Исламның таралуы. Дін және мәдениет (Қазақстан тарихы. 7-сынып)

Бул сабақ 7 сыныптың Қазақстан тарихы пәніне арналған. Сабақтың тақырыбы: Исламның таралуы. Дін және мәдениет. Сабақтың мақсаты: Ислам дініне дейінгі Қазақстан жеріндегі түрлі діндердің таралуы және ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері туралы оқушылардың білімін анықтау.Өзара бірлескен жұмыс жасауға үйрету. Күтілетін нәтиже: Қазақстан жеріндегі исламға дейінгі діндердің ҮІІІ-Х ғасырларда ислам дінінің енуімен ығыстырылғаны туралы, ислам дінінің маңызы туралы оқып біледі.
Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Исламның таралуы. Дін және мәдениет

Сабақтың тақырыбы

Исламның таралуы. Дін және мәдениет

Жалпы мақсаты


Ислам дініне дейінгі Қазақстан жеріндегі түрлі діндердің таралуы және ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері туралы оқушылардың білімін анықтау.Өзара бірлескен жұмыс жасауға үйрету.

Күтілетін нәтижелер

Қазақстан жеріндегі исламға дейінгі діндердің ҮІІІ-Х ғасырларда ислам дінінің енуімен ығыстырылғаны туралы, ислам дінінің маңызы туралы оқып біледі.

Негізгі идеялар

Түрлі діндер, наным-сенімдер, «Дін үшін соғыс» ислам дінінің таралуы, мәдениетке ықпалы.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгеру

Дерек көздер

Оқулық, қосымша деректер, слайдтар.

Көрнекіліктер

АКТ, глобус, бейнеролик.

Пәнаралық байланыс

Дүние тарихы, география, дінтану, бейнелеу.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе \3мин.\

Ұйымдастыру, ынымақтастық атмосферасын қалыптастыру, топқа бөлу: «Мешіт», «Медіресе», «Кесене» топтарына.Топ ережесін түсіндіру

Тілек тілейді. Топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын

тексеру \7мин.\

«Сынып сандығы» ойыны: Топ басшылары сандықтан сыйлықтарын алып топқа таратады

1-топ «Мешіт» тапсырмасы:1.Х-ХІІ ғ.ғы аршылып,

зерттелген қалалардың құрылысын сипаттау. 2.Ғанышты не үшін пайдаланады? 3.Ташнау деген не?

2-топ «Медресе» тапсырмасы: 1.ІХ-Хғ.да шаруашылықтың қандай түрлері дамыды? 2.Қыш құмырашылардың жетістігі қандай және сүйек ұқсату деген не? 3-топ «Кесене» тобына: 1.Сәндік

қолданбалы өнер деген не? 2.Х-ХІІғ.ғы сәулет құрылыстарын ата. 3.Айшабибі туралы қандай аңыз бар? (Үй тапсырмасын қорытындылау, бағалау.)

Топтар жауап береді.

Топ бағалаушыларының

бағасы

Сергіту\2мин.\

«Қара жорға» әуеніне

Оқушылар қимылы

Әр топ өз атын қорғайды

Оқушылар топтарыңыздың атына назар аударсақ мағынасы неде деп ойлайсыздар? (оқушылар жауабынан жаңа тақырыпты анықтау)

Әр топтан сөйлеу

Қызығушылығын ояту /2мин/

Жер бетіндегі негізгі діндерді атау, таралған аймақтарын табу, қандай елдерге тараған? (глобуспен жұмыс)

Оқушылар жауабы бір-бірін тыңдайды,

жауаптарын толықтырады.

Мағынаны тану

\20мин.\

Жаңа тақырып: Исламның таралуы. Дін және мәдениет. Видеоролик көрсету.

Оқулықпен, мәтінмен жұмыс. Топтарға тапсырмалар беріледі: 1. «Мешіт» тобына: Ислам дініне дейінгі нанымдар, 2. «Медресе» тобына: Ислам дінінің Қазақстанға келуі. Ислам дінінің 5парызы.

3. «Кесене» тобына:Қазіргі Қазақстандағы ислам

діні.

Тапсырманы орындау,

мәтіннен түсінгендерін ортаға салады, топ мүшелері өзара талқылайды, қағазға түсіреді.

Постер қорғау

Бекіту /5мин/

1.Исламға дейін қазақ жерінде қандай діни нанымдар болды? 2. «Дін үшін соғыс» қашан болды? 3.Қазақстанға ислам діні қашан келді?

4.Ең жас дін қай дін? Сонғы пайғамбар кім? 5. «Құран», «Ислам» сөздерінің мағынасы қандай?

6.Мұсылманның 5 парызын ата. 7.Дүние жүзінде

Ислам дінін ұстанушылардың саны қанша?

8.Президентіміздің діни бағыттағы маңызды жұмыстары қандай? 9.Қазақстан халқының қанша

пайызы мұсылмандықты ұстанады?

Сұрақтарға жауап бергенде көшбасшы анықталады..

Бағалау /3мин/

Формативті бағалау, жиынтық бағалау.

Оқушылардың бағалауы

Үйге тапсырма 1мин/

Тақырыпты оқу. «Ислам діні қазақтың салт-дәстүрінде» тақырыбына эссе жазып келу.

Кері байланыс /2мин/

Білім ағашына оқушылар бүгінгі сабақ туралы пікірлерін жазып жапсырады.


Пән мұғалімі : Жолмаганбетова Жамал












Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Өтес орта мектебі ММ




«Тарих сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»

тақырыбында өткен облыстық семинарда өткізілген панорамалық сабақ жоспары








ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУЫ.

ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ


Қазақстан тарихы 7 - сынып


Пән мұғалімі : Жолмаганбетова Жамал Дауотовна










Наурыз, 2015 жыл



© 2010-2022