9 - мамыр Ұлы Жеңіс жасасын!

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы : Ұлы Жеңіс жасасын !
Мақсаты: 1941 - 1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда ауыл ардагерлерінің ерліктерін тыңдату, Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа, ардагерлерді сыйлауға, тағзым етуге тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекіліктер: суреттер, буклет, плакат, «Жеңіс», «Отан» туралы жазылған нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, музыкалық орталық, т. б.
Өткізілу барысы:
1. Кіріспе
2. «Ерлік ешқашан ескірмейді » Баяндама
3. Ұлы Жеңіске мың тағзым! (жеңіс туралы әндер, өлеңдер оқу)
4. Батырлар есімдері мәңгі тарих бетінде (қазақ батырлары туралы )
5Қорытынды
Барысы: -Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес. Әлемді дүрсілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 мамырда бұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті.
Жеңіс мерекесі - бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының мерекесі. Жеңіс мерекесі - жеңімпаз әкелер мен аға буынның және сол ағалар ісін алға апаратын жас буынның мерекесі. Бұл біздің ең қасиетті де қастерлі мерекеміз, Жеңіс күні 9 - мамыр - бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.
Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңістің аяқталғанына 70 жыл. Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті.Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Сонымен 9 - мамыр Жеңіс күніне арналған тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Дилша 70 бейбіт көктем таң атқалы.
70 шуақты күн таратты әнін.
70 көктемде содан бері,
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
Ахмед
Дәл осынау жадыраңқы жай күні
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басым иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғын
Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)
Ахмед
Бұлт түнеріп аспаннан
Талмай көзден жас тамған
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталған
Мұғалім : Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
Дилша
Соғыс жалмап аға-іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.
Мұғалім Иә, кім де болса өз Отанын қорғауға қашанда дайын. Ұлы Отан соғысы туралы толығырақ мәлімет алу үшін баяндамашыға Абасалиева Зиланға ға сөз берейік.
Мұғалім : Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!
Анжела
Ардагерлер - атамекен айбыны.
Сақтады олар елін - жерін, намысын,
Ақтады олар азаматтық борышын.
Сол үшін де қолтығынан демейік,
Ардагерге, майдангерге
Барлық жерде басымызды иейік.
АҚбота
Жазылған жоқ өткен күн жоралары,
Сиреп кетті - ау қарттардың аралары.
Бабам жауға бермеген туған жерді
Қорғайды әлі баламның балалары.
Муса :
Жаңғыртып ән мен аспан кеңістігін
Халқымыз қуанышта тегіс бүгін.
Жауды жаншып, Отанды азат еткен
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін.
Дилша
Жеңіс күні бар әлемге әйгілі.
Көктем шуақ - Тоғызыншы май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.
Ән : Майданға
Мұғалім Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысына қатысып , майдандарында жаппай ерлік көрсетті. Ұлы Отан соғысына Оңтүстiк Қазақстан облысынан 140 мыңдай адам аттанса, соның жартысына жуығы ғана туған жерiмен қайта қауышты. Бүгiнде от пен оқтың ортасынан аман-сау оралған майдангерлердiң 1412-сi арамызда. 26 мыңнан астам тыл еңбеккерi ғұмыр кешуде.
Соғыс жылдары КСРО бойынша 11600 - дей адам ерлігі үшін Кеңес одағының Батыры атағын алды Соның 497 қазақстандықтар ал 97 - сі қазақтар болды . 97 батырдың ішіндегі екуі Біздің ауданымыздан шыққан Қарсыбай Сыпатаев пен Садық Әбджаппаров .Бұған бiз қуаныштымыз.

Мұғалім :Қанекей оқушылар қазақтың Ұлы Отан соғысының батырларын еске түсірсек
Анжела Ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты..
Мирдиси :Әлия Молдағулова
Дилша -Әлия Казачиха деревниясы үшін болған ұрыста асқан батылдық көрсетеді. Әлия өзі жараланғанына қарамастан «Алға!» деп атой салып, жау траншеясына басып кіреді. Осы ұрыста Әлимя оққа ұшады. Ол кезде Әлия 19 жасқа толмаған кез еді. Әлияның денесі осы селоға батыр, жауынгер зиратына қойылған. Сол жерге ескерткіш орнатылған. Өзі оқыған мектепте Әлияға арналған арнайы бөлме бар.
Сөйтіп, Әлия, Ару Әлия, қаһарман Әлия бізге «Отаным», «елім» деп соққан жүрегін мирас етті.
Ақбота
Отанымыздың байтақ жерін қорғады.
Ақ сүт берген анасын қорғады.
Пәк жүзді баласын қорғады.
Самал өскен даласын қорғады.
Дилша Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген. Шын аты Мәнсие. Анасы еркелетіп Моншақ деп атап кеткен. Мәншүктің әкесі дәрігер болған. Мәншүк кішкентай кезінен «дәрігер боламын» деп әкесіне еліктеп өскен. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанғанда 19- ға жаңа шыққан талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді. Майданға аттанғанда анасы «Жолың болсын, Моншағым!» деп шығарып салады.
Елімді қолыма қару алып қорғаймын деп алдыңғы шепке сұранады. Сөйтіп, қабырғасы қатпаған Мәншүк пулеметші болып шығады.
Ақбота Мәншүк Маметова
Муса Талғат Бегелдинов
Ахмет Бауржан Момышұлы
Муса : Қасым Қайсенов, Талғат Бигельдинов, Нүркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазды.
Ән :Батыр бала болатбек
Мұғалім :Ал енді балалар 5 жылға созылған Ұлы отан Соғысының тарихымызда қалдырған оқиғаларға тоқталып өтсек
Мрдиси: 1941 ж 22 маусымда - фашисттік Германия КСРО -ға тұтқиылдан соғыс ашты .Ұлы отан соғысы басталды .
1941 жылдың 30 - қыркүйегі мен - 6 желтоқаснға дейін КСРО жауынгерлері Мәскеу қаласын қорғады .Осы шайқаста құрамында Бауыржан Момышұлы шайқасқан Панфилов қолбасшылық еткен 316- атқыштар дивизиясының жасаған ерлігі тарих бетінде қалды .
1941ж қыркүйекте жау Ленинград қаласын қоршауға алды .
Анжела: Ұлы жырау Жамбыл Жабаев атамыздың «Ленинградтық өренім» деп тебірене, толғана жылайтын тұсы да сол кез еді.
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің.
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін…
Уа, қаһарман, өренім,
Мақтанышым, беделім!..
Қаласындағы Лениннің
Сайып қыран, өренім!
Ақбота : 1942 ж 17 шілдесінен Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды
Қазақстан Сталинград майданына зор көмек көрсетті . Ақтөбе авиация шеберханалары ай сайын 30 ұшақ , 160 авиаматор шығарды . Жеңіл өнеркәсіп орындары майдан тапсырысы бойынша жылы киім тігіп , шаналар , ат әбзелдерін жасады. Қазақ жауынгерлері Сталинград көшелерінде ерлікпен шайқасты . Олардың ерлігі құрметіне Сталинградтта «Қазақ » көшесі ашылды
Муса: 1943 ж қыста Сталинград түбінен жау 600-700 км жерге қуылды . Сталинградтты жаудан қорғағанда қаза болған жерлесіміз минометші Қарсыбай Сыпатаевқа батыр атағы берілді
1943 ж қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды
Дилша : 1944 ж - Ленинград басқыншылардан толық азат етілді .
1944 жылы басқыншылар Кеңес жерінен түгел қуылып , ал КСРО- ның жау қолында қалған аймақтарында партизандар шайқасты . Үш жарым мың Қазақстан партизандары жауға қарсы күресті .Осы күресте Қасым Қайсенов ерекше ерлікпен көзге түсті . Ерлігі үшін ол «Отан соғысы» орденімен , «Маршал Жуков» медалімен марапатталған
Ахмет 1945 жылдың 16 сәуірде Берлин операциясы басталды . Берлин шайқасына қатысқан қазақстандық Сағдат Нұрмағанбетов Кеңес одағының батыры атағын алса , офицер Рақымжан Қошқарбаев қызыл туды Берлин ратушасына тікті .
1945 ж жылдың 9- мамырда Қызыл Армия жеңіске жетіп , Ұлы отан соғысы аяқталды . Ал 2 қыркүйекте Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталды .
Дилша
Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы Тоғызыншы май күні
Алмастырған қуанышқа қайғыны.
Анжела
Батыр ұл есімдері ақталады
Жыр болып жүректерде сақталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.
Мұғалім:- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ әкесін күте берді, күте берді
Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды. Жеңіс туы желбіреді.
Ахмед
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды
Усен
Бақытты болсын балалар
Соғысты сүймес адамдар.
Өркендей берсін қалалар,
Гүлдене берсін далалар./ қол соғып, орындарынан тұру/
Муса
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерленген құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұланы.
Анжела
Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық.
Көркейе берсін еліміз,
Көбейе берсін ырыс-құт!

Мұғалім :Оқушылар бүгін біз 70 жыл бұрын аяқталған Ұлы отан соғысты еске түсірдік Енді сендер Соғыс пен Бейбітшілік сөздерге байланысты адам өміріне қауіпті және қауіпсіз сөздерді жазып топатастырсандар



Мұғалім Топтастыру стратегиясы «Жеңіс оңайлықпен келген жоқ »



Мұғалім : Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы - баладан, баланы - анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ …
Анжела
Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді әке боп,
Жеңіс келді ән болып,
Жеңіс келді алақай
Тоя жейтін нан болып.
Муса
Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген
Мирдеси
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен - аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл
Ақбота
Естідім-ау Жеңіс күнін
Дүрілдейді көк пен жер
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұланы
Мирдеси
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын! Осы тілекпен барша халайық түрегел!
Ән : Атамекен
Мұғалім: Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын! Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман - сау болыңыздар!
Ешқашан соғыс болмай, әлемде тек бейбітшілік болсын!



© 2010-2022