1836-1838 жылдардағы Ішкі Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1836 - 1838 жылдардағы Ішкі (Бөкей) ордасындағы шаруалар көтерілісі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған көтерілістің мақсаты, сипаты, тарихи маңызын ашып көрсету туралы бейнелі түсінік беру.

Дамытушылық. А) тарихи деректерді сөзбен дәлелдеуге жаттықтыру;

Б) оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

В) өз пікірін қорғай білу дағдыларына төселдіру.

Тәрбиелік: а) бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру;

ә) тарихты оқып, үйренуге, шешендік сөз, сана, ұлттық намыс қалыптастыру;

б) ерлікке батырлыққа, Отанын сүюге, оған қызмет етуге, Отанды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, салыстыру, тест әдісі.

Жаңа технология стратегиялары: Ой қозғау, ассоцаия, тірек сызба.

Көрнекілігі:

Пайдаланылған қосымша әдебиет:

І. Тарихи шығармалар:

1. М.Қозыбаев, «Жауды шаптым ту байлап». Алматы, «Қазақстан». 1994.

2. Халел Досмұхамедұлы., «Аламан», Алматы.1991

3. Берқайыр Аманшин., «Махамбеттің тағдыры». Алматы, «Жазушы» 1997.

4. Қазақ тарихы жырларының мәселелері. Алматы. 1979. «Исатай - Махамбет» 165 - 182 бет.

5. Исатай Наскенұлы Кенжалиев., «Исатай Тайманов». Алматы, 1977.

6. И. Кенжиев., «Махамбет Өтемісұлы. Алматы, 1979.

ІІ. Әдеби көркем шығармалар:

1. Махамбет Өтемісұлы ., «Ереуіл атқа ер салмай». Жазушы, 2002.

2. Атырау ақын - жазушылардың кітапханасы. 2 - кітап. Махамбет. Алматы. 1999.

3. Ығылман Шөреков., «Исатай - Махамбет»дастаны. Алматы, 1976.

4. Әнуар Әлімжанов., «Махамбеттің жебесі».,

5. Н.Әбутәлиев., «Қайран нарын» Алматы 1990.

6. Мұхтар Шақанов., «Әке үкімі».

7. Тәкен Әлімқұлұлы., «Қара ой» әңгімесі, т.б.

ІІІ. Баспа сөз материалдары.

Пән аралық байланыс: Әдебиет, музыка.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылады түгендеу, оқушыларды үш топқа бөлемін. әр топтың ішіндегі үлгерімі жақсы оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау, олардың жұмыс дәптерін, жауаптарын белгілеп отыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Бұл сабақты сұрауды түрлі вариантта жүргізуге болады:

а) оқушылар оқулықтың «күрестің басталу себебтері, барысы» деген мәтінін өздігінше оқып, оның күрделі жоспарын жасайды;

ә) оқулық материалдары іріктелініп оқылып, мұғалім әңгімесі, оқушылар хабарламасы талданып, кесте толтырылады;

б) мұғалім әңгімесі, кестені толытру, картамен жұмыс, көркем әдебиеттен үзінді оқу, оқушылармен таным белсенділігін арттыратын

сұрақ - тапсырма бойынша әңгімелесуге негізделеді. Мен сабақты сұраудың бірінші вариянтын пайдаландым.

Оқушылардың назарын «1837 - 1847 жылдардағы хан Кенесары Қасымұлы басқарған күрес» тақырыбына аударамын, алдымен мұқият «Күрестің басталу себептері, барысы» деген мақаланы оқып, оның күрделі жоспарын жасаңыздар, - деген тапсырма беремін.

Оқушының жоспар жасауда жіберілетін қателіктерінің болдырмау мақсатында оған қойылатын талаптар тақтаға жазылып, түсіндіріледі:

Содан кейін жоспарды жасауға бағытталған жадынама

«Толық күрделі жоспарды жасауға үйрен» деген жазуы бар плакат тақтаға ілінеді.

Оның әрбіреуінің тақырыбының атын қой, оларды араб санымен белігіле;

Оқушылар жадынамадағы талаптар бойынша мақаланың күрделі жоспарын жасайды. Ол сабақта талданып, тексеріледі, түзетулер енгізіледі. Енді бір - екі оқушының күрделі жоспарын ұсынайын.

А. 1. ХІХ ғасырдың 30 - 40 жылдардағы қазақ елінің жағдайы.

2. күрестің басталу себептері, мақсаты.

3. Көтерілісшілердің құрамы.

4. кенесары Қасымұлыны - батыр қолбасышы.

6. Күрестің аумағы.

6. Көтерісшілер ерлігі.

В.1. патшалы Ресейдің Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатының мәні.

2. Күрестің алғы шарттары, мақсаты, қозғаушгы күштері.

Топпен жұмыс.

Әр топқа тапсырма беру:

І топ: 1837 - 1847 жылдардағы күрестің алғы шарттары, мақсаты, сипаты.

ІІ топ: Кенесары Қасымұлы - тұлға, қаһарман батыр, хан, қолбасшы, дипломат, шешен, мемлекет қайраткері.

ІІІ топ: Ұлт - азаттық күрестің барысы, жеңілуі, тарихи маңызы.

Үш топтың жауабы тыңдаланады.

Тестпен жұмыс жасалады.

Картамен жұмыс.

ІІІ. Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру

Жоспары.

Кіріспе

Сабақ тірек - сызба, сызбаларды пайдалана отырып, пікір - сайыс элементтерін лекциялық әдісте қолдану арқылы жүргізіледі. Жаңа материалдарды оқып үйрену мұғалімнің әңгімесі, қосымша әдебиеттерден, хрестоматиядан көтерілістің барысы, сипаты жайлы үзінді оқумен, картамен жұмыспен және өткен сабақтарда толтыра бастаған. «ХVІІІ - ХІХ ғасырларда болған шаруалар соғысы, азаттық қозғалыстар» кестесін оқушылардың өздігінше толтыруын және сол бойынша әңгімелесуге негізделеді, әңгімелесу барысында оқушылар көтерілістің негізгі белгілерін, мақсаты мен сипатын анықтап, бұдан бұрын болған азаттық көтерілістермен салыстыра отырып, ортақ белгілері мен ұқсастықтарын, ерекшеліктерін анықтайды. Сөйтіп оқушылардың біріншіден, азаттық көтерілістің мәні мен міндетін дұрыс түсінуге жағдай жасады; екіншіден, оқушылардың белгілі тарихи кезеңде болған тарихи оқиғаларды салыстыру, ұқсастықтар мен айырмашылықтарын таба білу, біліктерін қалыптастыруға мүмкіншілік беріп, салыстыру арқылы жаңа білімді меңгеруге жағдай жасалады.

1. Ұлт - азаттық көтерілістің себептері, мақсаты

2. 1836 - 1838 жылдардағы ұлт - азаттық көтерілістің сипаты, жеңілу себептері, маңызы

3.Осы көртерілістің Махамбеттің рөлі

V. Бектіу. Діптермен жұмыс

а) «Бетпе - бет» студиясы ойыны.Үш топытың балалары бір - біріне жаңа сабақ бойынша сұрақтар қояды.

1. Исатай - махамбет көтерілісі қашан, қайда болған?

2. Көтерілістің шығу себебі не?

3. Көтерілісшілер қандай ерлік жасады?

4. Махамбеттің қандай өлеңдерін білесіңдер?

ә) «Тарих - лото ойыны» ойыны. Оқушыларға кеспе қағаздар таратылып, төменгі сөздерді пайдаланып, тақырып қа байланысты әңгіме құрастыру.

Исатай, Махамбет, соғыс, мақсат, жау қарсы, қамал, айқас, жүрегегін оятты, қайсар батыр.

Көлденеңінен:

1.Атырау облысының басты байлығы.

2. 1836 - 1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің басшысы.

VI. Қорытынды кезең

1. Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс пен Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің ерекшелігін, ортақ белгілерін, сипатын әңгімелеңіздер.

2. 1936 - 1938, 1847 - 1847 жылдар аралығында болған көтерілістердің қамтыған жерлерін қатардын тауып, салысытырыңыздар.

Оқушыларды бағалау

Жақсы жауап берген оқушыларға қосымша сұрақтар қоя отырып, оларды бағалау.

VIII. Үйге тапсырма

Тақырыпта мұқият оқып шығып, оқулық сұрақтарына жауап беру және алдағы сабақтарда толтыра бастаған кестені ары қарай өздігінше толтыру.

© 2010-2022