертіле отырып, қандай жағдайда да құқықтары қорғалатындығы жөнінде айтылуда.

Заман талабы мектеп жасындағы балалардың арасында құқық бұзушылық пен зиянды заттардың алдын алу жұмысының белсенді, тиімді, жаңа жолдарын таңдауды міндеттейді. Өйткені, қазіргі таңда жасөспірімдердің арасында өз уақыттарын тиімді пайдалана білмеуі, ата - ананың баласына тәрбие беруде жеткілікті уақыт бөлмеуі, ақпараттың шектеусіз әрі еркін берілуі, «қиын» немесе толық емес жанұяда тәрбиеленуі, отбасындағы кикілжің мен ажырасу және отбасының төмен әлеуметтік жағдайының, жағымсыз ортаның кері ықпалы сияқты жағдайлар балалардың сана - сезіміне кері әсерін тигізіп, жастар мен жасөспірімдер арасында түрлі келеңсіз іс - әрекеттердің көбеюіне әкеліп соқтыруда. Сондықтан да, балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, суицидтік әрекеттерді болдырмау және оның алдын алу бағытындағы жұмыстарға басты назардың аударылуы заңды деп есептеймін.

Осы мақсатпен мен 5 «В» сыныбыма 17.09.2015 жылы «Нашақорлық және құқық бұзушылық» атты дөңгелек үстел өткіздім. Сабақты тренинг, сұрақ-жауап, ситуациялық жағдайымен оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып,әсерлі бастадым. Осы тұста оқушылар балалар жіберген құқық бұзушылық әрекеті мен ІІБ мамандары қандай жауапкершілікке тартатыны туралы түсінік беріліп талқыланды. Оқушыларға өздеріне «қылмыс» дегеніміз не? - ортаға сұрақ тастадым.Оқушылар А4- ге постер арқылы өз ойларын анық,еркін жеткізіп ,"қылмыс"-ұрлық,зорлық-зомбылық, әлімжеттік жасау екенін жазып белсенді қатысып отырды.Оқушыларға құқық бұзған балалар туралы ,олардың түзету коллониясында қандай жағдайда екені туралы бейнебаян көрсетілді. Ол балалардың өкініп ,жас өміріне балта шабылғаны туралы да айтылды. Сабақ соңында алдағы уақытты құқық бұзушылыққа жол бермейміз деп -оқушылар көңілді смайликтерін көрсетіп, бір-біріне ұсынды.

Қорыта келе, бала құқығын қорғау - егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгездіксіз өмірлерінің сақталуы жолында аянбай еңбек ету - біздің басты парыз. Сондықтан да, жаһандану үрдісі басым болып, батыстық өркениетке еніп келе жатқан қазіргі кезеңге жас жеткіншектерді жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухы негізінде тәрбиелеп, игі нәтижелерге жету жолында аянбай еңбек етейік!


А.С.Құлтумаева

№3 мектептің Тарих пәні мұғалімі.

«5-В» сынып жетекшісі



Құқық бұзушылық пен зиянды заттардың алдын алу . Мақала

Құқық бұзушылық пен зиянды заттардың алдын алу . Мақала

Құқық бұзушылық пен зиянды заттардың алдын алу . Мақала










© 2010-2022