5-сынып Жазбаша деректер сыныптан тыс

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: §3. Жазбаша деректер

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік:Оқушыларды жазудың, қағаз бен кітаптың пайда болу тарихымен таныстыру, оның маңызын ашу.

  • Дамытушылық:Алғашқы жазу, алфавит, кітаптар мен қазіргі адамзат қол жеткізген бұл саладағы жетістіктерді қатар қойып, салыстыруға, айырмашылығы мен ұқсастықтарын таба білуге икемдіктерін қалыптастыру.

  • Тәрбиелік:Жазу, кітаптың пайда болуын адамзат қол жеткізген ұлы жетістіктер ретінде ашып көрсетіп, оның мазмұнына, тарихына шолу жасау; алғашқы жазбалардың авторы болған қайраткерлердің ісін үлгі етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті.

Пән аралық байланыс: география, математика, әдебиет, бейнелеу.

Көрнекілік: карта, сызба, суреттер.

Сабақтың көрнектілігі:

1. «Алғашқы мемлекеттер картасы» -дүние жүзі тарихынан.

2.Ежелгі көне жазулардың суреті.

3.Ежелгі алфавит пен қазіргі алфавиттің салыстырмалы суреті.

4. Бізге дейін жеткен ертеде әр елде пайда болған кітаптардың суреті.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасын тексеру және бағалау мақсатында, алдымен сыныпты байқап шығамын. Одан кейін оқушылар өздері үйден тақырып бойынша дайындап келген сұрақтарын бір-біріне қойып сұрақ-жауап ойынын өткіземін. Әр топтың жауаптарын тақтаға оқушылар көріп отыратындай етіп жазып, белгілеп отырамын. Осылайша үй тапсырмасын оқушылармен бірге қорытындылап, жаңа тақырыпқа көшемін.

Жаңа тақырыптың жоспары:

  1. Жазу тарихы.

  2. Алфавиттің пайда болуы.

  3. Тарихи оқиғалардың және жеке тұлғалардың қағаз бетіне түсіу.

Оқулықтағы оқу материалы көлемді болғанына қарамастан, оқушылар бұл жаңа тақырыптан мол жаңалықтар алып шығу мүмкіншіліктері бар.

Тақырыпты тақтаға жазып қойып, «Балалар, жазу, оқу бізге не үшін қажет?», «Егер жазу, оқу,кітап болмаса біздің қалай болатынымызды елестетіп көріңдерші?» деген сияқты сұрақтармен жазу, оқу, кітаптың маңызын ашып, қызыққа толы тарихын тақтаға ілінген көрнекіліктерді пайдалана отырып қысқаша әңгімелеп беремін. Мәтінді кезек-кезек оқушыларға оқытып, оның мазмұнын сұрап отырады. Осылайша жаңа тақырыпты түсіндіре отырып әр абзацтағы жаңа көздерді пиктография, иероглиф, шумерлер, финикиялықтар, папирус, пергамент т.б сөздердің мағынасын тақтаға жазып отырамын. Оқушылар оны дәптеріне жазып алады.

Бұл тақырыптың оқушылармен, мектеп өмірімен тығыз байланысы болғандықтан тәрбиелік маңызы зор. Жазу, үтірдің оңайшылықпен келмегендігін, бір кітапты жасап шығару үшін көп күштің кететіндігін, бұл салада ата-бабаларымызға қарыздар екенімізді айтып, олардың еңбектерін үлгі етуге, тәрбиелеуі қажет. Оқу, білімсіз адамның өмірі қараң екенін нақты мысалдар арқылы дәлелдеу.Тақырыпты қорытындылау үшін оқушыларғы мына кестедегі тапсырманы орындатқызамын.

Жазудың пайда болуының себептері

Жазудың пайда болуының маңызы

Бекіту: Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында «Жұмыс дәптеріндегі» 1-2 тапсырмаларды сыныпта орындатып, тексеріп шығамын.

Бағалау:

Үйге тапсырма:

  1. 3 параграфты оқып келу

  2. Оқушылардың қызуғышылығын арттыру үшін бір-бірлеріне Ежелгі сурет жазуларымен хат жазуға тапсырма беремін.

Сабақтың тақырыбы: §4. Заттай деректер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Археология, этнография ғылымдарының зерттеу нысаны жайында өткен сабақтарда алған білімді жалғастырып, осы аталған ғылымдардың қалыптасу тарихы мен археологиялық, этнографиялық зерттеулурді жүргізудің өзіндік ерекшелігі туралы ақпарат беру.

Дамытушылық: Археологиялық және этнографиялық зерттеулер арқасында алынған деректердің айырмашылығын салыстыра білу осы деректер негізгі ежелдік адамдар оқушылардың қорытынды жасай білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың тарихи мәдени ескерткіштерін қастерлеуге, туған өлкелеріндегі маңызды ошақтарын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. «Алтын киімді адам» суреті.

  2. Ежелгі және орта ғасырларға жататын ата-бабаларымыз үй-жайлары, киім-кешектері, ішкен тамағы, рухани білімі туралы деректер- тарихи ескерткіштердің салыстырмалы суреті.

  3. Этноархеология ғылымының белгілі тұлғалары: Әлікей Марғұлан, Халел Арғынбаев, Кемал Ақышев, Мир Қадырбаев т.б портреттері.

  4. «Ежелгі Қазақстан» картасы.

  5. Археологиялық, этнографиялық экспедициялар жұмыстары бейнеленген бейнефильм.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген тапсырманы тексеру және бағалау мақсатында жалпы сыныпты қадағалап өткен соң, екі нұсқадан төмендегі анықтама сөздік жұмысын аламын. Ол үшін алдын ала төмендегі тапсырма көбейтіліп, дайындалып қойылады.

I нұсқа

Арамей алфавиті Күлтегін

Иоганн Гутенберг

II нұсқа Бумын каған

Папирус

Пергам па

Жаңа оқу материалын түсіндіру.

Өтілетін жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспарын алдын ала дайындап плакатқа жазып, тақтаға іліп қоямын.

Жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын өткен сабақтағы «Жазбаша деректер» тақырыбы бойынша өткен материалдарды еске түсіремін. Деректердің қандай түрлерін білетінін сұрап, тақырыпты түсіндіруге көшемін.

Археология терминін б.з.б. 4 ғасырда алғаш рет көне замандарды зерттейтін ғылым ретінде қолдана бастаған ғалым Платон болды. Алайда нағыз археологиялық зерттеулер тек ХІV-ХV ғасырларда Қайта өрлеу дәуірінде ғана жүргізіле бастаған. Еуропалық ғалымдар ол кезеңде көбінесе грек және рим мәдениеті мен өнеріне, яғни антика дәуіріне қатысты ескерткіштерді зерттеді. Қазіргі Қазақстандық археология ғылымының даму тарихы және оның болашағы мен негізін салушы белгілі тарихшы-археологтар Әлкей Марғұлан, Кемал Ақышев, Мир Қадырбаевтың еңбек жолдарының қызықты кезеңдерінен қосымша деректер келтіремін.

Өткен сабақтар нәтижесінде оқушыларда археология туралы түсініктері болғандықтан, оған кеп тоқтала қоймай, оқушылардың назарын тақтадағы археологиялық ескерткіштерге аударады немесе мүмкіндік болса, археологиялық, этнографиялық экспедиқиялар жұмысы жазылған бейнефильмді көрсетуге көшемін. Оқушылардың назарын әсіресе археологиялық және этнографиялық деректер жинаудың ерекшелігін анықтауға аударады. Этнология мен этнографияның айырмашылығын, тарихты білу үшін әр елдің негізгі қасиеттерін зерделеу қажеттілігін түсіндіремін.

Сабақ нәтижелі болуы үшін алдын ала оқушыларға 2-3 сұрақ-тапсырмалар беріп қоямын. Бейнефильмді көріп болғаннан кейін, егер уақыт болса оқушылардан осы алдын ала берілген сұрақ-тапсырмалар бойынша әңгіме-сұхбат еткіземін. Ал егер уақыт тығыздау болса, бұл сұрақ-тапсырмаларды ауызша немесе жазбаша түрде үй тапсырмасы ретінде беремін.

Келесі мәселе - жаңа сөздермен жұмыс. Бүгін сабақта кездескен жаңа сөздерді:

Қайта өркендеу дәуірі, нәсіл, радиоактивтік көміртекті пайдалану, Тигр мен Евфрат, пирамида, этноархеология анықтамаларын оқушылардың жас ерекшелігіне қарай тақтаға жазып қоямын. Тақтаға жазған жаңа сөздерін оқушылар дәптерлеріне жазып алады.

Өткен сабақты қорытындылау үшін алған білімдерін қыскаша анықтағаннан кейін, сабақты оқушылардың өздеріне қорытуына болады. Ол үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қою ұсынылады:

1) Бүгінгі сабақтың несі саған ұнады немесе ұнамады?

2) Бүгінгі сабақ алдындағы сабақтардан несімен ерекшеленді?

3) Бүгінгі сабақтан сен өзіңе қандай жаңалық алдың?

Үй тапсырмасы: Өткен сабақты оқу. Жаңа сөздерді қайталап, еске сақтау.



© 2010-2022