Қысқа мерзімді сабақ жоспары Жапония

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


САБАҚ: 25 Жапониядағы феодалдық құрылыс

Мектеп: «№19 орта мектеп» КММ

Күні:14.01.17

Оқытушының аты-жөні: Сейтказиева Айгүл Жұмабекқызы

СЫНЫП: 7 сыныптар

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Оқушыларға Азияның Қиыр шығысындағы «Күншығыс елі» деп аталатын Жапония туралы толық түсінік беру барысында феодалдық қоғамның пайда болуына тоқталып,оның ерекшелігіне баса назар аудару.Ойлау және сөйлеу, шығармашылық тапсырмалармен жұмыс жасай білуге үйрету. Оқушыларды бір -бірін бағалауға дағдыландыру.

Сабақтың мақсаттары

  • Барлық оқушы істей алады: Оқулықтағы берілген мәтінді оқып, негізгі ойларын анықтайды.

  • Көпшілігі істей алады: Берілген тапсырма аясында сұрақтар қоя алады

  • Кейбірі істей алады: Өздерінің қабілеттеріне қарай сұрақтарға жауап беріп, ойларын айта алады.

Тілдік мақсат

Оқушылардың сөздік қорын молайту және өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету.

Алдыңғы білім

Бұл бөлім, алдындағы барлық меңгерілген бөлімдермен байланысты.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Басы

І. Ұйымдастыру кезеңі. 3-минут.

1.Сәлемдеседі
2. Ынтымақтастық атмосфера орнатады.

3.Оқушыларды сандар арқылы топқа бөлу
1,2,3,4,5 сандары

4. Топбасшысын сайлайды
5. Топ ережесін еске түсіреді

Балалар,үйге қандай тапсырма берілді? Қайталап жіберейік

II.Үй тапсырмасын сұрау 7 минут.
Сұрақтарға жауап:

1.Христиан шіркеуі қашан екіге бөлініп кетті?

2.Қай папаның тұсында шіркеудің рөлі күшейді?

3.Күпірлер деген кімдер?

4.Инквизиция деген не?

5.Шіркеуге қарсы шыққан оқымыстылар кімдер?

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Сөйтіп феодалдық құрылыс кезінде христиан шіркеуі мен оның басшылары қоғамда үлкен рөл атқарды.Олар мемлекеттегі жоғары билік үшінде таласып отырды.Христиан діні халықтың бойында ізгілік,инабаттылық қасиеттерді қалыптастыруды көздеді.Сондық тан олар діндарлар арасында үлкен беделге ие болды.Бірақ шіркеу басшыларының байлыққа бой ұруы,балама пікірге төзбеушілігі оның халық алдындағы беделін түсіріп,ықпалының әлсіреуіне әкеліп соқты.
1. - Балалар бүгін біз жаңа тарау бастаймыз. Шығыс елдеріндегі феодалдық құрылыстың орнауы. сабағымыздың тақырыбы «Жапониядағы феодалдық құрылыс
Сабағымыздың жоспары:

1.Жапониядағы феодалдық қоғамның қалыптасуы

2.Саяси құрылыс

3.Біртұтас мемлекеттің құрылуы

4.Шаруалардың жағдайы. Қалалар

Оқулық, ақылды тақта,бейнероликтер,

суреттер,

смайликтер,бағалау парақшалары

Ортасы




III. Жаңа сабақ

1.11-13 ғасырларда феодалдық қатынас дамып,шаруалардың көбі жерлерінен айырылып,елде кедейшілік күшейді,Жерсіз шаруалардың бәрі мемлекет (император) жерінде жұмыс атқарды.Ірі жер иесі «хонкэ» деп аталды. Хонкэ жерінде жұмыс атқарған әскери адамдарды «самурайлар» деп атаған.Кейіннен 14-15 ғасырларда олар Жапониядағы орта феодалға айналды. Олардың ата бабалары жерде жұмыс істегенімен,феодалға әскери міндеткерлік атқаруға тиісті болған жапон әскерлерінің негізі самурайлардан құралған.

2.Жапоиняның саяси құрамындағы жеке билік императорлық басшылық туралы,күні бүгінге дейін Жапониядағы саяси билік император атымен жүргізілетіндігі айтылады.7 ғасырда шыққан заңда мемелекеттегі барлық халықтың қожасы патша император делінген. Жапонияның саяси құрылысы:

император микадо сегун самурай

Сегун микадоның бірінші министрі.Самурай мемлекеттік қызметкер.Жапонияда екі мұрагерлік билік императорлық және сегундық билік үстемдік етті.Жапония әскери-феодалдық мемлекет болды.

11-13 ғасырлардағы Жапонияның саяси құрылысы



3.Жапонияда 16 ғас соңында саяси бытыраңқылық аяқталып,жаңа экономикалық даму белең алды.Билік басындағылар елді басқару үшінкүшті мемлекеттік биліктің қажет екенін түсіне бастады.Саяси билікке жаңа әлеуметтік топ буржуазия араласа бастады.Алғаш рет елді біріктіруді басқарған Ода Нобунага болды. Ол Хонсю жерін бағындырып,Асиката әулетінің ең соңғы сегунын биліктен кетірді.Нобунаға ісін оның досы Хидэеси жалғастырды. Елде қтала тәртіп орнатты. Көрші елдереге жорықтар жасап,Оңтүстік Корея жерін уақытша бағындырды.Жапонияны біріктіріп,ұзақ жыл басқарған мұрагер Токугава болды. Ол жоғарғы сегун атағына ие болды.Ол елді 1867-69 жылға дейін басқарды. Еуропа елдерімен қатынасты үзіп,елдің экономикалық жаңа дамуы барысында өз күштеріне сүйенді.Ұлттық буржуазияның саяси билігін тежеп,феодалдық биліктің ұзақ сақталуына жол ашты.

4.13-15 ғасырлар арасында Жапонияда қоғамдық қатынастың тез өсуі,сауда саттықтың күшеюі қалалардың тез дамуына жол ашты.Ең ірі қалалары Киото,Сакаи,Хиого,Хаката,Нагасаки,Осака болды.14-16 ғ.Жапонияда 17 ірі қала болды.Қала халқының саны 300 мыңға жетті.Жерсіз қалған шаруалардың жағдайы өте ауыр болды.Салық ауыртпалығы,феодалдық қанау шаруаларды қайыршылыққа әкелді.Феодалдарға қарсы күресу үшін қарулы топтар құра бастады.Олар тонаушылықпен айналысты.1428 жылы Киото қаласында ең ірі көтерілісболды.1532 жылы Киото,Харима,Исэ,Тайба қалаларында кедейлер көтерілісі болды.Олар сегундық билікті әлсіретті.Феодалдық бытыраңқылық нәтижесінде жапония бірнеше княздықтарға бөлініп кетті.

№1 тапсырма. Көп нүктенің орнына көрсетілген уақытта болған оқиғаны жаз.

1568-1582 жылдары

1573 жылы-

1580 жылы

1583-1598 жылдары-

1592 жылы-

1598-1616 жылдары-

1867-1869 жылдары-

№2 тапсырма. Термин сөздермен жұмыс

Тақта,бор,сызба,схема






Оқулық,дәптер













Соңы




IV.Сабақты бекіту: 3 минут

Тапсырма №1. «Ой тұжырым» Әр топ бүгінгі сабақта моғолстан мемлекетінің тарихында ұнаған жерін бір сөзбен айтып шығу.

V.Үй тапсырмасы: 2 минут
1.Тақырыпты оқу
2. Жапония мемлекетіне сатылай кешенді талдау жасау
VI.Бағалау: 3 минут
Мұғалімнің бағалауы
Жиынтық бағалау
Сабақтың ә рбір кезеңінде оқушыларды марапаттап жұлдызшалар беріп отыру
Кері байланыс-Мен ойымша......




Рефлексия


© 2010-2022