Көшпелі мал шаруашылығы-тіршіліктің қайнар көзі. ҚМЖ 6-сынып

Коучинг жоспары Апта Күні Коучинг тақырыбы: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - мәселелер мен иновациялық тәжірибелер Сілтеме: Нұсқаулық,суреттер, ғаламтор материалдары. Мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту барысында мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал жасау. Міндеттері: 1.Әріптестерді топқа бөлу. 2.Тапсырмалар бере отыра, мұғалімдердің сыни ойлауын дамыту. 3. Кері байланыс ...
Раздел История
Класс 6 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 « А» сынып

Қазақстан тарихы Бердісүгірова.З.А

Сабақтың тақырыбы:

Көшпелі мал шаруашылығы- тіршіліктің қайнар көзі

Сілтеме

Оқулық, тарихи шеңбер, карта

Сабақтың мақсаты:

1. Темір дәуіріндегі Қазақстанның тарихы, мал шаруашылығы, баспанасы, тұрғындардың отрықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысуы,тебіндік жайылым,төрт түлік мал туралы түсінік бере отырып, оқушылардың білімін арттыру;

2 Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, өз бетінше жұмыс жасауына бағыт - бағдар беру.

3.Оқушыларды Отан тарихындағы мәдени құндылықтарды бағалап, қастерлеп, сақтай білуге баулу.

Нәтиже .Табыс критерилері.

/Оқушы жетістігі/

1.Оқушылар картамен жұмыс жасай алады, өздігінен ізденеді, шешім шығара алады.

2.Тақырыптағы негізгі саяси өзгерістерге талдау жасай біледі, негізгісін анықтай алады. 3.Хронологиялық жылдармен жұмыс жасай алады.

4. Тапсырмаларды орындауда алған білімдерін пайдалана біледі.

5. Аргументті түрде өз ұстанымын дәйекті дәлелдей алады

6.Бірін-бірі және өзін-өзі бағалап,қателерін түзей алады.

9.Топта ынтымақтаса жұмыс жасай алады.Өзін-өзі жақсы ұстай алады.


Сабақтың түрі, типі:

Ізденіс сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі:

диалогтық оқыту, жұптық жұмыс, жеке жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:

Карта, интербелсенді тақта, электронды оқулық, постер, қима тапсырмалар, атлас;



Сабақ барысы

Жаңа сабақ:

Орта ғасырдағы Қазақстан тарихына шолу жасаудағы мақсатым блум таксономиясын қолдану

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды төрт топқа бөлу, топтардан топ басшысын сайлап,бағалау парағын тарату.

Көшпелі мал шаруашылығы- тіршіліктің қайнар көзі. ҚМЖ 6-сынып


1.Оқушыларды топқа бөлу.

1-Жаз. 2-Күз. 3-Қыс. 4 топ- Көктем

2.«Қызықты сандар» (тақырыптағы барлық ғасырларды қосу)

І+Х=ҮІІІғ Ерте Темір дәуірі.Көптеген тайпалар үшін темірді пайдаланудың бастапқы кезеңі

ІІ+VI+І-ІІІ=ҮІ ғ.

ҮІ+Ү+ІІ-Х=ІІІ ғ

Темір дәуірі 3 сатыға бөлінген:
Бірінші саты (б. з. б. VII-VI -ғ.)
Екінші саты (б. з. б. V-IV-ғ.)
Үшінші саты(б. з. б. III-I-ғ.)

Темір дәуірі - адамзат тарихындағы аса маңызды өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең.

Темір - өте берік, әрі салмақты металл. Темірден жасалған құралдар тас және қоладан жасалған құралдарға қарағанда әлдеқайда өткір, төзімді болып келеді. Темірді ертеде «Аспан тасы» не «жұлдыз тасы» деп атаған.

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ескерту

І тапсырма

«Дана үкілер » техникасы

Оқулықпен жұмыс

Мұғалім оқушыларға «Темір дәуірінің тарихи маңызы» атты бейнежазба көрсетеді де оқулықтағы тақырыппен жалғастырып өтеді

1. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы тарихи маңызын ашу.

2.Тебіндік жайылымның пайда болуы және шаруашылықтың дамуына тигізген әсері.

3.Киіз үйдің пайдасы мен мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы.

4. Төрт түлік малдың түрлері және отырықшы мал шаруашылығының көшпелі өмір арасындағы айырмашылығы тарихи маңызын ашу

Оқушылар оқулықтан және бейнежазба материалын байланыстыра отырып түсінеді. Негізгі оқиғаларды, жаңа ұғымдардың астын түртіп алады.




Картамен жұмыс

Қазақстанның қай аумағы егіншіліктен гөрі мал шаруашылығына қолайлы болды?

Маңғыстау,Бетпақдала Орталық Қазақстандағы ұсақ шоқылар Алтай мен Алатаудың таулы аудандары егіншіліктен гөрі мал шаруашылығына қолайлы болды.


ІІ тапсырма

«Полиглот» ойыны арқылы өз ойларын еркін жеткізуін байқау


1-топ. Қазақстандағы ежелгі тұрғындардың ерте темір дәуірінде көшпелі мал шаруашылығына өту себептерін ашып сызбаны толтырыңдар

Құрғақшылық

Қашан?

2-топ. Ойланып көр: мал өсіруде көшпелілер үшін жануарлардың қандай қасиеттері маңызды болды, яғни олардың қандай артықшылықтарына қарап таңдау жасады?

Көшпелі мал шаруашылығы- тіршіліктің қайнар көзі. ҚМЖ 6-сынып

Жылқының 4 артықшылығын ата.

Қой: 4 артықшылығын ата

Көшпелі мал шаруашылығы- тіршіліктің қайнар көзі. ҚМЖ 6-сынып

3-4 топ. Сиырдың 2 артықшылығы ал,

Түйенің 3 артықшылығын табыңдар

Оқушылар өз ойларын айта отырып, өз білімдерін тексере алады.




Көшпелі мал шаруашылығы- тіршіліктің қайнар көзі. ҚМЖ 6-сыныпКөшпелі мал шаруашылығы- тіршіліктің қайнар көзі. ҚМЖ 6-сынып




Work in groups. 1 group: Name the advantages of the horse.

II group: Name the advantages of cow.

Example: Cow is domestic animal. People eat its meat and drink its milk.

III group: sheep.

IV group: camel


Students discuss the theme in groups.

and speak about it.

Example:

You can ride it and people eat its meat and drink its milk(kymyz)



ІІІ тапсырма

Тарихи диктант

Келесі тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қою. Малшылар ғасырлар бойы дағдыланған мал өсіру, баптау мәдениетін сақтай отырып, жазда - ............(жайлауға), қыста -............. (қыстауға) үзбей көшіп жүрген.

Көктемде............ (көктеуге)

Күзде .............. (күзеуге) көшіп отырған


  • Алған білімдерін деректермен байланыстырады. Терме диктант жазады

  • Көшпелі мал шаруашылығы кезіндегі пайда болған жайылым түрлерін табады

  • Жайлау

  • Күзеу

  • Қыстау

  • Көктеу


ІҮ тапсырма

Ойлан,тап!

ойыны

1.Берілген түсініктемелерге қарап сөздерді тап






2.Тұяқты мал аршып жейтін қар астындағы шөп , қысқы жайылым.

3.малды бір жерден екінші жерге ауыстырып бағатын мал шаруашылығы







Мал түрлерінің ерекшеліктерінің тарихи маңызын аша алады.

Ү тапсырма

1.Анаграмманы шеше отырып киіз көшпелілердің негізгі баспанасын және негізгі бөліктерін атаңдар

Көшпелілердің жиналмалы баспанасы

Й К З И Ү І

Қ А Ң А Қ

Е Р Е Г Е К

Р А Т Қ Ы У

А Ң Ы Қ Р Ш А

2. Көшпелілер нені білуі тиіс еді?

1. ------------------------------

2----------------------------------

3.--------------------------------

4.----------------------------------

Білудің маңызы зор болды.

Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен және бау-шудан тұрады. Үйдің ағаш саймандары төрт бөліктен: кереге, уық, шаңырақ және есіктен тұрады.

Кереге - киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналмалы бөліктен тұратын зат. Әрбір жеке бөлігі қанат деп аталады.

Уық - шаңырақ пен керегенің арасына дәнекер болып тұратын иінді шыбық ағаштар.

Шаңырақ - киіз үйдің төбесі. Үйдің көлеміне қарай шаңырақтың диаметрі екі жарым метрден бес метрге дейін болады.

Кері байланыс

Оқушылар өздерінің сабаққа көзқарастарын стикерлер арқылы білдіреді

Тақтадағы смайлингке өз пікірлерін жазып іледі

Қорыту





ҮІ бағалау

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді. «Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде темір жол да, поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған, өсімдіктер семіп, өле бастаған. Адам денесіндегі 3г темір жойылса, тіршілігін тоқтатып, өліп қалар еді.», бұл көріністі суреттеген, темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог, академик А. Е. Ферсман.

Организмде темір жетіспесе эритроциттердің түзілуі бұзылып, қан азаяды (анемия) п.б.

Бұл элементтің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қаназдық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері - 11-30 мг. Адам қанында 3 грамға жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл жасушасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі бұзылып, тыныс алу қызметі нашарлайды


Сабаққа қатысқан топтарды бағалайық. Топ басшылары қорытынды бағаларын айтып,бағалау парағын өткізіңіздер.

Қорыту

Ой-түйін (оқушылар тақырыпты түсінгенін немесе орташа түсінгенін, немесе мүлдем түсінбегенін таратпа қағаздарына жазады)






Бағалау шынайы және әділ болуы басты назарда ұстауды тапсырылады. Топ төрағасының қортындылырына келісімдерін білу.

Үйге тапсырма беру: § 11-12 оқу, кескін карта түсіру, БББ кестесін аяқтау, темір металына байланысты қызықты, қосымша деректеме әкелу.


© 2010-2022