• Преподавателю
  • История
  • План по истории на тему Қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы материалдық мәдениеті

План по истории на тему Қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы материалдық мәдениеті

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

План по истории на тему Қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы материалдық мәдениеті

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Бозой орта мектебі

Тарих пәні мұғалімі Рскалиева Жадыра Шамгоновна

8 класс Қазақстан тарихы

Тақырыбы:

Қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы материалдық мәдениеті

Мақсаты:

Қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы материалдық мәдениеті туралы түсінік қалыптастыру

Күтілетін нәтиже:

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының материалдық мәдениетінің негізін құрайтын заттарды, олардың тарихтан алар орнының ерекшелігін біліп түсінеді. Материалдық мәдениет туралы ойлау дағдылары мен топ ішінде және тақырыпқа сай өз ойларын толық жеткізе білуге үйренеді.

Кезеңдері

Формасы

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе


Тренинг «Сен білмейсің, мен...»

Топқа бөлу

Оқушыларды шаттық шеңбер бойынша тренинг жасаттыру

Кеспе қағаздар арқылы 4 топқа бөлу

Оқушылар шаттық шеңбері бойынша орналасып, өздері туралы айтады

Үш шапалақ


Кеспе қағаздар

Тұсаукесер

- «Себет» әдісін пайдалану


«Кір жаю» әдісі

- «Себет» әдісін пайдалану

* идея -«ұлттық құндылық»

*оқушылардың түсініктері - өнер, білім, ғылым, салт-дәстүр, т.б.

* ұсыныс - бұл ұғым материалдық және рухани болып бөлінеді

* шешімі - оқушылардың дәлдік жауаптары

* атауы - «Мәдениет»

- «Кір жаю» тапсырмасы

1. Ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, шиден құрастырылады. Дала тұрғындарының тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем ғылымы, мәдениет пен өнердің білімпаз сарапшылары, халықаралық этнографиялық көрмелерде қазақтың осы өнеріне үлкен баға беріп отырған. (Киіз үй)

2.XVIII ғасырда Еуропа саяхатшылары қыпшақтарға байланысты таңдана жазған дерегі (сүт тағамдары, ыдыстары туралы)

3.19 ғасырда Қазақтарда ұзатылған қыздың жасауының ішіне де ең бағалы зат ретінде салынған қыз балаға тән емес зат (қару-жарақ түрі)

4. Қазақ халқының бұл затының түрі де, үлгісі де еш халықтан кем емес. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған (Ұлттық киімдері мен әшекей бұйымдары)

- Оқушылар «Мәдениет» сөзін анықтауы керек


- Оқушылар кіржайғыштағы сұрақтарға жауап қайтарады

- Топқа берілген тапсырманы анықтау үшін сұрақтың жауаптары сәйкес болады.

Мадақтау

Себет, кеспе қағаздар


Кеспе қағаздар мен кір қыстырғыш

Негізгі бөлім

«Галереяға саяхат» әдісі

- Топ мүшелеріне 4 түрлі тапсырма береді, белгі береді, қорытынды жасауға көмектеседі

1 топ:

- Тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс-киіз үй.

2 топ:

- Ұлттық киім-ол біздің ұлттық мәдениетіміз

3 топ:

- Ер жігіттің мінезі-қару жарақ

4 топ:

- Қазақтың ұлттық ыдыстары

- Оқушылар мәтінді өз беттерінше оқып, түртіп алу стратегиясын қолданады, тақырыпты топта талдап, постер қорғайды.

- Галереяға саяхат жасайды.

- Тілектері мен сұрақтарын жазады.

- Қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарады.

Екі жұлдыз бір тілек

Оқулық, ғаламтор мәліметтері

Қорытынды

«Себет тапсырмасы»


«Қарлы кесек» әдісі

Тапсырмалар орындау:

1 топ: «Өмір ағашын» толтыру

2 топ: «Кіші жоба қорғау»

3 топ: «Бес жолдық өлең» құру

4 топ: «Венн диаграммасын» орындау

- «Қарлы кесек» тапсырмасы

1. Материалдық мәдениетің рухани мәдениеттен айырмашылығы неде?

(Қазақ халқының заттай мәдениетінің негізі)

2. Қазақ халқының материалдық мәдениетінің бір саласын қандай шаруашылыққа байланысты құралдыр құрайды?

(мал шаруашылығы, егіншілік, үй кәсіпшілігі, қолөнермен байланысты күнделікті еңбек құралдыры)

3. Қазақтың киіз үйлері кімдерді таң қалдырды?

(Шетел жиһанкездерін)

4. Қандай өмір қару-жарақтардың түрлерінің жетілуіне әсер етті?

(Көшпелі өмір, ру арасындағы тартыстар, сыртқы жауға қарсы күрестер қарудың жетілуіне әсер етті)

- Топ мүшелері талқылай отырып тапсырмаларды орындайды, қазіргі өмірмен байланыстырады

Екі жұлдыз бір тілек

Себет тапсырмалары

Рефлексия

«Бес саусақ» әдісі

1. Не білдім?

2. Не үйрендім?

3. Не көрдім?

4. Не сәтсіз?

5. Не түйдім

Оқушылар жеке дара немесе топтық жұмысқа бағыттайды


Үйге тапсырма

Не сәтті өтті?

Не сәтсіз өтті?



© 2010-2022