Сабақ жоспары Қазақ хандығы

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ №

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: §42. Қазақ хандығының мемлекеттік -әкімшілік құрылымы

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақ қоғамындағы басқарудың ұлттық жүйесі, ханнық құқықтары және міндеттерімен оқушыларды жан-жақты таныстыру;

  • Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды өз елінің тарихын, тілін, дінін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау, сұрақ - жауап

Көрнекілік: карта, сызба.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу, түгендеу

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Мен хан болсам ..... эссе тексеру

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  • Басқарудың ұлттық жүйесі

  • Қазақ ханы

  • Ханның құқықтары мен міндеттері

  • Халықтың әлеуметтік құрамы

ХҮ - ХҮІ ғасырлардағы Қазақ хандығының құрылуы жүйесі

Сатылары

Басқарудың ұлттық жүйесі

Бірігудің түрлері

Басшысы

Басшының міндеттері

Басшының негізгі қасиеттері

1

Ауыл

Туыстас, қандас жақын адамдардан немесе бірнеше отбасы

Ауылбасы

Ауылдың шаруашылығын басқару, маусымдық көші-қон уақытын белгілеу, көлік күшін пайдалену, салық уақытында төлеу

Білгір, тәжірибелі, саяси беделге ие ауқатты

2

Ата - аймақ

Жеті атадан қосылатын бірнеше ауыл

Ақсақал

Шаруашылықты, алым- салықты қадағалау, ақсақалдық шешімін екі айтқызбай орындап отыру

Жоғары мәртебеге ие, жасы келген

3

Ру

10 немесе 15 аймақтан

Рубасы

Рудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланысты

Көпті көрген, мол тәжірибелі, білікті, білгір

4

Арыс

Бірнеше рудан

Би

Бүкіл қауым бидің билігін орындауға міндетті, би әділетті болу керек

Әділ, шешен, ақыл-кеңес бере алатын

5

Ұлыс

Бірнеше арыстан

Сұлтан

Ұлыс ішінде, жер, барымта, алым- салық, әскер, көші - қон мәселесімен айналысты

Ақсүйектер әулетінен

6

Жүз

Бірнеше ұлыстан

Хан

Жер мәселесі, әскер, ішкі, сыртқы тұрақтылық, сот мәселесінің барлығы ханның міндеті

Тек қана хандар әулетінен

7

Хандық

Үш жүзден

Қаған ( ұлы хан)

Ұш жүздің жер, дау-дамай мәселерін шешті, ішкі-сыртқы жағдайды қадағалады

Ақсүйек шонжарлар

Қазақ қоғамы екі негізгі әлеуметтік топтан тұрады:

1.Ақсүйектер - Шыңғы ұрпақтары мен қожалар

2.Қарасүйектер - мүліктік жағдайына қарамастан қоғамның қалған топтары

Сұлтан - ұлыс билеушісі, хан болып сайлануға құқылы. Ол хан үшін міндеткерліктер атқарудан босатылады.

Билер - ру және тайпа басшылары, заң ілімін меңгерген, сот қызметін атқарушылар әскери билік жүргізушілер. Олар 4 міндетті ұштастырып отырған:

1.Әскербасы

2. Әкімшілік адамы

3. Би

4. Дала ақсүйектерінің өкілі

Батырлар - қазақ жасақтарын бастаған қолбасшылар, әскерилер, жаумен жекпе - жекке шығатын ержүрек адамдар

Ақсақалдар - іс жүзінде белгілі бір заңдық өкілеттігі жоқ, жасына байлығына және сіңірген еңбегіне қарай құрметке бөленген адамдар.

Қарапайым халық - алым - салықты төлеп, міндеткерліктер өтеушілер.

Құлдар - ең құқықсыз әлеуметтік топ.

ІҮ. Сабақты бекіту:

  • Қазақ қоғамында ұлттық басқару жүйесінің қандай тармақтары бар?

  • Қазақ ханы қалай сайланды?

  • Қарапайым халықты қандай атаулармен атады?

  • Қазақ қоғамында құл мен күңдер болды ма?

  • Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрамы қандай?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма: §42. Оқып келу.



© 2010-2022