Көшпелі мал шаруашылығы 6 сынып

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтыңтақырыбы:Көшпелі мал шаруашылығы, тебіндік жайылымы,

төрт түлік мал.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Көшпелі мал шаруашылығы артық өнім алуы

мен егіншілер арасындағы ғасырлары созылған

ынтымақтастық екі мәдениеттің де өркендеуіне

себепкер болды.

Дамытушылық:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын

дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелік:Өз ойын толықтай қорытып айта алатын, саналы

тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Баяндау, сұрақ-жауап.

Пән аралық байланысы: География, қазақ тілі мен әдебиеті.

Көрнекілігі:Карта, тірек-сызбалар, нақыл сөздер, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушыларымен сәлемдесу, түгендеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Палеолит, мезолит, неолит, энеолит»

кезеңдеріне қайталау.







Дәуірлерге сипат беру және қай жыл аралықтарын қамтиды?

Көшпелі мал шаруашылығы 6 сыныпКөшпелі мал шаруашылығы 6 сыныпКөшпелі мал шаруашылығы 6 сынып



Тас дәуірі Қола дәуірі Темір дәуірі

(2,6 млн жыл-12 мың жыл) (2 мың жыл-8 ғасыр) (8 ғасыр-5 ғасыр)

Тақтаға ілінген кестедегі кез келген бос ұяшықты таңдай отырып, сұраққа жауап беру.

  1. Екі жағынан өңделген қарпайым тас құрал қалай аталады?(Бифас)

  2. Тасты өңдеу әдісі қай кезеңде жетіле түсті? (неолит)

  3. Егіншілік қашан пайда болды? (неолит)

  4. Садақ пен жебе қай кезеңде жетіле түсті (мезолит)

  5. Неолит мекен жайлары неліктен уақытша болған? (аңшылардың соңынан)

  6. Неолит кезеңін басқаша қалай атайды? (қыш құмыралар заманы)

  7. Еңбек бөлінісі қашан пайда болды? (энеолит)

  8. «Ботайлықтар» қай малды қолға үйреткен? (жылқы)



ІІІ. Жаңа сабақ.

Қазақстандағы ежелгі тұрғындар тіршілік ортасының өзгеруіне қарай егіншілікті бірте-бірте мал шаруашылығымен алмастырды. Мал басының көбеюімен оларды бір жерде асырау мүмкін болмады.







Жайылым болмаса мал азады,

Жері байдың елі бай.

Мұндай жағдайда дала тұрғындары шаруашылықтың жаңа тәсілін- көшпелі мал шаруашылығын ойлап тапты.

Жайлау

Көктеу Күзеу

Қыстау

Олар бірте-бірте көшпелі өмір салтына көшті. Дегенмен де табиғаты ежелден егіншілікпен отыршылыққа қолайлы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аймағында жартылай көшпелі мал шаруашылығымен бірге отырықшы өмір салты, егіншілік қатар дамыды.

Малшылар жылқы, түйе қой мен сиыр ұстады.

Төрт түліктің пірлері

Жылқы иесі - Қамбар ата, Түйе иесі- Ойсылқара, Сиыр иесі-Зеңгі баба, Қой иесі-Шопан ата.

Диқан еккенін жейді, жылқы тепкенін жейді.

Көшпелі мал шаруашылығы 6 сынып

Жылқы суыққа төзімді, тебіндеп жайылады керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады, арнайы қораның да қажеті жоқ.

Нар жолында жүк қалмас.Көшпелі мал шаруашылығы 6 сынып



Түйелер жүк көлігі ретінде пайдаланылады. Түйе сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды. Батыс Қазақстанның шөлді аудандарында түйенің маңызы аса зор болды.

Малды бақсаң қойды бақ, май кетпейді шарадан.Көшпелі мал шаруашылығы 6 сынып



Қойлар көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді. Олар суық пен ыстыққа төзімді. Ал елдің оңтүстігі қой өсіруге тиімді еді.

Сиыр мүйізді, өгіздің күші болмайды. Өгіз мүйізді сиырдың сүті болмас.

Көшпелі мал шаруашылығы 6 сынып

Малшылар жылқы, қой мен түйеден басқа ірі қараны өсірді. Сиыр тебіндеп жайылуға иекмсіз, сондықтан оларға арнап жем-шөп әзірлеу қажет еді. Бірқатар таулы жерлерде малды арнайы адамдар бақты. Еліміздің солтүстігінде өсімдік пен су көздері анағұрлым мол болғандықтан, сиырды көптеп өсірді. Көшпелілер ат әбзелдерін үнемі жетілдіріп отырды. Олар үзеңгіні, ауыздықты, ерді ойлап тапты. Бертін келе көшпелілер арбамен көшу әдісіненбас тартты өйткені жүріп-тұруға өзен-көлдер мен төбелер кедергі жасады. Түйе мен атқа көшпелілер киіз үйін, киім-кешегін, үй-тұрмыстық заттарын артты. Қазақтың көшпелі үйі киіз үй.Киіз үйдің құрамы Шаңырақ, уық, кереге, босаға. Олар төрт қанатты, алты қанатты,сегіз қанатты, он қанатты болады.

Киіз үйдің шаңырағы Қазақстан Республикасының Елтаңбасында бейнеленген.





















Шаңырағың шайқалмасын,

Керегең кең болсын,

Босағаң берік болсын.

Іші толған ұл болсын.



Көшпелі мал шаруашылығы 6 сынып





Көшпелі мал шаруашылығы 6 сынып









V.Сызбаны толтыру

1.Таза көшпелі: Батыс және Орталық

Қазақстан , Маңғыстау, Бетпақ дала

2.Жартылай көшпелі: Шығыс, Алтай,

Тянь-Шань,Жетісу таулары

3.Отырықшы: Сырдария, Шу,Келес

өзен аңғарлары

Шығыс Қазақстан,Алтай мен Тянь-

Шань таулары

Жетісудың таулы аймақтарында

Т Киіз үй, үй ішіндегі ыдыс-аяқтар,

киім-кешектер

Сөзжұмбақ





1.Қола дәуіріндегі Еуразия даласындағы мәдениет?

2.Егіншілік қай кезеңде пайда болды?

3. Қоладан жасалған құралдарды өндіріске енгізген дәуір?

4. Ұсақ жаңқа тастардан жасалған құрал?

5. Екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құралы?

6. Алғашқы адамдардың еңбек құралдарын жасауда пайдаланған материалы?

VІ. Қорытындылау.

Ендеше, қзақ қай заманда да өз заманаына сай өмір сүруге ұмтылған, қазіргі кезде ұмтылып қалған көптеген кәсіптер қайтадан қолға алынуда. Дегенмен қымыз және шұбатпен емдеуді қолға алса, нұр үстіне нұр болар еді.

Малдың қадір-қасиетін бағалай келіп, тәжірибелі халқымыз түйе-салтанат, жылқы-мақтан, сиыр-қанағат, қой-қазына деген екен.

Оқушыларды бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма беру: Көшпелі мал шаруашылығы, тебіндік, төрт түлік.





© 2010-2022