Открытый урок на тему: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок на тему: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресіОткрытый урок на тему: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресіОткрытый урок на тему: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресіОткрытый урок на тему: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресіПән: Ежелгі Қазақстан тарихы

Тақырып: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сынып: 6

Сабақтың мақсаты:

Оқыту мақсаты: Сақ тайпаларының тәуелсіздік үшін күресінінің мәнін аша отырып, тәуелсіздігі үшін күрескен Шырақ ерлігін тарихи тұрғыдан сипаттап көрсету.

Дамытушылық: оқушыларға тапсырма күрделігі бойынша ой-өрістерін, сөйлеу мәнерін және ойын нақты жеткізуге үйрету, дағдыландыру. Тарихи оқиға негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.

Тәрбиелік: Сақ тайпаларының өз тәуелсіздігі жолындағы күресте Томирис Шырақ,Спитамен ерлігін, жалпы сақ тайпаларының батырлығын, қайтпас-қайсарлығын,өз жеріне деген сүйіспеншілігін оқушылардың бойына дарыта отырып, елінің патриоты болуына тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын технологиялар: Сындарлы оқыту технологиясы, Н.Оразахынованың сатылай комплексті талдау технологиясы

Сабақ көрнекілігі: слайд, үлестірме қағаздар, «Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі» кесте

Пәнаралық байланыс: әдебиет, география

С а б а қ б а р ы с ы :

I.Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқушыларға алдын ала берілген геометриялық фигуралар арқылы оқушылардың көңіл-күйін анықтау. Б) Сабаққа зейінін аударту.

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

1 тапсырма: Қоржыннан шыққан сұрақтар(әрбір оқушы қоржыннан сұрақ алып,жауап береді.Слайд № 1)

1.«Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін епейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді.Сүт ішеді» деп жазған кім?

2.Сақ тайпаларының шөлді және шөлейт жерлерді мекендегенін қандай дерек дәлелдейді?

3.Сақ тайпалары қолөнер кәсібінде қандай тастарды қолданған?

4.Cақтарда өлген адамға қандай рәсімдер өткізген?

5.Сақтардың «Жетісу михрабы» деп аталатын құрбандық табағы Қазақстанның қай қаласынан табылды ?

6.Сақтардың қарабаидай, тары,арпа өсіргенін қандай дерек береді?

III. Білімді тексеру кезеңі: (оқушылардың алдына «сәйкестендіру» кестесі таратылады, оқушылар дұрыс жауабын табу арқылы мәліметтермен ауызша толықтырады) 2. Сәйкестігін тап:

1

Шөл және шөлейт жерлерді мекен еткен сақтар өсірді...

1

Шірік-Рабат қаласы

2

Алматы маңынан табылған 15 бұқа бейнеленген табақтың табылуы

2

Түйе шаруашылығы

3

Зергерлік іс

3

Аңшылық және соғысқа арналған күймелер

4

Екі, төрт,алты доңғалақты арбалар -

4

Сердолик, халцедон, агат, ақық тастардың пайдаланылуы

5

Суару каналдары

5

Жылқы шаруашылығы

IV.Мақсат қою кезеңі: (Оқушыларға интерактивті тақтадан )

  1. Біз нені білуіміз керек?

1.1«Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ» деп жазған кім және бұл қай тайпаға байланысты айтылып тұр?

Открытый урок на тему: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

1.2Сақтардың жеріне, тәуелсіздігіне көз тіккен қандай елдер еді?

  1. Біз білуге міндеттіміз:

2.Сақ жерін жаудан аман алып қалған - сақ малшысы Шырақ ерлігі және грек-македон басқыншылығына қарсы күрескен сақ көсемі - Спитамен.

V. Жаңа сабақ: (Сатылай комплексті талдау әдісі бойынша:)

мирис 6 век до нашей эры Пратюрки Предки казахов.mp4Сақ жеріне Кир әскерінің жорығы

  • Томиристің парсы патшасы Кирдің басын алуы(видео)



  • Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы

Открытый урок на тему: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресіОткрытый урок на тему: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Грек тарихшысы Арриан дерегінде Сақ тайпаларының берекетін қашырған грек- македон әскерін басқарған ұлы қолбасшы Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) жайында төмендегідей баяндалады:

VI. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі: (оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі, қосымша мәліметпен және кітаппен жұмыс жасай отырып ,сұрақтар бойынша постер құрастырады)

№1 тапсырма:

I деңгей

Тапсырмасы

  • «Не мақсатпен сен осындай ұлы патшаны алдап, ұшқан құсы,жүгірген аңы жоқ шөл далаға әкеп, әскерін қырғынға ұшыратпақсың? Енді бізге алға да, артқа да жол жоқ қой!» кімнің сөзі және оқиғаны жалғастыр.

  • Сақ малшысы Шырақ ерлігін 5 сөзбен қалай бағалар едің?



II деңгей

Тапсырмасы

  • Кир әскерінің сақтардан жеңілуіне түрткі болған себептерді ата.

  • Не себептен А.Македонскийдің әскерін «жеңілмейтін әскер» дейді?

III деңгей

Тапсырмасы

  • Сақ жеріне басып кірген Кир патшаның елшісін Томирис не себептен қабылдамайды?

  • І Дарий патшаның сақ жеріне шабуылы кезінде сақ көсемі Скунханың жеңілуіне не себеп болды?

№ 2 тапсырма:

(Оқушылар тарихи оқиғаларды тарихи есімдермен байланыстыра отырып, ретімен оқиғаларды жүйелейді.)

А)

Б.з.б. 530жыл Кир әскеріСпитамен

Б.з.б . 519 жСкунха

Шырақ

3 жыл партизан соғысын жүргізді

Томирис

Дарий І соғысыАлександр Македонский

Кир әскерінің қолынан қаза тапқан

Спаргапис

Ә) Картамен жұмыс: (оқушыларға А.Македонскийдің жорығын картада белгілеу ұсынылады.)

VII. Бекіту кезеңі: «Деректер көзі - авторлар» (оқушыларға интерактивті тақтадан ғұламалардың ретін орналастырып,деректерін табу. )

Открытый урок на тему: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі 1. Геродот

"Қолбасшы Александр Македонский Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға шабуыл жасады"

Открытый урок на тему: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі2. Помпей Трог

"Шырақ есімді сақ бақташысы, өзін сақ көсемдерінен жәбір көргенін айтып, парсы әскерін оларға бастап баратынын айтып, алдап, адастырып кетеді."

Открытый урок на тему: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі3.Полиэн Открытый урок на тему: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ."

Открытый урок на тему: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

4.Арриан

"Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе - жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады"

VIII.Үй тпсырмасын беру кезеңі: $ 16. «Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі» тақырыбын оқу және «Шырақ - ерлік пен елдіктің шырағы» эссе жазу.



Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кенті

«Ай-Нұр» жекеше лингвистикалық гимназиясы

«Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі»

(6 сынып)

Тарих пәні мұғалімі: Идрисова Санта Әнетқызы

2016 жыл

I Дарийдің сақ жеріне жорығы

Открытый урок на тему: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Кир мен Дарий жорықтар жасаған тиграхауда-сақтар Ахеменид бедерлері мен мөрлерінде бірнеше рет бейнеленген. Олардың Скунха деп аталатын көсемінің тұлғасы баска да бағындырылған халықтардын патшаларымен бірге Дарийдің бұйрығы бойыншаИрандағы Бехистун деген жердегі жартасқа қашап салынған. Ежелгі Шығыстың ең көне және аса маңызды саяси кұжаттарының бірі деп әбден орынды саналатын Бехистун жазбасының сақ көсемін тұтқынға алумен байланысты оқиғаларға арналған V бағанасының 20-30-жолында былай делінген:

«Дарий патша былай дейді: содан кейін мен әскеріммен Сақтарға аттандым. Шошақ бөрік киетін сақтар шайқасқа шықты. Мен теңізге жеттім де, бүкіл әскеріммен арғы бетке өттім. Сөйтіп мен сақтардың бір бөлігін ойсырата талқандадым да, екінші бөлігін тұтқынға алдым... Скунха деген көсемін қолға түсіріп, маған әкелді. Сол жерде мен өз дегеніммен екінші біреуін (олардың) көсемі қылып тағайындадым. Бұдан кейін ел маған қарады».



















Шырақ (558-518 ж.ж. б.з.д.) Қосымша дерек

Персия жерінде тақ үшін күрес басталады. Кир өлер алдында түс көреді, түсінде елді жаулап алатын Дарийға жолығатыны аян болады. Ахемен әулетін жеңіп, Дарий Кирдің орнын басады. Жан-жағын жайпап, бүкіл жерді қуырып, кеткен жері қуанатын қалге келеді.

Дарийдың барлық жорықтарының ішінде Кир патшаның басын кесіп, парсылардың бірі қалмай қаза табуы. Персияның сүйегіне басылған таңба, бетіне түскен шіркеу болатын. «Жеңілмейтін әскер, әлем әміршісі, мәңгілік патшалық» деген лақап тараған парсы патшалығы әлемге әйгілі болатын.

Дарий сақ еліне жорық жасауға жоспар құрады. Кирдің бітірмей кеткен көпір-өткелді қайтадан жасап, Сырдарияның төменгі ағысына қарай барып, сақтардың ұланғайыр даласына алтын көпір салу, әскердің қысылып-қымтырылмай өтуіне жол ашу, азық-түлікпен кеме арқылы және құрлық арқылы да қамтамасыз ету. Ол Кирдің қателігін қайталамауды ескрді.

518-517-жылдары ұлы сақ ордасына аттанады. Дарийдің 300 мыңға жуық немесе 700 мың қолы болды деген дерек бар. Бірақ сақ жеріне төтесінен шабуыл жасаған Дарий әскері Скунһа патшаны қолға түсіріп, оның әскерінің киімін киіп, келесі сақ жауынгерлерінің қаннен қаперсіз отырған үстінен түсіп, бүкіл сақ жауынгерлерін қырып салады. Осы жерде Шырақ батыр өзінің басын бәйгіге тігеді. Ол өсиет қалдырады «Еркек тоқты құрбандық, мен басымды қылыштың жүзіне төсеймін. Бір өтінішім, артыма қалған балаларымды аман-есен сақтап, астына мал салып бересің, үрім- бұтағым кемістік көрмесін патша ағзамдар. Парсыларды ел ізіне түсірмей, сілікпесін шығарып еліне қайтарам» дейді.

Шырақ өмір бойы мал соңында жүргендіктен даланың ой шұңқырын жақсы білетін. Патшалар балаңның парызын орнындаймыз деп уәде беріп жолға салады.

Олар үшін ең басты нәрсе-ұзатпай өкшелеп келе жатқан Дарий әскерін елін қан қақсатпай алып шығу болатын.

«Мені осы арада тәнімді қылышпен тілгілеңде де, жолға тастап кетіңдер» деп ақыл беріп, сақ жауынгерлерінің жасырылуына жол береді. Сөйтіп Дарий әскері қансырап жатқан Шырақ парсылардың алдына өзі шығады. Міне мені қалай қылыштады мен қайтсемде кегімді аламын деп жар салады.. «Өлмегенге өлі балық кездеседі» дегендей. Жарасы жазылған соң Дарий әскеріне жол көрсетеді. Олардың алған бағытын өзгертеді. «Құдықтарға у салынған, шөптер ді өртеп кеткен, ол жақта ауыз су жоқ, мен төтесінен бастап апарамын» деп сендіреді. Қазақтың мидай шөл даласына бастап барады. Шырақ күн жүреді, түн жүреді, ұзақ жүреді. Даланың шеті көрінбейді, жүре-жүре сілелері қатып, шығысы, батысы- төрт құбыласы түгел жеті күндік жол болатын бетпақ далаға алып келеді. Парсылар аштан бұралып, жол-жолда қалады. Дарийдың тағаты таусылып, сенімді қолбасы Ранасбат қылышын қынабынан суырып алып, Шыраққа тұра ұмтылады. Шырақ тәкаппарлықпен Ранасбатқа қарсы қарап: «Жеңіске жетті деген осы! Ата жұртымды жаулап алмақ болып Дарий I-патша бастаған қанқұйлы жауды жалғыз өзім шөлге қамап, дымын құртып тұрмын. Төрт жақтарың бетпақ дала, бастарың ауған жаққа жүре беріңдер. Бірақ айтпады деме жеті күнге дейін шөл даладан көз ашпайсыңдар. Аштық пен шөл азабын көресіңдер. Ал менде ешбір арман жоқ. Қаным кіндігім кесілген туған жерде төгіледі, денем осында көміледі»-деген екен.











I деңгей

Тапсырмасы

  • «Не мақсатпен сен осындай ұлы патшаны алдап, ұшқан құсы,жүгірген аңы жоқ шөл далаға әкеп, әскерін қырғынға ұшыратпақсың? Енді бізге алға да, артқа да жол жоқ қой!» кімнің сөзі және оқиғаны жалғастыр.



  • Сақ малшысы Шырақ ерлігін 5 сөзбен қалай бағалар едің?


II деңгей

Тапсырмасы

  • Кир әскерінің сақтардан жеңілуіне түрткі болған себептерді ата.



  • Не себептен А.Македонскийдің әскерін «жеңілмейтін әскер» дейді?



III деңгей

Тапсырмасы

  • Сақ жеріне басып кірген Кир патшаның елшісін Томирис не себептен қабылдамайды?



  • І Дарий патшаның сақ жеріне шабуылы кезінде сақ көсемі Скунханың жеңілуіне не себеп болды?











Б.з.б. 530жыл Кир әскеріСпитамен








Б.з.б . 518 жСкунха




Шырақ

3 жыл партизан соғысын жүргізді


Томирис






Дарий І соғысыАлександр Македонский

Кир әскерінің қолынан қаза тапқан

Спаргапис






© 2010-2022