Урок по истории на тему Монғол ұлыстарының құрылуы

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 27- сабақ

Сабақтың тақырыбы: Монғол ұлыстарының құрылуы 7а - 12.12.15ж.

Білімділік мақсаты: Оқушыларға Қазақстанда Монғол империясының үстемдік етуі, империяның басқыншылық саясаты мен оның зардаптарының әсері жайында толық мағлұмат беру.

Тәрбиелік мақсаты: Қазақ тарихындағы осы бір оқиға арқылы оқушыларды патриоттыққа, елжандылыққа, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.

Сабақтың типі; аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап,кестемен жұмыс,проблемалық сұрақтар,оқулықпен жұмыс

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

- Саламатсыздар ма, оқушылар! Бүгін сабақта кім жоғын белгілеп алайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Шыңғысхын туралы не білеміз?

Монғол империясының негізін қалаушы Темүжін 1155 жылы Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде дүниеге келген. Темүжін 9 жасқа толған кезінде әкесі Есугей батырды татарлар қастандықпен өлтіреді.1206 жылы өткен құрылтайда Темүжінді хан етіп сайлап, Монғол империясын құрады.

Қоғамдық құрылысы

Урок по истории на тему Монғол ұлыстарының құрылуыУрок по истории на тему Монғол ұлыстарының құрылуыУрок по истории на тему Монғол ұлыстарының құрылуыУрок по истории на тему Монғол ұлыстарының құрылуы

Түменбасы

мыңбасы

жүзбасы

онбасыУрок по истории на тему Монғол ұлыстарының құрылуыУрок по истории на тему Монғол ұлыстарының құрылуыУрок по истории на тему Монғол ұлыстарының құрылуыУрок по истории на тему Монғол ұлыстарының құрылуы

10 мың әскер

1000 әскер

100 әскер

10 әскер

Мемлекттің басты заңы «Жасақ» (Яса) Монғолияның аумағы мен халқы 3 әскери әкімшілікке бөлінді:

Урок по истории на тему Монғол ұлыстарының құрылуыУрок по истории на тему Монғол ұлыстарының құрылуыУрок по истории на тему Монғол ұлыстарының құрылуы

Урок по истории на тему Монғол ұлыстарының құрылуыУрок по истории на тему Монғол ұлыстарының құрылуыУрок по истории на тему Монғол ұлыстарының құрылуы

Барунгар

Оң қанат

Кул

Орталық қанат

Жоңғар

Сол қанат


Болжам тренингі Мен сіздерге мынадай кілт сөздерді ұсынамын, осы сөздерге сүйене отырып, бүгінгі өтетін тақырыпқа болжам жасап көрейік.(Оқушылар өз болжамдарын жасайды)

Урок по истории на тему Монғол ұлыстарының құрылуыУрок по истории на тему Монғол ұлыстарының құрылуы

Сонымен бүгінгі өтетін жаңа тақырыптың аты өздеріңіз айтып отырғандай Монғол ұлыстарының құрылуы.

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту

  1. Оқулықпен жұмыс /мән оқу/

2.Монғолдардың Қазақ жерін жаулап алуы.

(Кесте арқылы түсіндіру).

1207-1208 ж

Жошы Енисей қырғыздарын, Сібір халықтарын басып алуы

1207-1209 ж

Таңғұт, Турфан кінәздіктерін, ұйғырларды басып алуы

1211-1215 ж

Қытай жерін бағындырылуы

1217 ж

Күшлікке қарсы Жебе ноянды аттандыруы

1218 ж

Монғолдардың Жетісу жеріне енуі

1219 ж

150 мың әскерді Ертіс, Сырдарияға аттандырып, Отырарды қоршап алуы

1219-1220 ж

Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдарға бағынуы





Оқушыларға кесте арқылы түсіндіргеннен кейін,проблемалық сұрақ қойылып, пікірлері тыңдалады.- Монғол әскерлерінің көп жерлерді жаулап алуының мәні неде деп ойлайсындар?

Жаулап алудың зардаптары

  • Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі ХІІІ-ХІV ғасырларда 20-жуық елді-мекендер қалған;

  • Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен;

  • Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды;

  • Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды;

  • Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді;

  • Мәдениеттің дамуына кедергі болды.

Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін, балаларына мұрагерлікке үлестіріп берді. Ол жерлер ұлыс деп аталады.

Қазақ жерінде ұлыстардың құрылуы

Урок по истории на тему Монғол ұлыстарының құрылуы

Монғол жаулаушылары Қазақ жеріне енуі 2 бағытта жүрді:

  1. Шапқыншылық, басқыншылық бағытта;

  2. Шыңғыс хан ұрпақтары Қазақ хандығындағы хандар тарихының бастауы болды.

Монғолдардар Қазақ жерін жаулап алғаннан кейін, түркіленіп, Қазақ хандығының түп негізі болғаны сөзсіз. Бұл сабақтың жалғасы келесі сабақтарда жалғасын табады. Бүгінгі сабаққтың басы осыменен аяқтай отырып, сабақты қорытындылау бөліміне көше отырып, сайысымызды бастаймыз.

Сабақты бекіту

«Тұлғаны таны» деп аталады. Оқушылардың алдына тұлғалардың портреті және сұрақтар беріледі

Бұл кім?

Қай уақыттарды өмір сүрген?

Бұл адам туралы не білесің?

Бұл тарихи тұлғаның Қазақстанға қандай қатысы бар?

Урок по истории на тему Монғол ұлыстарының құрылуы Урок по истории на тему Монғол ұлыстарының құрылуы

Хронологиялық диктант

Жаңа меңгерген тақырыптан оқулықпен жұмыс жасауға мүмкіндік жасалады.

1206 жылы 1208-1209 жылы

1207-1208 жылы 1211-1215 жылы

1218 жылы 1217 жылы

1219-1220 жылы 1219 жылы

Проблемалық сұрақ (ауызша): Монғолдар Қазақ жерін жаулап алмаса не болар еді?

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үй тапсырмасы. & оқу

© 2010-2022