Сайыс сабақ Тәуелсіздік тұғыры (10-11 класс)

Раздел История
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ШҚО Күршім ауданы

«Үшбұлақ орта мектебі»КММ

Тарих пәнінің мұғалімі

Хасенова Гулмира Базаровна

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғыры»
«Біз Қазақстанның барлық азаматтарының
отаншылдық сезімі мен өз еліне деген
сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз»
Нұрсұлтан Назарбаев
Сабақтың мақсаты:
1.а) оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.
ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.
б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
2.Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау .

Сабақтың әдісі: Интеллектуалды-танымдық сайыс сабақ,топпен жұмыс.
Көрнекілігі: интерактивты тақта, слайдтар
Барысы:
Атақты ғұлама ғалым, шығыстың екінші ұстаз атанған бабамыз Әл-Фараби «Тарихты білмей бүгінгіні, ертенгіні болжау қиын» демекші тарихымызды құрметтеп, Отанымыздың болашағына сеніммен қарайық деген сөздермен бүгінгі сайысымызды еліміздің тарихына ««Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» толуына арнап отырмыз.
Бүгінгі біздің ойынымыз бірнеше кезеңнен тұрады, оған 2 топ қатысады. Ол:
10 сынып - «Болаша»қ тобы

11сынып - «Алаш» тобы

Баға берер топтарға,
Қара қылды қылышпен қақ жаруға.
Әділқазы алқасын біз сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.

Енді бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап, сайысқа қатысушыларымыздың білімдерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық. (Әділқазылар алқасымен таныстыру)

Енді бүгінгі сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік.
1- кезең Таныстыру (топтың аты, ұраны, белгі)
2-кезең «Өткел» - капитандар сайысы

3- кезең.Қазақстанның басты қалалары

4- кезең «Сандарды сөйлет»

5-кезең «Ойлан тап»

6 -кезең «Әріптер сыры »

7- кезең. «Шешендік»

1- кезең «Таныстыру» (2 ұпай)
Әдеппен, ізетпен танысуға, дей келе, сайыстың алғашқы шарты - «Танысуды» бастаймыз.(топтар өздерін таныстырып өтеді)

2 -кезең. «Өткел» - капитандар сайысы. 1 мин ішінде10 сұрақ қойылады сұраққа дұрыс жауап беру. Әр дұрыс жауап- (5 ұпай)

«Болашақ» тобына

1. Қай жылы ҚР рәміздері қабылданды? (4 маусым 1992 жыл)

2. 2002ж қандай жыл болып белгіленді?(Денсаулық жылы.)

3. Елтаңбада не бейнеленген (Шаңырақ, күн сәулесіндей уықтар, қанатты пырақтар, жоғарғы жағында жұлдыз, төменгі жағында "Қазақстан" деген жазу)-

4. Елтаңба авторы кімдер? (Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов)

5. Қ.Р.Конституциясы б/ша мем-к биіктіктің көзі кім? (халық)

6. Қай жылы ҚР-ның Ата Заңы қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)

7. ҚР Негізгі заңының 7 бабы не туралы? (мемлекеттік тіл туралы)

8) . 2006ж. Тәуелсіздікке неше жыл толды? (15 жыл. )

9. Желтоқсанның неше жылдығына байланысты Алматыда Республика алаңынды Азаттықтың айбынды ескерткіші-Тәуелсіздік монументі қойылды (20)

10. «Айша бибі» кесенесі қайда орналасқан?
(Таразда )

«Алаш» тобына
1. Қ.Р. ата заңы. Конституция)

2Қаз-н территориясында неше рет Жаңа жылды мерекелейміз. (2 рет)

3. Тақиялы періште филіміндегі басты рөлді ойнаған әртіс? (Ә. Өмірзақова)

4. Қаз-н неше астанасы болады? (4)

5. 2000ж. қандай жыл (Мәдениетті қолдау жылы.)

6 Ұлттық валюта қашан енді (1993 15 қараша)

7 «Алаш» партиясы қай жылы құрылды (1917)

8. Конституция күні (30 тамыз)

9.Н.Ә.Назарбаевтың туған жылы (1940)

10.1991 жылдың аяғына дейінгі екі аптаның ішінде Қазақстанның тәуелсіздігін таныған мемлекеттер саны(18)
3-кезең Қазақстанның басты қалалары

Суретпен жұмыс. Слайдта көрсетілген ғимарат қалай аталады және ол қай қалада орналасқан?Ұпайы аз топ бастайды

Суреттер: Ақорда, Бәйтерек, Кенесары ескерткіші, Медеу, Қазақ елі монументі, «Қазақстан» қонақ үйі, Әлия М. ескерткіші , Хан шатыры, Алматы циркі, Абылайхан ескерткіші (Көкшетау)

4-кезең «Сандарды сөйлет»
Слайдта көрсетілген сандар мен жылдарға түсініктеме беру.Берілген ұпайларына байланысты сұрақтар күрделене түседі ұпайы аз топ бастайды
10 ұпай:
9 мамыр -Жеңіс күні
25 қазан - Республика күні
21 желтоқсан- ТМД ұйымы құрылды
20 ұпай:
1466-қазақ хандығының құрылуы
1998 ж- Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшылары Алматыда бас қосты
1999 жылы жарық көрген Н.Назарбаевтың еңбегі -«Тарих толқынында»

30 ұпай:
1916-ұлт азаттық көтеріліс
1822-Сібір қырғыздарының жарғысы
98-конституциядағы бап саны

5-кезең. Ойлан тап

Бұл бөлімде берілген тарихи оқиғаларды хронологиялық ретімен орналастыру керек. Дұрыс жауап 10 ұпай мен есептеледі.

«Болашақ» тобына

1.Республика Президентінің жарлығымен ұлттық валюта - тенге айналымға енгізілді.

2.Алғашқы қазақстандық ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданды.

4.Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050 »жолдауы жарияланды

«Алаш» тобына

1Қазақстан .БҰҰ ұйымына мүше болып қабылданды

2.Тәуелсіз Қазақстанның Қорғаныс Министрі С.Нұрмағамбетов

3.Қазақстанның 1993 ж 28 қаңтарда қабылданған конституцияс

4.Астананы Ақмолаға көшірді

6 кезең кезең «Әріптер сыры »

Бұл бөлімде экраннан әріптер көрсетіліп, сұрақ қойылады. Сұрақтың жауабы сол әріптен басталады немесе жауаптың ішінде таңдаған әріп кездеседі.Ұпайы төмен топ бастайды

А

Б

Г

Ш

Д

Е

Р

Т

Ф

П

І

Ы

Қ

Н

С

Х

А - Биыл қазақтың қай ұлы ақынының 170 жылдық мерей тойы (Абай)

Д - Қазақстанның белгілі әншісі (Досымжан Таңатаров)

Ф - «Екінші ұстаз» атанған ғұлама (Әбу Насыр әл - Фараби)

Қ - 1997 ж қандай жолдау жарияланды «Қазақстан 2030)

С - 1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген саяси партияның бірі ( Социалистік)

Х - Қайрат Рысқұлбекоқке берілген атақ («Халық қаhарманы»)

Б - Астана қаласының символы (Бәйтерек)

Е- 1992 ж шілдеде Н.Ә.Назарбаев қорытынды актісіне қол қойған халықаралық ұйым ( Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйым)

П - Жоғары Заң шығарушы орган (Парламент)

Н-Елбасының 2014 ж 11 қарашада жолдаған жлдауы (Н ұрлы жол- болашаққа бастар жол)

Г - «Тарихтың атасы» кім? (Геродот)

Р - Рейхстагқа ту тіккен қазақ (Рақымжан)

І -Көшпенділер трилогиясының авторы (І.Есенберлин)

Ш - Тудың авторы (Ш.Ниязбеков)

Т - Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел (Түркия)

Ы - Қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін салушы (Ыбырай)

7-кезең «Шешендік»

2 топ әділқазылардың алдынан талқыланатын тақырыптарды алады

  1. Қ.Р.- достық және бейбітшілік ел

2. Қ.Р.- әлемде алатын орны

Музыкалық номер: 8-сыынп оқушысы Камалбекова Айдана «Мектебім» әнін орындайды.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Болмасын ешбір сын - өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!

Қорытынды.Тәуелсіз елдің білімді,салмақты, саналы да салауатты азаматы болуыға тырысайық, балалар. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!Ұзағынан сүйіндірсін!

Аршындай бер, адымдай бер,

Тәуелсіз Қазақстаным!

ІV. Марапаттау. Әділқазы алқасының мүшелері бүгінгі байқауда озып шыққан балаларға мақтау қағазы мен сыйлықтарын табыс етеді.





© 2010-2022