Поурочный план Иновационые технологии

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Поурочный план Иновационые технологиивная | Регистрация | Вход | RSS

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » География


География сабағында инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту

ШҚО Үржар ауданы Жаңа тілек ауылы
«Әуезов атындағы орта мектебі» КММ
Нугуманов Ерлан Болатканович
география пәнінің мұғалімі

География сабағында инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту
Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру өмір талабы. Сондықтан да қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер жаңа технологияны пайдалану жолдары түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы орайда ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновация -лық іс - әрекеттің ғылыми - практикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелер дің бірі болып отыр.
Мектепте оқу - тәрбие процесін дұрыс ұйымдастырудың бірден - бір жолы - ғылым негіздерінен білім берумен қатар, сол білімді алуға ынталылықты, яғни оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, өз бетінше ізденуін арттыру.
Әрбір мұғалімнің шығармашылық жұмысы белгілі бір мақсатты көздейтіні сөзсіз. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудағы негізгі мақсат - олардың шығармашылық қабілетін дамыту. Ал, бұл мақсатқа жету оқытудың көптеген міндеттерін шешуге мүмкіндік береді, яғни:
• жаңа материалды берік және түсініп оқуына;
• білімін өз бетімен оқып толықтыруға;
• жоғары оқу орындарына жақсы дайындалған талапкерлерді беруге;
• сол талапкердің таңдаған мамандығын шығармашылықпен игеруге.

Мұғалімнің барлық қабілеті - оның шығармашылық жұмысынан көрінеді.
Бұл тұжырым - психологияның негізгі принциптерінің бірі. Оқушының білім алудағы жоғары белсенділігін қалыптастыру үшін оқытудың әдістері мен тәсілдерін дұрыс қолдану - оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың ең басты құралы болып табылады. Сондықтан да оқушының танымдық дамуын қамтама -
сыз ету үшін, оқытудың белсенді әдіс - тәсілдерін жиі қолдану өте қажет. Бірақ түрі әдіс - тәсілдерді пайдаланғанда, оқушының бойында танымдық қабілеттің бар - жоғын ескеру қажет. Күрделі танымдық тапсырмаларды тек ғана қабілеті жоғары оқушыларға беру керек. Таным қабілетінің дамуына сай емес, оқушының мүмкіндігінен жоғары тапсырмалар, оқушының өз қабілеті мен күшіне деген сенімін жояды. Олай болса, оқушының танымдық қабілетін дамыту - ұзақ үрдіс деген қорытындыға келуге болады. Ол үшін мұғалімнің жұмыс жүйесі біртіндеп, жоспарлы және көздеген мақсатқа жетуге бағытталған болуы қажет.

Баланың белсенділігі - бұл оның өмірлік қажеттілігінің көрінісі. Адамның жасайтын кез - келген іс - әрекеті, оның физикалық және рухани күштерін белсенді қалыпқа келтіреді. Сондықтан сабақ кезіндегі оқушы белсенділігі оның әртүрлі іс - әрекеті кезінде көрінеді. Кейбіреуінде қозғалыс белсенділігі, ал кейбіреуінде рухани интеллектуалды белсенділік жақсы дамыған болады. Бірақ жеке тұлға жан - жақты қалыптасуы үшін оның бойында белсенділіктің барлық түрі көрінуі керек. Оқушы белсенділігі тұлғаның қалыптасуының барлық кезеңдерінде дамиды. Психологиялық - педагогикалық зерттеулердің көрсетуі бойынша белсенділіктің бірнеше деңгейі анықталған, мысалы:
● көшірмелі еліктеу белсенділігі;
● ізденгіш - орындаушылық белсенділігі;
● шығармашылық белсенділігі.
Оқушы белсенділігінің әртүрлі деңгейіндегі түрлеріне талдау жасау мұғалімге уақыттың әрбір аралығында оқушы қай деңгейде жұмыс жасап отырғанын білуге елеулі көмек береді.
Бір сыныптағы оқушылардың танымдық қызығушылық деңгейі олардың жеке дамуына байланысты әртүрлі болады:
● қарапайым деңгей - бұл, оқушының сабақта берілетін жаңа мағұлматтарға, қызықты құбылыстарға қызығушылығы;
● орташа деңгей - бұл, оқушының заттар мен құбылыстардың қасиеттерін білуге, оның көзге көрінбейтін негізгі құрамын білуге деген қызығушылығы. Бұл деңгей бар алған білімін пайдаланып, ізденуді, жорамалдап табуды қажет етеді. Бірақ бұл қызығушылық жекелеген фактілерді ғана қамтиды. Баланың санасы оның заңдылығын анықтауға әлі де болса жетпейді. Зерттеулер көрсеткендей бұл саты, теориялық жағынан әлі жетілмеген төменгі сынып оқушыларына тән;
● жоғары деңгей - оқушының себеп - салдарлы байланыстың заңдылықтарын білуге, құбылыстардың әртүрлі ортадағы әсерінің жалпы заңдылықтарын анықтауға деген қызығушылығы.
Оқушылар бойында танымдық қызығушылықты қалыптастырудың әдістерін пайдалану үшін мынадай оқу моделін алған тиімді:
• Ой шақыру
• Мәнін ұғыну
• Ой толғау
Мысалы: 7 сыныптағы сабақ барысында 1492 жылдан Атлантиканы кесіп өткен саяхатшылардың тізімін жасауға тапсырма беріп, оқушылардың бұрын алған білімдерін естеріне түсірдім. Бұл тізімді сабақта алған білімдерімен салыстырып жазуды сұрап, жаңа алған білімнің мәнін ұғуға жетеледім. Сөйтіп өз білімімен жаңа берілген білімнің ішінен негізгісін алып, өз беттерінше қорытындылауға мүмкіндік бердім. Сабақ соңындағы 10 минуттық эссе жазу, оқушылардың ойларын жалғастыруға Х. Колумб туралы бұрыннан білетіндерін жаңа игерілген материалдармен қосып, ой толғау жасауына мүмкіндік берді.

І. Ой шақыру сатысы:
● Бірінші әдіс: Жұптасқан миға шабуыл
Екі оқушы берілген тақырып бойынша білетіндерінің тізімін жасайды. Уақыт 5 минут. Бұл көп оқушының әсіресе өз ойын жеткізіп айта алмайтын оқушылар үшін үлкен көмек. Көбіне жолдастарымен пікір алысу арқылы ол өзіне деген сенімділік пен бүкіл сынып оқушылары алдында жеңіл шыға алады. Жұппен жұмыс көп оқушыны бағалауға мүмкіндік береді.
● Екінші әдіс: Негізгі сөздер
Мұғалім мәтіннен 4 - 5 негізгі сөздерді таңдап, дәптерге жазуларын сұрайды. Жұптарға 5 минут беріліп, миға шабуыл тәсілімен осы сөздің мағынасын ашуға жұмыстанып, ортақ қорытындыға келгесін, осы мағынада қолданылып тұр ма, мәтінмен салыстырып оқуларын сұрайды.

● Үшінші әдіс: Кластерлерге бөлу.
Ең алдымен тақтаның ортасындағы дөңгелекке немесе дәптердің ортасына сөз не сөйлем жазу сұралады. Мысалы «Марко Поло» деген сөз. Сосын «ол не істеді?» деген сұрақ тастауға болады. Ол сөзді оң жағына дөңгелекшенің ішіне жазып негізгі сөзбен екеуінің арасын тіке сызықпен қосамыз. Енді біз оқушыларды оның не істегені туралы өз көзқарастарын айтуға шақырамыз. Бұл пікірлерді «ол не істеді» деген дөңгелектің айналасына топтастырып, жаңа дөңгелектерге жазып онымен қосуларын сұраймыз. Егер оқушы «ол саяхатшы болған» десе, «саяхатшы» деген сөз жаңа дөңгелекшеге жазылады. Егер оның саяхаты туралы жаңа мәлімет (қайда барды және т. с. с) болатын болса, онда ол сөздер «саяхатшы» сөзінен айналып жүретін серік - сөздер болады. Оқушылар кластерді орналастырып болған соң, олардан қай жерде ақпарат аз екенін көрсетуді сұраймыз. Егер олар бір нәрсеге күдіктенсе, сол жерге үлкен сұрақ белгісін қою керек. Содан соң ненің дұрыс болғанын, қай жері дұрыс емес екенін, қандай тұстары анықталды соған көңіл бөлуін сұраймыз.

ІІ. Мәнін ұғыну сатысы:
● Бірінші әдіс: Мәтінді белгілеу
Оқушылар мәтінді оқи отырып, карандашты пайдаланып, мәтіндегі ақпаратты төмендегідей белгілермен белгілейді:
● - белгісімен мәтіндегі өздері білетін ақпараттарды белгілейді;
- - таңбасымен олардың түсінігіне қайшылық келтіретін тұстарын белгілейді;
+ - таңбасымен олар үшін қызықты, күтпеген ақпарат белгіленеді;
? - таңбасын осы ақпарат туралы әлі де толық білгісі келсе қояды.
● Екінші әдіс: Өзара сұрау.
Екі оқушы мәтінді кезектесіп, әрбір абзацтан кейін тоқтап оқиды және оқылған абзац бойынша бір - біріне кезектесіп сұрақ қояды.

ІІІ: Ой толғау сатысы:
● Бірінші әдіс: Жұптасқан миға шабуыл.
Миға шабуылды жүргізетін жұптар, мәтінді оқыр алдында алдыңғы жазбаларына қайта оралып, мәтінді оқығанға дейін және оқып болғаннан кейін қандай түсінік болғанын салыстырады. Салыстыру нәтижесімен өзі үшін жаңа деп есептейтін алған ақпараттарының тізімін жасайды.
● Екінші әдіс: Кластерге қайта оралу.
Мәтінді оқу алдында, яғни кластерлермен жұмыс жасағанда, олар ойларын негізгі тақырып айналасындағы айналып жүрген «серіктер» сияқты орналастырған еді. Олар түсінбеген жерлері мен өздері күдіктенген жерлерге «үлкен сұрақ» белгісін қойып кеткен болатын. Енді мәтінді оқып шыққаннан кейін оқушылар жұптасып немесе барлық сынып бірігіп, алынған ақпараттарды қайтадан кластер түрінде жазады. Сөйтіп сабақ соңында әрбір оқушы бүгінгі жаңа сабақтан өзінің не алғанын, не игергенін өзі қорытындылап өзіне өзі жауап бере алады
Оқушылардың білімді өз бетімен игеруі үшін ең маңызды саты - түсіндіре отырып жаттығу орындау болып табылады.

Барлық оқушы жұмысты дәптерге орындайды. Тақта алдына ешкім шықпайды, бірақ бір оқушы (мұғалімнің таңдауымен) орнынан тұрмай, дәптерге жазып жатқанын немесе картадан оқу арқылы дауыстап түсіндіре отырады, барлық сынып жазады немесе оның айтқанына картадан қарап ілесіп отырады, керек жерінде контур картаға да сызып отыруға болады. Егер бұл оқушы тоқтап қалса екінші оқушы жалғастырады. Бұған басында жақсы оқитын оқушылар белсене қатысады, ал, қандай да бір уақыттан кейін нашар оқитын оқушылар да еркін және тез түсіндіре бастайды. Мұндай жұмыс кезінде оқушылардың ойлары ашық және барлық жұмыс бақылауда болады, ұжымдық жұмыстың қарқыны көтеріледі.

Мысалы, 7 сыныптағы «Дүние жүзілік мұхит суы. Беткі ағыстар» тақырыбын өткен кезде оқушыларға «Дүниежүзілік мұхиттағы беткі ағыстардың қалыптасуы мен айналымын Атлант мұхитының солтүстік бөлігінен қарастырайық. Бұл ағыстар жүйесі қайдан басталады және қандай су айналымын түзеді?» деген сұрақ қойып, бір оқушыға тапсырманы бастауды тапсырамын. Ол атлас картаны пайдалана отырып, тапсырманы дауыстап орындайды, қалған оқушылар оның айтқаны бойынша картамен жүріп отырады, ол оқушы мүдірген кезде картаны әрі қарай оқуды келесі оқушы жалғастырып кетеді.
Оқушылардың танымдық қызығушылығының деңгейін көтерудің тағы бір белсенді тәсілі проблемалық тапсырмалар беру.

Мысалы, 8 сыныптағы «Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама» тақырыбын өткен кезде Ертіс өзенінің шатқалында Бұқтырма сағасынан төменіректе салынған биіктігі 96м орасан зор Бұқтырма бөгеті туралы айта келіп, оқушыларға: «Осындай құрылысты салу неге керек болды? Бөгетті жеңіл, арзан тәсілмен салуға болатын жол табуға болмады ма?» деген проблемалық сұрақ қою арқылы оқушылардың осы бөгеттің құрылысын салуға деген жалпы қызығушылығын ояттым. Осы арқылы оқушыларды топ - топ болып бірігіп, карта арқылы жұмыс жасап жол табуға шақырдым. Оқушылар жер бедері, өзен ерекшелігі, соған сәйкес құрылыс материалдарын таситын жағдайларды ескерген барлық мүмкін нұсқаның сызбасын салып, оны әр топ бір - бірімен салыстырып, одан кейін оны Бұқтырма бөгетінің сипаттамасымен салыстырып өздерінше қорытынды - түйін жасады.
Міне, бұл сабақта оқушылардың бәрі де ізденісте болып, бәрі де қызу жұмыс жасап, сабақтың өн бойында қызығушылық танытты. Сондықтан да оқушының айтқан көзқарасын қолдайтын немесе оны жоққа шығаратын элементтері бар сабақ - өзінен өзі оқушылардың танымдық қызығушылықтарын тудырады.

Оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіретін ең кең тараған, ең байырғы тәсілдердің бірі - мұғалімнің сұрақ қоюы. Бірақ мұғалім сұрағы оқушының тақырыпты игергенін тексеру құралы ретінде емес, оқушының білім қорын анықтайтындай дәрежеде қойылуы керек. Осы тұрғыда мен өзім сабақ беретін сыныптарымда «Ол кім? Бұл не?» немесе «Неге? Қалай? Қашан?» деген сұрақтарды жиі пайдаланамын.
Мысалы, 7 сыныптарда әрбір материктерді оқып болғаннан кейін «Ол кім? Бұл не?» сұрақтарын пайдаланамын. Ол үшін оқушыларға кім, не деген сұрақтарға жауап беретін сөздер беремін, олар оның жауабын айтып отырады.
Солтүстік Америка материгі үшін: Колорадо -?
Бизон -?
Үндістер -?
Йеллоустон -?
Маккензи -?
Прерии -?
Тундра -?
Секвойя -?
Оттава -?
Колумб -? т. с. с.

География пәні ең қызықты, оқушылардың белсенділігін, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндігі жоғары пән. Дегенмен әрбір сыныптың танымдық қызығушылығының тәжірибесі мен даму дәрежесі әртүрлі. Ал әрбір сыныптағы әдіс пен тәсіл оқушылардың танымдық қызметінің белгілі бір деңгейіне есептелінеді. Сондықтан да оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін сәйкес оқыту әдісін таңдай білу керек

Дебат технологиясын география сабақтарында қолдану әдістемесі

Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастағанынан бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп, қана қоймай, өз іс - әрекетіне сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік - экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы - үлкен проблема саналып, ойландыруы тиіс деп ойлаймын.

Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен практикалық әрекеттері арқылы дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтар -жаңа технологияларды қолдану сабақтары болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Осыған сәйкес сабаққа қойылатын қазіргі талаптар да мұғалімнен зор шеберлікті қажет еьеді. Халқымызда «шайнап берген ас - ас болмайды» деген мақал бар, сол сияқты мұғалім де сабақ үрдісінде материалды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай түрткі болатындай (стимулятор) әдіс -тәсілдерді таңдап алуы қажет. Сонда ғана оқушы шын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар, жеке адам болып қалыптасады. Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуциидің «Естігенімді - ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз ақыл -ойыммен істеген ісімді түсінемін» деген даналық сөздері осы айтылғандарды дәлелдей түседі. Олай болса, әр мұғалім өз әрекетінде мүмкіндігіне қарай әртіс болып қана қалмай / яғни өз білгенін орындап қана, кете беретін/, орыс тарихшысы В.О. Ключевскийдің: «Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін берілмейді, басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі» дегендей, сабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы қажет.

дегеніндей, сабақ үрдісінде түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануы қажет.

Дей тұрғанмен, әлі де болса білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтыратын баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалады. Осы себептен оқушы игерген білімін іс - әрекетте пайдалана алмау қиындығына тап болады. Ал оқушыны дамыта оқытатын болсақ ізденушілік - зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастыру жағдайы басты назарда болмақ. Ол үшін оқушы өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жағдайды шешуге қабілетсіз екендігін сезінуі керек. Осыдан кейінбарып оқушының білім алуға ынтасы артады, білім алуға әрекеттенеді. Оқушы алдына мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі бермейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Әркім оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине жауаптар барлық жағдайда тыңдалады. Әрине жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр оқушыға жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Оқушы әр түрлі ақпарат көздерімен сусындап өз түйінінайта білуі керек. Кез келген мазмұнды талдау барысындаөз тобымен ұйымдасып, пікірлесіп, ең ұтымды жауапты іздеуі керек. Осыған орай «Сорос Қазақстан» қорының ұйымдастыруымен өткен «Пікір -сайыс» бағдарламасының маңызы зор. Осы бағдарламалардың стратегияларын пайдаланып өткізген сабақтардың әсері мол.

Топқа бөлінген оқушылар өз сұрақтарына тынымсыз жауап іздейді. Әр оқушы өз идеясымен бөліседі. Мен өзімді тамаша бір оркестр басқарып тұрғандай сезінемін. Оқушыларым тамаша ойшыл адамдар. Бұл оларға сол проблема бойынша өз көзқарастарының қалыптасуына, пікірлерін қарсыластарының көзқарастарымен салыстыруға, өз пікірін қорғауға үйретеді, сол проблеманы өздігінен терең зерттеуге итермелейді. Пікір - сайыс жастардың білімдерін жан -жақты жетілдіріп, мәдени деңгейлерін көтереді, басқа адамдарға түсінікпен қарап, олардың пікірлерімен санасуға үйретеді, шешендік өнерге баулиды.

Пікір - сайыс технологиясы - оқытудың ұлттық жаңа үлгісі.

Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

Білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктерімен ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен байи түсуде - ауызша және жазбаша, телефон, радио байланыс - қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде. Нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен де білім беру мазмұны жаңаруда, Олай болса оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық - педагогикалық бағыттағы негізгі ой - тұжырымдары төмендегідей сипатталады:

  1. Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл - ойды дамытатын оқуға көшу.

  2. Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл - ой әрекетінің динамикалық

құрылым жүйесіне көшу.

  1. Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп

саралап оқыту бағдарламасына өту.

4. Мұғалім мен оқушының бірлік одақта қызмет істеуі. Бір - біріне

басымдық көрсетпеуі оқушыға да, мұғалім де, субъект болуы.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін мектеп ұжымдары әр мұғалім

күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл

жол ашаршылық қарым - қатынас жасаулары керек.

Оқыту түрлерін, құралдарын одан әрі жетілдіруде тиімді тәсілдерді

қолданудың жолдары іздестірілуі қажет. Қазіргі білім беру саласындағы

оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан -жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқөа да көптеген адам қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Енді дәстүрлі оқыту мен жаңаша оқытудың айырмашылығын қарастырайық. Дәстүрлі оқыту процесінде мұғалім сынып оқушыларын толық қамти отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда мұғалім мен оқулық маңызды роль атқарады, олар бірге отырып оқушыларды білімге жетелейді, соған сәйкес оқушылардың жауаптарында сол мазмұнды есте сақтап және бұрмаламай айтып беруі маңызды болады. Мұғалім білімді оқушыларға дайын күйінде меңгертеді.

Жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргенін ғана меңгеріп қоймай, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді. Оқушы белсенді роль атқарушы емес, жетекші позицияны ұстайды. Ол әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға өз жауабын іздейді, ал білімді ол әртүрлі жерден табуы мүмкін, шешімдері де әр оқушыда әртүрлі болады. Тапқан шешімін нақты ақиқат деп қабылдамай ізденісті әрмен қарай жалғастырады. Мұғалім мен оқушылар арасында тығыз байланыс қалыптасады. Оқушы да, мұғалім де субъектіге айнвалады. Екеуі де бірлік одақта қызмет істейді. Мына төмендегісуреттерде дәстүрлі оқытудағы мұғалім мен оқушы ара қатынасы (1 сурет) және жаңаша оқытудағы мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс (2 сурет) көрсетілген.

Жаңаша оқыту дәстүрлі оқытуға қарағанда күрделі, әрі тиімді процесс. Жоғарғы суреттегідей мұғалім білім мен оқушының ортасында тұрмас үшін барлық стратегияларды жақсы меңгеріп оқыту технологиясын қайта құру керек.

Бұл әдістер жаңаша оқыту міндеттерін шешу құралы болып табылады. Оқушы төмендегідей іскерлікпен дағдыны қалыптастырады.

Атап айтқанда, оқушы бұрын меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл - ой өрісін кеңейтеді, тақырыпқа сай сын тұрғысынан қарайды. Оқушы өз алдына сұрақтар қойып, жауап іздеуге, мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей білуге, білімнің қайнар көзін өздері тауып, білімді меңгеру үшін қажет дағдыларды өз бетімен қолдануды үйренеді. Әдепті батыл сөйлеу, проблемаларды анықтай алу, топтың жалпы шешіміне үлес қосу, өз ойын тұжырымдауға, өздерінің үйренгендеріне жауапты қарауға, әріптестерінің ой - пікірін құрметтеуге, тыңдауға, салыстыра зерттеуге,үйретеді. Тақырыпты ғылыми түрде меңгеруге мүмкіндік жасайды.

Оқытудың жаңа моделі - пікірталас әдісі. Пікірталас - дидактикалық ізденістің маңызды саласы. Комуникативті пікір алмасу моделі жөніндегі негізгі қағидалар мен тұжырымдарды, методикалық нұсқауларды, «Дүние жүзі педагогика инновациясы» атты М. В. Клариннің еңбегін басшылыққа ала отырып, география пәнін оқытуда оқыту құралы ретінде пайдалану - жақсы нәтижеге қол жеткізді. Жаңаша оқытудың коммуникативті пікір алмасу түрі оқушының жетекшілік позициясын нығайтып, сыныпта ашық өзара қатынастарды қамтамасыз етіп бірлесіп білім алуда жауапты іс - әрекет жасауға мүмкіндік береді.

Егер пікір алмасуоқушы мен мұғалім арасында кезектескен жүйелі, бірізді сұрақ жауап түрінде жүргізілсе, онда ол біз күткен нәтиже бермейді. Бұрынғы оқу жүйесіндегі сұрақ - жауап түріндегі оқушы мен мұғалім арасындағы төменгі дәрежедегі байланыс әдісі.

Сурет №4

Мұғалім

4 суретте жоғарғы деңгейдегі коммуникативті пікір алмасу, яғни бірлесіп білім алудағы, ақиқатты іздеудегі жауапты іс - әрекет. Мұнда оқушы жетекші позицияда болса, ал мұғалім мәселені меңгеруде, талқылауда және шешім шығаруда көмекші серік міндетін атқарады.

Мен оқытудың коммуникативті пікір алмасу стратегиясымен Қазақстан - Сорос қорының «дебат» немесе пікір сайыс бағдарламасымен шұғылдана жүріп, осы әдістің технологиясын меңгеруге қол жеткіздім және пікір талас моделін география пәнін оқытуда қолдану тиімді екендігінде өз тәжірибемде көз жеткіздім. Менің сабақта қолданатын пікірталас моделінің арнайы құрылымы, ережесі бар, қолданыс аясы және уақыты шектеулі. Оның негізін салушы американ философы Карл Поппер. Оның ерекшелігі - әр қарсылас топтың бір - бірімен белгілі ережеге сәйкес ізденіске негізделген сайысқа түсуі, ақиқатқа жету жолын қарастыруы, дәлелдерін салыстыруы. Мына төменде Карл Поппер пікір таласы бағдарламасының пікір талас форматы берілген.

Дебат ойыны ережесі.

Ж- 1 ( 5 мин)

Д - 1 ( 6 мин)

Ж -2 ( 5 мин)

Шешіммен келіседі

Шешімнің шарттарын анықтайды.

Мақсат немесе критериялар қояды.

Қысқаша жақтаушы команданың көзқарасы жөнінде дәлелдеме береді.

  1. Аргумент

2. Аргумент

3. Аргумент

Өзінің оң бағытын анық түрде қорытындылайды.

Шешіммен келіспейді

Альтернативті түсініктемелер ( дефин)

ұсынады.

Альтернативті критериялар ұсынады.

Әрбір оң аргументке қарсы контрагумент келтіреді.

Оны фактілермен бекітеді.

Теріс жүйелі бағытыңызды дайындап айтады.

Аргумент 1

Аргумент 2

Позициясына қайтадан сендіреді.Түсініктемеге қайтадан сендіреді және альтернативке қарсы сөйлеп жауап береді.

Айтуға тұрарлық критерия жасап, оң сөйлеу мәселесін құрады. Оң құрылым арқылы нақты дәлелмен дәлелдейді.

  • жаңа дәлел береді.

  • бұрынғы берген дәлелдің сыны арқылы берілген кемшілікті айтады.

  • мысалдарды,

ұқсастықтарды, баяндауды қолданады.

* бар дәлелді кеңейтіп айтады. Қарсы дәлелдерге қарсы жауап береді.

«Қазір мен қарсы сұрақ - жауапқа дайынмын».

«Рахмет, мен сұрақ -жауапқа дайынмын».

«Рахмет, мен сұрақ -жауапқа дайынмын».

Х сұрақ ДЗ - Ж1.

Х сұрақ ЖЗ - Д1

Х сұрақ Д1 -Ж2.

Д - 2 (5 мин)

Ж - 3 ( 5 мин)

Д -3 (5 мин)

Негізгі өзгерістердіанықтайды.

Альтернативті түсініктеме даулы болып ары қарай

түсіндіреді. Қалыс мақсат айтып айтысады.

Жақтаушы кейстің пункттеріне анализ жасайды.

* жаңа дәлел береді,

*оң сөйлеудегі кемшіліктерді түсіндіреді,

* мысалдарды, ұқсастықтарды,

баяндауды қолданады.

Пікір таласын маңызды дәлелді мән бергізе ұйымдастырады. Оң сөйлеу критериясы неге үстем екендігін қайта түсіндіреді.

  • төрешіге айтылатын сын аргументінің маңызын көрсетеді,

  • аргументтің жасайтын әсерін түсіндіреді,

  • оң бағытта сөйлейтін әр пікір сайысты, әр аргументті қалай айтып шығатынын түсіндіреді.

Төрешіге арнап маңызды мәселелерге мән бере сөйлейді.2 команданың бағыт шарттары туралыы сөйлейді.

Кез келген болып жатқан пікір таластың орын салмағын көрсетеді.

Оң шешім жүйелігіне қарай сөйлейді.

* төрешіге арналған ең маңызды аргументтерді айтады.

Қайтадан теріс дәлел дайындап және бұрынғы дәлелді кеңейтіп айтады.

Бұл аргументтерді пікір таласында ұдайы айтады. Олардың маңызын байқап қайтатүсіндіреді.

Кез келген теріс аргументтерді қайта жауап арқылы терістеуге сенімді болады.

«Қазір мен қарсы сұрақ - жауапқа дайынмын».

Соңғы қорытынды жасайды.

Соңғы қорытынды жасайды.

Х сұрақ: Ж 1 - Д 2

Пікір талас не үшін керек?

1. Шешендік дағдысын жетілдіру.

2. Талқы үстіндегі мәселеге сын көзбен қарау.

3. Талқыланып жатқан мәселені түсіну.

4. Ойландыру, ой- түрткі салу.

5. Фактілерді зерттеу, болжау, баға беру.

6. Жүйелеп сөйлеу.

7. Өз көзқарасын жүйелеп басқаларға дәлелдеу.

9. Өз бағытын дұрыс ұғыну.

10. Мәселенің өзектілігіне мән беру.

11. Пікір таласта екі жақтың ойын, көзқарасын жалғастырып,

ұштастырып отыру.

12. Өз ойыңды анық, әсерлі, нақты түрде дәлелдеу.

13. Көп әдебиеттерді оқу.

14. Әдебиеттерден керектіні алуға қалыптасу.

15. Беделді әдебиеттерді пайдалану.

16. Кітапханаларда жұмыс істеуге дағдылану.

17. Қоғамның саяси дамуын түсіну.

18. Пікір таласында білімді жетілдіру, тереңдету.

19. Сайысқа қатысушыларды шыншылдыққа тәрбиелеу.

20. Сайыста идея қозғаған адамға құрметпен қарау.

21. Идеяны теріске шығаруға нақты мықты дәлел қою.

22. Төрешіні өз көзқарасының дұрыстығына сендіру.

23. Қарама - қарсы сұрақ қоя білу.

24. Уақытты тиімді пайдалану.

25. Мәселені қорытындылау және шешім жасай білу.

26. Мәселеге шығармашылықпен қарау. Топтармен жұмыс жасау.

27. Дефинициялармен жұмыс жүргізу.

28. Көзқарасты ашық айтуға қалыптасу.

29. Ашық қоғам құруға үлес қосу.

Пікір - сайысты қолдану әдістері ( сабақ үлгілері)

Пікір - сайыс технологиясын тарих сабағында қолдану үшін мынадай талаптарды есте ұстау қажет.

  1. Пікір - сайыс сабағының айқын мақсаты болуы керек.

  2. Пікір - сайыс сабағында ойын тәртібін қатал сақтау керек.

  3. Оқушылар пікір - сайыс алдында тақырыпты толық меңгеруі тиіс.

  4. Пікір - сайыс тақырыбы да талапқа сай, талас туғызатындай болуы керек.

  5. Оқушылар пікір - таласта толық қатысуы тиіс.

  6. Пікір - талас өз мәнінде өту үшін уақыт керек.

10 сынып географиясы

Сабақтың тақырыбы: Биосфера және ғылыми - техникалық прогресс.

Сабақтың мақсаты: Әлеуметтік жағынан дамыған, ұшқыр, ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. Әр топта 3 спикерден болады. Сыныптың қалған оқушылары әділ қазылар алқасы және бір оқушы уақыт өлшеуші- таймкиппер болады.

Жақтау тобының резолюциясы: Ғылыми - техникалық прогресс адамзат өміріне қауіп төндіруде.

Даттау тобының резолюциясы: Ғылыми - техникалық прогресс адамзат өміріне қауіп төндірмейді.

Жақтау тобының кейсі

Бірінші спикердің сөзі:

Резолюция: ғылыми - техникалық прогресс биосфераға жағымды әсер етеді.

Дефинция: ҒТП биосфера, экология ұғымдарына сипаттама беру. ҒПТ биосфераға жағымды әсер еткенін дәлелдеу үшін өз аргументтерін ұсынады.

1 аргумент: Балқашта, Шығыс Қазақстанда, Үлбіде атом электр станциясын АЭС салу биосфера үшін тиімді. Себебі жылу электр станцияларында көмір жанған кезде ауаға 45 түрлі зиянды элементтер тарайды. Көмір күлі жер - көкті толтырып, ластап барады. АЭС энергиясы алынатын энергияға қарағанда 2,5 есе арзан. Мұндайды жаққанда да ауаға көмірдегідей зиянды заттар шығады. Бөлінетін көмірқышқыл газының биосфераның жылу парникті жүйесіне әсері зиянды екенін әркім сезінеді. Өркениетті елдер -Францияда өндірілетін энергияның 70- ы атом энергиясы. Жапонияда 50 атомэнерго блогы бар. Ал Қытай АЭС қуатын 2020 жылы 2-50 меговатқа ұлғайтуды көздеп отыр.

2- аргумент. ЮНЕП жүргізген зерттеулерге қарағанда ғаламшарда 13-14 млн ғана сипатталған. БҰҰ бағдарламасында биологиялық әртүрлілікті сақтау, оны дамыту қажеттігі атап көрсетілген. Ал әртүрлілікті сақтау биотехникасыз мүмкін емес. Мысал ретінде тұңғыш ғарышкер Т. Әубәкіровтың ғарышқа апарып келген зерттеу картобынан жаңа іріктеме пайда болып, Тоқтар іріктемесі деген атпен Қазақстан шаруашылықтарында егілуде.

3-аргумент. Америкада үш ата -анадан пайда болған бала дүниеге келді. Адам да биосфераның бөлшегі екенін ескерсек, баласыз қаншама адамдарға қуаныш сыйланды. Бұл да ҒТП - жетістігі. Сөйлеуші сұраққа жауап беруге әзірлігін білдіріп, сөзін аяқтайды. (Қарсы сұрақ -жауап)

Оппонент топтың кейсі.

Резолюция: ҒТП биосфераға зиянды, биосфера тепе - теңдігін бұзады.

Дефиниция: Биосфераның бұзылуы, биосфера тепе - теңдігі, экология ұғымдарына сипаттама беріледі. ҒТП биосфераға зиянды екенін дәлелдеу үшін аргументтер келтіреді.

1- аргумент. Арал проблемасы.

2- аргумент. Семей ядролық полигоны.

3- аргумент. Байқоңыр ғарыш аймағы.

ҒТП - тің биосфераға зиянды әсерлері сипатталады. Жақтаушы жақтың аргументтеріне қарсылық білдірілді. Экологиялық тұрғыдан алып қарағанда Чернобыль сабағын неге ұмытамыз? Табиғатты тамылжыған Алтайда немесе экологиялық жағдайы онсыз да қиын Балқашта АЭС салу көңілге қонымсыз. АЭС пайдалы болса, өркениетті елдер неге күн, жел энергиясына ден қойды?

Адам биологиялық түр ретінде ата - анасынан жұп гендер алу керек. Үшінші генді қайда сыйғызбақсыз? Одан енді үш жүзді адам шықпасына кім кепіл? Түрлердің жойылуы ең алдымен ҒТП - тің зиянды әсерінен болып отыр. Жер бетінен қаншама түр жойылды?

Жойылған түрлер туралы айтып, сұраққа жауап беруге әзірлігін білдіреді.

Жақтау тобының екінші спикері сөз алып, өз аргументтерін жаңа дәлелдермен толықтырады. Оппоненттерінің дәлелдемелеріне қарсылық білдіреді. «Чернобыль -50 жылдардың перзенті. Ол кезеңдегі технология мен бүгінгі технология - нанотехнологиямен салыстыра алмайсыз. Сондықтан прогресті саланың мүмкіндігінен бас тарта алмаймыз. Адам денсаулығына зияны тимейтіндей ұйымдастырылады. Жапония ғалымдары бақа уылдырығынан жасанды көз алмасын өсіріп жатқанда денсаулық саласы жетістіне сенгеніміз дұрыс. Түрлердің жойылуы ҒТП әсерінен емес, көбінесе адамның жауапсыздығы, прогреске ілесе алмауынан туындап отыр. Мысалы: Дүние жүзінде Канададан кейін екінші орын алатын Семей орманының қанша пайызы жойылып бара жатқаны туралы сұраққа жауап бере кетсеңіз. Ал, Павлодарда 900 т сынап жиналып, оның Ертіске қарай жылжуы адамның жауапсыздығынан. ЮНЕП әзірлеген «Ғаламдық, биологиялық әртүрлілікті бағалау» деп аталатын баяндамада «Егер биологиялық әртүрлілікті қорғауға байланысты шұғыл шаралар қолданбасақ, оның адамзат үшін қажеттіліктерін толық пайдалану мүмкіндігінен айырыламыз» делінген. Парасат биігінен, құдайшылық пен қарайтын болсақ, дүниедегі жаратылған барлық түрлердің де белгілі дәрежеде де құқығы бар. Адам үшін құрмауы керек. Табиғатты сақтау үшін ҒТП маңызы зор. Сондықтан бізді жақтап дауыс берулеріңізді сұраймыз» деп қорытады.

Жақтау тобының екінші спикері ( оппоненттер) өз бағытын одан әрі қорғайды. «Соңғы жылдары Қазақстан аумағына зымыран тасығыштарының құлап түсуіне ұласқан апат болды. Олар: 1993 жылы - Протон 3Т, 1996 жылы - Союз 3Т, 1997 жылы - Зенит 3Т, 1999 жылы 5- шілдеде - Протон 3Т, 1999 жылы 27 қазанда -Протон 3Т , 2007жылы қарашада- Протон 3Т. Ал жаңа зымыран тасығыш «Протон М» бірінші сатының түйісуінен атмосфераның жоғарғы қабатында қалған отынды үрлеп шығарады. Гептил жер бетін залалдандырады. Егер қардың бетіне түссе, өзіндік жануына мүмкіндік болмай, қар суымен бірге су қоймаларына қосылады. Зымыран отынының әсеріне ұшыраған аймақтарда «драмалық экологиялық түзіктер» пайда болады. Өмір сүрудің ластанған ортасы -өсімдіктер, жануарлар, азық - түлік, адам Гептил жүйке, эндрокинді жүйесіне әсер етеді. Ең қорқыныштысы генге әсері. 200 жылы Қарағанды облысында жүргізілген зерттеулер гептил қоспасының топырақта мөлшердегіден -2-11 есе көп екені анықтады. Сондықтан жұқпалы емес аурулар 39 есе артып кеткен. Ал біздің оппоненттеріміз Байқоңыр ғарыш аймағына түсетін қаржыны мысалға келтіреді. Арал теңізінен шыққан тұз пингвиндер денесінен табылып жатыр. Апат аймақтары, ғарыш аймағы, әскери- өнеркәсіптік кешендер апат дауылын қоңыраулатуда. Табиғаттың тосын оқиғаларының жиілеуіне себеп - ҒТП. Жұртшылық осы себептерге бойлап тоқтам жасау қажет. Сондықтан бізді жақтап дауыс берулеріңіді сұраймыз».

Қарсы сұрақтар қою кезеңінде барлық оқушылар қатысады. Бұл дебат сабақта оқушылар ғаламдық мәселелер көтеруге ұмтылады.

Сабақтың мұндай формасы оқушыларды бір мәселеге екі жақты көзқарас білдіріп, оның тиімді жағын таңдауға үйретеді. Әр оқушының қабілетін шыңдап, ізденімпаздығы мен шешендік өнерін дамытады.

«Пікірталас» таңдау курсының бағдарламасы.

Бағдарлама құрылымы

Бағдарлама 34 оқу сағатына есептелген 12 бөлімнен тұрады. Олардың әрқайсысы Пікірталас бағдарламасының маңызды тұстарына, ұғымдары мен ережелеріне түсініктеме беретін теориялық және алынған мағлұматтарды бекітуге арналған практикалық бөлімдерден тұрады. Практикалық сабақтар үстінде бағдарламаның әрбір жеке элементі бойынша жұмыс істеледі, оқушылар ойын үстінде пікір сайыстыру және өз идеяларын топ болып қорғау негіздерін игереді. Ақыр аяғында оқушылар пікір -сайыс бәсекелерін өткізудің ережелерімен таныс болады. Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі - сабақ үстіндегі оқытушы мен оқушылар арасындағы қарым - қатынас. Мұғалім бұл жерде оқушылардың өз бетімен оқып - үйренуіне жағдай туғызатын, оқу үрдісін ұйымдастырушы және үйлестіруші ролінде болмақ. Оқыту кіші топтар және олардың өзара әсерлесу принципіне негізделеді. Сабақтарда ойлау және сөйлеу жүйелерін белсенді жұмыс істеуге мәжбүрлейтін интерактивті оқу әдістері қолданылады. Сонымен қатар, пікірталас ұйымдастыруға арнайы дайындалған кеңестер де бар. (қосымша қараңыз)

Түсініктеме.

Қоғамдағы өзекті мәселелерді шеше алатын, жаңа әлеуметтік -психологиялық қабілеттердің қалыптасуына ықпал ететін, оқушылардың сыни ойлау қабілетін шыңдап, шешендік өнерге баулитын мүмкіндіктер жүйелеп ұсынылған. «Дебат» бағдарламасы - әлем мойындаған технология. Өйткені, дебат - жаңалыққа құштарлықтың даму көзі. Ең бастысы, бағдарлама өмірдің көркем шындығын келістіріп, дәуір көшіне ілестіріп әкететін ХХІ ғасыр білім беру жүйесінің микромоделі төңірегіндегі ойды, білім мазмұнын іріктеудің басты ұстанымдарын іске асыру жағына көңіл аудартады.

Қоғамдағы сананы қалыптастырып, ұйқыдағы ойды оятатын, сөйтіп ұлттық сана - сезім сілкінісіне алып шығатын, көтерер жүгі салмақты философиялық мәні бар ұсыныс жасай алатын бағдарламаның өн бойынан қажеттісі мен керектісін іріктеп, дарындылар танымына салуды қажет деп таптық. Мұндағы мақсат: ішкі еркіндігі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, есесін жібермейтін тәуекелшіл белсенді тұлға қалыптастыруды көздедік. Олай дейтініміз, бұл дебат - пікір сайыс бағдарламасы - еліміздің білім беру жүйесінің негізгі элементтерінің бірі ретінде танылуы тиіс және ол уақыт күттірмейтін мәселе.

Дебат технологиясы тереңде оқыту және оның маңызы мына төмендегідей:

- қарама -қарсы ой стратегиясы болғандықтан сөз әдебіне үйрету;

- әлеуметтік тілдің дағдыларына қалыпастыру;

- дебаттың құндылығы арқылы қоғамда ой - сана алуандығын туғызу;

- еркін саяси көзқарастардың бәсекелестігін туғызу;

- тыңдаушының сөйлеушіден 2 есе мәдениеттілігін насихаттау;

- пікірсайыс түрлері, оның мәні;

- дебат әдісі арқылы шешендікке алып келу;

- белсенді сөйлеуді ойлай сөйлеумен ұштастыру;

- оқушы дербестігін дамыту;

- оқушы өзін -өзі қадағалап, тексертуге баулу;

- таным қабілетін дамыту;

- өздігінен білім алуға қажеттілік тудыру;

- ақыл ой еңбегіне жалпы мәдениетін арттыру;

- білімге құмарлығын, рухани сенімін күшейту;

- «Іште пікір өлгеншені» ұтымды пайдалану;

- пікір шектелмейтін еркін шығармашылық қалыптастыру;

- ғылым дағдыларын жүйелеу.

Дебат туралы мәлімет.

Ашық қоғам құрудағы дебат қозғалысы.

Пікірсайыс мәдениеті туралы түсінік.

Пікірсайыс мәдениеті мен ақыл - ой сезім мәдениетінің байланысы.

Дебат технологиясындағы сөздік норма.

Дебат ерекшелігі (3 ұстанымға сүйену: іздену, шыншылдық, басқаға құрмет).

Қоршаған ортаға сын көзбен қарау.

Фактіге сүйену, оны зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, дұрыс ұғынуға үйрету.

Тапсырманың мағынасын ажырату, ойға шабуыл жасатып үйрету.

Күнделікті тіршілік мәселесін терең пайымдауға талпындыру.

Адам қатынасының (коммуникациясының) жаңа тәсілдерін жетілдіруге алып келу.

Қазақтың шешендік өнерін әлемдік деңгейде қарастыру.

Әміршіл - әкімшіл биліктің идеологиялық қыспағында қалған халық даналығын жаңғырту ( Карнегидің 12 кеңесі).

Көпшілік алдында сөйлейтін сөз құрылымы.

Тыңдарманмен байланыс жасау тәсілдері.

Әр спикердің сөзінің ерекшелігі және міндеті, әдістемесі.

Ғылыми көпшілік басылымдардағы белгілі ғалымдардың, оқырмандардың пікірін талдату және сол пікірлердің құрылымына назар аударту.

Пікірталас түрлері және сөз мәдениеті.

Дебаттың қазіргі қоғамдағы маңызы.

Ойталқы (диспут).

Дебат технологиясының құрылысы.

Кейс, критерий, аргумент туралы түсінік және оған қойылатын талаптар.

Ойыншы топ бірлігін, ынтымақтастығын нығайту.

Қақтығыс сұрақтары.

Жеңіл қақтығыстар, зымыран сұрақтар.

Жоққа шығару. Сұрақ - жауап сәтін бақылауға сенімділік қалыптастырып, сабырлы, жинақы болу. Қарсы топ әлсіздігін анықтау. Қарсылас көзқарасын білу. Өзі жауап алуға мүдделі сауалдар қоюға жаттықтыру.

Ой арасындағы байланыс.

Салыстыру, түйіндеу, бекіту. Даулы мәселелерді әшкерелеуге

және қарсылас топты өздеріне қарсы жағдайларды қабыл алуға

мәжбүрлеуге көшу жолдары.

Пікірталас шеберлігіне үйрету жолдары.

Жоспарлау сатылары.

Тақырыптармен жұмыс.

Талдау жасау.

Әсерімен бөлісу, талқылау ұйымдастыру, көшбасшыларды

сөйлету, аргументтерді дамыту, мәселе шығару.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

мынадай:

- дебат технологиясына қойылатын талапты білу;

- дебат ойындарының ерекшелігін меңгеру;

- дебат пен шешендік сөздердің ара қатынасын айыру;

- жұрт алдында еркін сөйлеу,

- ойды қорыту тәсілдерін меңгерту;

- беделді құжаттармен жұмыс жасай білу;

- озат ойы болуы - өзін -өзі құрметтеуі.

Сын тұрғысынан ойлай білу қабілетін пікір -сайыс арқылы дамыту.

Пікір - сайыс әдістемесі.

Курс материалдарын тақырыптарға бөлу:

1 тақырып. Кіріспе (2 сағат).

Пікір сайыс деген не? Пікір сайыстыру принциптері. Пікір сайыс стильдері ( Парламенттік және Линкольн - Дугластың пікір -сайыс үлгілері). Карл Поппердің пікір сайыс үлгісі. Пікір сайыстыру қабілеті (сын тұрғысынан ойлау, зерттеу, тыңдау және жазу). Пікір - сайыстардың

этикалық коды.

2 тақырып. Карл Поппердің пікір- сайыс үлгісінің негізгі элементтері

(2 сағат).

Теориялық бөлім.

Қарар. Қарадың түрлері (саяси, құндылықтық). Жақсы қарар жазу тәртібі. Қарар үлгілері.

Практикалық бөлім.

Қатар шығару. Қарар сараптамасы.

3 тақырып. Критерий (2 сағат).

Теориялық бөлім. Критерий - мақсат. Критерий - құндылық. Критерйге

сипаттам: қол жеткізу мүмкіндігі, нақтылық, сәйкестілік.

Практикалық бөлім. Қарарға арнап критерий шығару мен оған сараптама жасау. Критерйді негіздеу. Критерйдің қарар және аргументтермен байланысы.

4 тақырып. Дефинициялар (анықтамалар) - негізгі ұғымдарды

анықтау. (2 сағат).

Теориялық бөлім.

Пікір - сайыс шеңберін белгілеп алу үшін қарардағы нешізгі ұғымдарды анықтау. Анықтамалар қажетті шектеулер. Анықтамалар қарарды зерттеу бағытын анықтау құралы.

Практикалық бөлім.

Энциклопедиялық сөздіктермен жұмыс істеу. Анықтамаларды сараптау.

5 тақырып. Аргументтер ( 4 сағат).

Теориялық бөлім.

Ақыл шабуылы аргумент құрастыру бағытындағы алғашқы қадам. Ақыл шабуылының тәртібі. Аргумент құрастыру. Аргумент құрылысы. Аргументті қолдау. Аргументті негіздеу түрлері. Жалпылау. Ұқсастық. Себеп -салдар қатынасы. Беделге сүйену. Критерий мен аргумент арасындағы байланыс. Пікір -сайыс парағы. Практикалық бөлім. Аргумент құрастыру.

6 тақырып. Дәлелдер (2 сағат).

Теориялық бөлім.

Зерттеу мен дәлелдер. Мәлімет жинау. Мамандармен сұхбат. Компьютерлік зерттеулер. Дәлелдердің түрлері: куәлік (куәләндіру), фактілер, статистикалық мәліметтер, шолулар мен мысалдар. Үзінді келтіру ережесі. Мәлімет алынған қайнар көздің беделдігі мен объективтілігі.

Практикалық бөлім.

Мәлімет алынатын мәтінмен жұмыс істеу. Дәлелдер парағын дайындау.

7 тақырып. Жақтау кейсі (2 сағат).

Теориялық бөлім.

Жақтау кейсінің құрылымы. Кіріспе. Аргументтер тізбегі. ауысу. Қорытынды. Жақтау кейсінің үлгісі.

Практикалық бөлім.

Жақтау кейсін құрастыру.

8 тақырып. Даттау кейсі (2 сағат).

Теориялық бөлім.

Даттау кейсінің құрылымы. Терістеу уақыты. Терістеудің 3 деңгейі: қарарды интерпретациялау, критерйді терістеу, аргументтер тізбегін терістеу. Терістеу стратегиялары. Контраргументтер ұсыну. Терістеуді терістеу. Даттау кейсінің үлгісі.

Практикалық бөлім.

Даттау кейсін құрастыру.

9 тақырып. Спикерлердің міндеттері (4 сағат).

Теориялық бөлім.

Спикерлердің рольдері. Сөз түрлері (конструктивті, дамытушы, қорытындылаушы). Спикерлерді бағалау критерйлері. Кемшіліктер мен қателіктер.Стиль мен ұсынылуы. Көз бе көз байланыс. Дауысты қадағалау (ырғақ, үзіліс, дауыстылық). Қимыл қозғалыс. Өзін -өзі ұстау.

10 тақырып. Қарсы сұрақ - жауап (4 сағат)

Теориялық бөлім.

Қарсы сұрақ - жауаптардың мақсаты. нәтижелі сұрақ қою әдістері. Ашық және жабық сұрақтар. Қарсы сұрақ - жауап кезіндегі спикерлердің өзін -өзі ұстауы. Практикалық бөлім.

Сұрақтардың тізбегін құрастыру.

11 тақырып. Төрешілік (4 сағат).

Теориялық бөлім.

Төрешінің міндеттері. Шешім шығару. Ойыннан кейінгі төрешінің сараптамасы. Топтарды бағалау тәртібі. Спикерлерді бағалау тәртібі. Жақсы төрешінің сипаттамасы.

Практикалық бөлім.

Төреші парағын толтыру. Пікір - сайыс парағын ( картасын) жүргізу.

12 тақырып. Пікір - сайыс бәсекелері(4 сағат).

Теориялық бөлім.

Бәсекелердің ұйымдастырылуы. Пікір- сайыс бәсекелерін өткізудің ережелері мен кеңестер.

Карл Поппердің пікір - сайыс үлгісінің негізінде жасалған. Пікір - сайыс бағдарламасы. Пікір - сайыс клубтары.

Карл Поппердің «Пікір - сайыс» әдістемесіне түсініктеме.

Пікір сайыстарға қажетті негізгі элементтер:

- Қарар (пікір - сайыс тақырыбы)

- Жақтау жағы

- Даттау жағы

- Критерий мен аргументтер ( мақсат пен дәйектер)

- Дәлелдер

- Қарсы сұрақ - жауаптар

- Шешім.

Пікір - сайыстың негізгі мақсаты - өзіңіз ұстанып отырған бағыттың, келтірген дәйектеріңіздің қарсыласыңыздікінен артық ( дұрыс) екенін дәлелдеп шығу. Пікір сайыстардың шарты бойынша екі қарсы топ берілген қарар бойынша бір -біріне кереғар бағыттар ұстанып, төрешілерді өз бағыттарының дұрыс екеніне көндіруі тиіс. Жақтау тобының ( спикерлері) ойыншылары өз бағыттарын қорғап шығу үшін өз кейстерін ұсынады, онда өз қарарлары, дефинциялары - негізгі ұғымдардың анықтамалары, критерий, аргумент және дәлелдерін ұсынады.

Әр топ үш ойыншыдан тұрады. Әрқайсысының ойында өз орны бар және міндеттері нақты белгіленген. Олар өз кейстерін ( жақтау және даттау) дайындау үшін ойынға дейін де бірлесіп жұмыс істейді, сонымен бірге пікір - сайыс барысында да ойыншылар тығыз байланыста болып, бірлесіп жұмыс істейді.

Пікір - сайыс тәртібі.

Пікір -сайысты жақтау тобының бірінші спикері бастайды. Оның 6 минут уақыты бар. Сөзін төрешілерді, қарсыластарын, көрермендер мен өз тобымен амандасудан бастап, өз кейсіне көшеді. Ең алдымен қарарымен келіседі ( мысалы: «Жастардың сайлауға қатыспауы ақталмайды»), содан кейін қарардағы негізгі ұғымдарды анықтайды - «сайлау», «ақталмайды», «жастар».

Негізгі ұғымдарға анықтама берудің маңызы өте зор. Сол арқылы ойыншылар осы пікір - сайыста қозғала алатын немесе қозғауға болмайтын мәселелер шеңберін анықтап алады. Анықтама берген кезде ойыншылар анықтаманың қайнар көзін ( алынған жерін), тіпті бетін көрсетуі тиіс.

Пікір - сайыс басталмай тұрып, төреші топтарға жеребе тартқызып, олардың бағытын анықтайды (жақтау / даттау), осыдан кейін топтар дайындыққа 15 минут уақыт алады. Бұның сыртында әр топтың ойын барысындағы сөздеріне, қарсы сұрақ - жауаптарға дайындалу үшін 8 минут уақыттары бар, бұл кақытты пайдалану, бөлу мәселелері топтың өз еншісінде. Әр ойынды уақытты қадағалап отыратын уақыт төрешісі болуы тиіс.

Қарардың негізгі ұғымдары анықталғаннан кейін, бірінші спикер жақтау тобының критерйін енгізеді. Критерийді әр топтың өз қарарын, өз бағытын қорғаудағы негізгі мәні, сол қарарды қолдаудағы мүдделері ретінде қарастыруға болады. Критерийін жариялағаннан кейін, бірінші спикер алғашқы *********************

Мектеп оқушыларының пікір - сайыс бәсекелеріне арналған тақырыптар.

  1. Азаматтық құқықтар саяси кризис кезінде шектелуі тиіс.

  2. Демократиялық қоғамда азаматтық бой ұнсынбаушылық акциялары ақталады.

  3. Демократиялық қоғам азаматтары қару алып жүруге хақылы.

  4. Ұйымдасқан қылмыспен күрес кезінде азаматтық құқықтар шектелуі тиіс.

  5. Полиция бөлімдері жекешелендірілмеуі тиіс.

  6. Полиция қызметін жеке меншік мекемелер атқара алмауы тиіс.

  7. Полицияға қарсы қылмыстар басқаларға қарағанда қатаң жазалануы тиіс.

  8. Орта мектептердегі есірткіге тексеру ақталады.

  9. Ересектер мен жасөспірімдер түрмеде бірге қамалмауы тиіс.

  10. Ата -аналар жас балаларының қылмыстары үшін жауапты болуы тиіс.

  11. Әскери қылмыскерлер амнистияға жатпауы тиіс.

  12. Тұтқындалғандар қоғамдық жұмыстар үшін пайдаланылуы тиіс.

  13. Тұтқындалғандар дауыс беру құқынан айырылуы тиіс.

  14. Азаматтық бой ұсынбау акциялары қарсылық түрі ретінде еш пайдасыз.

  15. Өнер нақты ғылымдарға қарағанда маңызды.

  16. Компьютерлер адамзат дамуына қауіп төндіруде.

  17. Әйел адамдар әскерде қызмет етуі тиіс.

  18. Жаман үкімет, ешқандай үкіметтің болмауынан жақсы.

  19. Табиғи ресурстарды болашақ ұрпақтар үшін сақтап қалу, оларды бүгін пайдаланудан көрі маңызды.

  20. Ескі жүйе кезіндегі өмір бүгінгіден әлдеқайда жақсы болатын.

  21. Экологиялық өсім мүдделері экологиялық мәселелерден маңызды.

  22. Мемлекет өз азаматтарының дәулетті тұрмысын қамтамасыз етуі тиіс.

  23. Әлемдік қауымдастық жер бетіндегі соғыс ошақтарын басу үшін қатаң шаралар қолдануы тиіс.

  24. Мемлекет соғыс (кризис) жағдайында бұқаралық ақпарат құралдарына цензура енгізу құқына ие болуы тиіс.

  25. НАТО бұрынғы Варшава Келісіміндегі елдерді өз құрамына қосып алуы тиіс.

  26. Варшава Келісіміне мүше болған елдер НАТО құрамына кірмеуі тиіс.

  27. Жануарларға тәжірибе жасауға тыйым салынуы тиіс.

  28. Өлім жазасы жойылуы тиіс.

  29. Бүгінгі қоғамдағы әйелдердің құқы әлі де тең емес.

  30. Абортқа тыйым салынуы тиіс.

  31. Ешқандай саяси ағымға тыйым салынбауы тиіс.

  32. Жоғарғы сынып оқушылары өздері оқитын

  33. Ер адамдар әйел затынан артық.

  34. Міндетті түрдегі әскери қызмет сақталуы тиіс.

  35. Қазіргі жастардың өмірі алдыңғы буын өміріне қарағанда артық.

  36. Ядролық қару - жарақ жойылуы тиіс.

  37. Марихуананы пайдалану заңдастырылуы тиіс.

  38. Жезөкшелік заңдастырылуы тиіс.

  39. Тұтқындалғандардың азаматтық құқықтары қамтамасыз етілуі тиіс.

  40. Парнографияны тарату қылмыс ретінде қарастырылуы тиіс.

  41. Гуманитарлық ғылымдар нақты ғылымдардан маңызды.

  42. Орта мектеп балаларды шынайы өмірге дайындамайды.

  43. Бүгінгі күнде ядролық соғыс қаупі жоқ.

  44. Ғылым мен техниканың пайдасынан, келтірген зияны көп.

  45. Саясатшының жеке өмірі қоғам үшін ашық болуы керек.

  46. Тоталитарлық мемлекет өз азаматтарына демократиялық мемлекеттен гөрі көп пайда әкеледі.

  47. БҰҰ ғаламдық мәселелерді шеше алмайды.

  48. Мемлекет өз азаматтарының денсаулығын қамтамасыз етуге міндетті.

  49. Қоршаған орта проблемалары асырып көптірілуде.

  50. Палестиндіктердің Израиль территориясына заңды құқы бар.

  51. Мемлекет азаматтарының негізсіз толқуларын ( көтерілісін) күшпен басуға хақылы.

  52. Мектептердегі баға қою жүйесін жою қажет.

  53. Түрмелерді жою қажет.

  54. Дамыған мемлекеттер дамушы елдерге көмектесуі тиіс.

  55. Мемлекет азаматтардың қару иелену құқын шектеуі тиіс.

  56. Жасөспірім қылмыскерлер ересектермен тең дәрежеде жазалануы тиіс.

  57. Германияның бірігуі Еуропа қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

  58. Сорос қорының қызметі Еуропаға кері әсер етті.



© 2010-2022