Сәулет өнері ескерткіштеріндегі тарих

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сәулет өнері ескерткіштеріндегі тарих

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстандағы сәулет өнерінің даму тарихын, ондағы адамзат баласының тәжірибесін, сәулет өнерінің өз заманының тарихы болғандығы туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін арттыру, танымдық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Төл тарихымызды құрметтеуге, ұжымшылдыққа, эстетикаға, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, тірек -сызба, дидактикалық материал, қажетті сөздер.

Сабақтың түрі: қалыптан-тыс

Сабақтың әдісі: білімді жинақтау, қорыту, сұрақ- жауап, ойын әдістері

Сабақтың типі: қайталау

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

а) сыныпты екі топқа бөлу ( Алғырлар, Тапқырлар)

ә) сабақ мақсатымен таныстыру

ІІ. Өткен сабақты қайталау, пысықтау

ІІІ. Оқушылар білімін тексеру

ІҮ. Топтарға әр түрлі тапсырмалар беру

Ү. Қорытындылау

ҮІ. Үйге тапсырма беру

ІІ-кезең Викториналық сұрақтар

  1. «Хижра» сөзін араб тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (қоныс аудару)

  1. Адам саны 10 мыңға жуық мекен қалай аталады? (шағын қала)

  2. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130-дай )

  3. «Карта» сөзі қандай мағынаны білдіреді? (хат жазуға арналган папирус)

  4. Тарихтың атасы Геродот қай жылдары өмір сүрді? (б.зб.484-425)

  5. Қазақстан Республикасының астанасы (Астана)

  6. Қазақстан қай материкте орналасқан? (Еуразия материгінің Азия бөлігінде)

  7. Мұсылман дінінің заңдары қалай аталады? (шариғат)

  8. Еңбек құралдары ортақ, белгілі бір аумақта бірлесіп еңбек ететін туыстардың ұжымы қалай аталды? (ру)

  9. Ақмола қаласына Астана деген ат қай жылы берілді? (1998 жылы, 6 мамыр)

  10. «Адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясы» қашан қабылданды? ( 1948ж, 10 желтоқсан БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы)

ІІІ- кезең Термин сөздермен жұмыс

Археология - адамдардың өткен тарихын негізі заттай деректер арқылы зерттеу ғылымы

Этнография - халықтың тұрмыс тіршілігін, салт-дәстүрін зерттейтін ғылым

Топонимика- жер су, елді мекен атауларын

Этнонимика- ру, тайпа, халық аттарын зерттейді

Антропонимика- кісі есімдерін зерттейді

Ономастика- жалпы атаулар тарихын зерттейді, тіл ғылымының саласы «онома» гректің «ат», «атау» деген ұғымын білдіреді.

Архитектура, сәлет өнері- адам баласының үй салу саласындағы тәжірибесін зертейді

Халықтық этимология- атаулардың туу тарихы жайлы ел арасында түрлі аңыз-әңгімелер арқылы таралған

ІҮ- кезең Топтарға әр түрлі тапсырмалар беру

Тарихи болжамдар ( қоғам қайраткерлерінің тұлғалардың сөздерін табу)

«Тарихты білмей-өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» Әбу Насыр әл-Фараби

«Тарих-әр халықтың ұлы кітабы» Н. Карамзин

«Тарихты мойынсынбау- есуастың ісі» Н.Чернышевский

«Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы-тарих» А.Байтұрсынұлы

Графикалық диктант

  1. Топономика грек сөзі +

  2. Халықтық этимология термині халықтық аңыздарға байланысты айтылмайды-

  3. Алғашқы адамдар зәулім үйлерде тұрды -

  4. Орта ғасырда сәулет өнеріне шикі кірпіш қолданылды+

  5. Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің салынғанына 600 жылдай уақыт болды+

  6. Жошы хан күмбезі ХҮ ғасырда Солтүстік Қазақстанда салынды -

  7. Осыдан 5 мың жыл бұрын адамдар металды қолдана бастады+

  8. Айша бибі кесенесі Тараз қаласының маңында салынған+

  9. Ежелгі адамдардың баспанасы қос, жеркепе+

  10. Алматыдағы орталық мешіттің құрылысы 2000ж аяқталды -

  11. Сәулет өнері- үйлерді, құрылыстарды жобалау деген сөз+

Сөз жұмбақ «Тараз»

Т

е

м

і

р

М

о

н

ш

А

О

т

ы

Р

а

р

А

р

ы

с

т

а

н

б

а

б

К

ү

м

б

е

З


  1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салдырған ұлы адам

  2. Отырардағы ерекше көңіл аударылған архитектуралық құрылыс (монша)

  3. Оңтүстік Қазақстанда Ұлы кітапхана қиратылған қала

  4. Қожа Ахметтің рухани ұстазы

  5. кесене сөзінің синонимі

«Баспалдақ» кезеңі сызба арқылы өтеді. Оқушының танымын, ой қорыту қабілетін дамытуға арналған «баспалдақ» кезеңі. Осы сызбаны толтыру арқылы оқушылар адамзат баласының үңгірден бастап бүгінгі зәулім ғимарат салу тәжірибесін кезеңдерімен тұжырымдайды.

Үңгір-лашық- күрке- жеркепе- дөңгелек баспана- киіз үй- кірпіш үй- ғимарат- зәулім сарайлар-

Ойын элементтері: топ тез арада бүгінгі тақырыбымызға қатысты сөздерді табу

С-дан басталған 2-3 сөз

К-ден басталған 2-3

М-дан басталған 2-3

А-дан басталған 2-3 сөз

Ү кезең Қорытындылау: «Ой толғау» «Мен 2030 жылы еліміздегі құрылыс сәулетті қалай елестетемін» тақырыбына екі оқушыға жаздыру, оқыту.

ҮІ Үйге тапсырма беру: Сәулет өнері ескерткіштеріндегі тарих тақырыбына эссе жазу.



© 2010-2022