ҚМЖ К. Қасымұлы бастаған көтеріліс

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар

Пән мұғалімі: Ұ.Жаманқараева

Пәні: Қазақстан тарихы

Сыныбы: 8

Өтілетін күні: 06.12.2016жКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы.

Мақсаты

Отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының азаттық үшін күресінің бір бөлігі екенін, ол қазақ қоғамы мен патша үкіметі арасындағы қайшылықтардың

салдары екенін көрсету;

Жалпы мақсат

Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Күтілетін нәтиже

Оқушылар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы туралы білімдерін толықтырады. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады

7 модульдің қолданылуы

АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Миға шабуыл, Сандар сөйлейді Инсерт, Роунд-робин , «Иә», «Жоқ», Күн шуағы

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг

Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-4 дейін санау арқылы топқа бөлу

Алтын ереже құру қажеттігі туралы айту.

Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.

Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім

Қызығушылық

тарын ояту

«Миға шабуыл» сұрақ жауап

Үй тапсырмасын сұрау үшін «Сандар сөйлейді»әдісі қолданылады

Берілген сандарға «2,3,4,5,6,7» байланысты мәліметтер келтіреді

Мысалы:

1836-1838жж көтеріілістің жеңіліске ұшырауының 4 себебі

Түсіну

«Инсерт » әдісін пайдалану арқылы өткен тақырыпты қайталау және жаңа сабақтың тақырыбын ашу

Слайдта көрсетілген мәтінмен жұмыс жасау, әр топ берілген тапсырмадағы тақырыпты табу керек. Бұл тапсырманы оқушы орындай отырып,тақырыпты өз бетімен игереді,түсінбеген жерін түртіп алады және ең бастысы сыни ойлау дағдысы қалыптасады.

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс жасау

Қолдану

Топтық жұмыс «Роунд-робин»әдісі

Берілген сөздерге жеке-жеке тоқталу

Берілген сөздерге әр қырынан мәлімет келтіреді.

«Көтеріліс себептері», «Кенесары Қасымұлы», «Ақмола бекінісі», «Хан сайлау», «Кенесары саясаты», «Сарбаздар», «Жазалаушы отряд», «Елшілік», «Қырғыз манаптары», «Көтерілістің жеңілу себептері»

Оқушылар бірінің айтқанын бірі қайталамай сабақ мазмұнын айтып шығады.

Сергіту сәті

«Ой жаттығуы» Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Отан ,туған жер, ел туралы мақал-мәтелдер келтіру

Отан ,туған жер, ел туралы мақал-мәтелдер келтіреді

Талдау

«Иә», «Жоқ» әдісі бойынша тақырыпты талдау үшін арнайы сұрақтар беру

Оқушыларға мәтінен бірнеше сұрақтар беріледі,сұраққа «Иә», «Жоқ» деп жауап беру сұралады

1.Көтеріліске қатысушылар тек қана қазақтар болды (Жоқ )

2.Патша үкіметі құрған округтерді тарату көтерілісшілердің басты мақсаты болды (Иә)

3. «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» деп жазған Николай Губин (Жоқ )

4.Кенесары 1837 жылы хорунжий Рытовтың отрядын жеңді (Иә)

5.Кенесары Батыс сібір генерал-губернаторына хат жолдады (Иә)

6.Ақмола бекінісін қорғады Қ.Құдаймендіұлы мен Симоновтың әскери жасақтары (Жоқ )

7. Ақмола бекінісіне баса көктеп кіріп,қаза тапқан батыр Басықара болды (Иә) 8. К.Қасымұлы 1840 жылы хан сайланды (Жоқ)

9.Кенесары енгізген салықтың түрлері харадж,түтін (Жоқ)

10.Хан әскерлеріне айырым белгілерін енгізу үлгісін орыстардан алды(Иә)

Оқушыларға мәтінен бірнеше сұрақтар беріледі,сұраққа «Иә», «Жоқ» деп жауап береді

11. Кенесары жантөре сұлтанның әскеріне тобыл өзенінің бойында соққы берді (Иә)

12.Долгов пен Герн бастаған елшіліктің келуі 1838 жыл (Жоқ)

13.Кенесарыға қолдау көрсеткен батырлар Сұраншы ,Тайшыбек(Иә)

14. «Менің мұнда келгенімнің мақсаты ,сендермен жауласу,қан төгісу емес, қайта қазақтар мен қырғыздардың басын қосып ,оларды күшейту болып табылады» деп хан талап қойды (Жоқ)

Жинақтау

«Күн шуағы» әдісін пайдалану

Тақырыптарға шолу

Топтар жаңа тақырып бойынша меңгергендерін күн шуағына түсіреді

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, нақты мәліметтер келтіру.

Бағалау

Өзін-өзі бағалау (2 мин)

бағалау парақшалары

Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату

Өзін- өзі топпен бағалайды

Рефлексия

Рефлексия парағын толтыру

Оқушыларға рефлексия парағын толтыруды ұсыну

Ұсынылған парақты толтыру



© 2010-2022