Менің елім интелектуалдық ойын

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: "Менің елім" тарихи - танымдық ойыны

Мақсаты: Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, еліміздің даму тарихы туралы ұғым қалыптастыру, бүгінгі Тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенімізді зерделеу.

Сайысқа қатысушылар: 7 сынып оқушылары

Сайыс кезеңдері:

  1. "Бәйге" кезеңі;

  2. "Жеті жұрттың тілін біл" кезеңі;

  3. "Қызықты алтылық" кезеңі;

  4. "Мәре" кезеңі

1-кезең. "Бәйге"

  1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін қашан жариялады?

1991 жылы 16 желтоқсанда

  1. Тұңғыш рет ғарышқа кім және қай жылы ұшты?

1991 жылы 2 қазанда, Тоқтар Әубәкіров

  1. Адамзаттың өткен тарихын заттай деректер бойынша зерттейтін ғылым.

(археология)

  1. Тарихтың атасы кім? Геродот

5. ҚР Ұлттық валютасы қашан енгізілді? 1993жылы 12-қарашада

6. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш президентін қашан сайлады?

1991 жылы 1-желтоқсанда

7. Қазақ хандығының 550 - жылдығы қашан тойланды? 2015 жылы

8. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды?

  1. жылы 28 қаңтар

9.ҚР территориясы көлемі бойынша дүние жүзінде нешінші орында? 9 орын

10. Әл-Фараби дүниеге келген қала? Отырар

11. 9-мамыр қандай мереке? Жеңіс күні

12.Халықтардың әдет - ғұрып, салт - санасының дамуын, ерекшеліктерін зерттейтін ғылым? этнография


2-кезең. "Жеті жұрттың тілін біл"

  1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгіл Көктем - Весна

2. Мұрты бар, иегінде сақалы көп,

Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.

Пайдасы үй ішінде табылған соң,

Далаға кіріп-шығар сапары жоқ. Мысық - Кот

3. Жүз теңгең болғанша, жүз ........... болсын. Дос - друг

4. Қалың матадан арасына жүн, мақта салып, астарлап сырып тігілген сырт киім.................. шапан - чапан

5. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. Кітап - книга

6. Жеті қазынаның бірі, үй қорып жүреді. Ит - собака

7. .................. - адамзаттың басынан өткен оқиғаларды зерттейтін ғылым.

Тарих- история

8. Әр адамның шағын отаны. Отбасы - семья

9. ................. - діни құрылыс, ислам дінін ұстанушылардың мінажат орны. Мешіт- мечеть

10. Киім -кешек, т.б. зат салуға арналған үй жиһазы.............сандық-сундук

11. Белгілі адамдардың құрметіне қабір басына құрғызылған діни құрылыс ...................... Кесене- мавзолей

12. .......... қағазға басу үшін жұмсақ материалға (балшық, балауыз т.б. ) ойылып түсірілген суретті таңба. Мөр - печать

3 ші кезең: "Қызықты алтылық"

1.Түрік қағанатының негізін қалаған кім ? Бумын қаған

2. 1998 жылдың 6-мамыры қандай күн?

Астана күні. ҚР астанасы бұрынғы Ақмолаға көшті

3.Батыс Түрік қағанаты қай жылдары өмір сүрді? 603 - 704 жылдары

4. Түргеш қағанатының орнына пайда болған қағанат? Қарлұқ

5.Қимақ қағанатының орталығы қай қала болды? Имақия

6.Керуен жолдарының бойында су тапшылығын болдырмау мақсатында құдық үстіне салынған күмбезді ескерткіш ? Сардоба

4-кезең. "Мәре"

1. ҚР Конституциясы неше бап және неше бөлімнен тұрады?

9 бөлім, 98 баптан

2. Қазақстандағы мемлекеттік тіл? Қазақ тілі

3. Күлтегін тас хатының көшірмесі қайда орнатылды?

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде

4. "ХХ ғасырдың Гомері" Жамбыл Жабаев

5. Аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады. Бұл қай аспап? қобыз

6. ХХ ғасырда Парижге барып ән салған тұңғыш қазақ? Әміре Қашаубаев

7. Қазақ хандығының өркендеген және тыныштық орнаған кезі "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман" деп еске алады көрнекті орыс тарихшысы В.И.Левшин. Оның ел билеген шеберлігі үшін грек жеріндегі ақылгөйлер таң қалған. Оның тұсында қазақ еліне Орыс елі, Жоңғария, Орта Азия хандықтары көз тігіп қауіп төндірген. ? Тәуке хан

8. Халық жадында сақталған аңызда 17 жасар тұтқынға түскен қалмақ қызы тау шыңынан Әулиекөлге секіріп кетеді де, сұлудың түскен жерінен таңғажайып жартас пайда болды. Әулиекөлдің қазіргі күнгі атауы?

Бурабай көлі

9. Астана қаласында әлемде бірінші рет диаметрі 22м және салмағы 300т тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін "хамелеон" әйнегінен жасалған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болған монумент

Бәйтерек монументі

10. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға? Президент

11. Қазақстандағы қара алтын? мұнай

12. Жылдан құр қалған жануар? түйе

13. "Кел балалар, оқылық" өлеңінің авторы. Ы. Алтынсарин

14. Үкіметті кім басқарады? Премьер-Министр

15. Абайдың әжесі? Зере

16. Ұлы Жібек жолының шығысқа шығатын басты қақпасы? Жетісу жері

17. 7-қысқы Азия ойындары Қазақстанның қай қалаларында өтті?

Астана, Алматы

18. "Абай жолы" роман-эпопеясының авторы кім? М. Әуезов











Ғани Мұратбаев атындағы № 17 орта мектебі













«Менің елім»

тарихи - танымдық ойын

Қатысушылар: 7 сынып оқушылары

Дайындаған: тарих пәнінің мұғалімдері Ауэзова Ғалия

Бекбергенов Тимур





Тараз қаласы 2015 жыл

© 2010-2022