Ашық сабақ Орта ғасырлардағы шаруалар (7 класс)

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән мұғалімі: Қуандық Мөлдір Сағындыққызы

Сабақтың тақырыбы: § 11. Орта ғасырлардағы шаруалар

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Шарулардың қоғамдағы орны, олардың жікке бөлінуі, шаруалардың міндеттері, тұрмысы туралы оқушыларға түсіндіру.

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: жұптық, топтық әдістер, Блум таксономиясы, диалогтық оқыту

Көрнекілік: тақта, маркер, плакат, үлестірмелі парақшалар

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Саяси ой-толғау

  • Топтастыру

І топ «Сервтер»

ІІ топ «Вилландар»

ІІІ топ «Шаруалар»

Сөздердің мағынасын ашайық:

3 минут

Білу: Үй тапсырмасы

  • Феодалдық саты қандай баспалдақтарға бөлінді?

  • Феодалдар шаруашылығы қалай дамыды?

  • Рыцарьлардың басты міндеті қандай болды?

  • Феодалдық замок қандай қызмет атқарды?

Сөздердің мағынасын ашайық:

  • Король

  • Герцогтар мен графтар

  • Барондар мен виконттар

  • Рыцарьлар

  • Замок

Тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді, сөздердің мағынасын ашады.

6 минут

Түсіну «Ерте орта ғасырлардағы шаруалар» тақырыбын жоспар бойынша кітаптан оқиды. Топ ішінде әр бөлімді бөліп дайындап алады. Содан кейін әр оқушы өз бөлімін қалғандарына түсіндіреді. Сұрақ-жауап арқылы әңгімені талдайды. Оқушылар кітаптан оқып түсінеді, топпен талқылайды. Әр оқушы өздеріне берілген тапсырманы орындайды.

7 минут

Қолдану Топтық жұмыстар

Постермен жұмыс.

І топ. «Шаруалардың ортағасырлық қоғамдағы орны, шаруалардың жікке бөлінуі»

ІІ топ. «Шаруалардың міндеткерлігі»

ІІІ топ. «Шаруалардың тұрмысы, шаруалардың феодалдармен күресі»

Оқушылар берілген тапсырманы орындағаннан кейін, постерлерін қорғайды. Қойылған сұрақтарға жауап береді.

10 минут

Сергіту сәті, поэзия минуты

Оқушылар өздерінің сүйікті өлең шумақтарын айтады. 1 минут

Талдау Орта ғасырлардағы шаруалар

Уақыты. Оқиғалар.

Феодалдық құрылыс кезіндегі шаруалар басыбайлы және ерікті болып екіге бөлінді.

Шаруалардың бұл тобы Францияда «сервтер » деп аталды.

«Топас», «дөрекі», бұзық сөздеерін кездестіруге болады.

Басты түрі еңбекпен өтеу. Ол «барщина» деп аталды.

Оқушылар жұбымен отырып, парақшадағы берілген сұрақтарға жауап жазып, өз-өздерін тексереді.

6 минут

Жинақтау Оқушылардың алған білімдерін жинақтау мақсатында сұрақ-жауап ұйымдастырылады. Әр топ бір-біріне сұрақ қояды.

Үйге тапсырма: «Ерте орта ғасырлардағы шаруалар» тақырыбын оқып, 44 беттегі бірінші бөлімге қорытынды сұрақтарына жауап беру. Тақырып бойынша бойынша сұрақтар қойылып, әр топ өздеріне берілген сұрақтарға жауап береді.

7 минут

Бағалау Топтық және өзін-өзі бағалау.

Топ жетекшілеріне алдын-ала бағалау парақшалары тапсырылады.

Бағалау өлшемдері:

  1. Топ ережесін ұстанады ма?

  2. Жаңа тақырыпты түсіну.

  3. Топтық жұмысқа қатысу.

Білімдерін қорыту. Бағалау критерийлері бойынша сабақтағы өзінің, топтың, басқа топтардың жұмысына баға береді.

5 минут

Кері байланыс Оқушылар бүгінгі сабақ туралы түсінгендерін стикерге жазып, іледі. «Не үйрендім», «Не білгім келеді»?

Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап-тілектер.1 минут



© 2010-2022