Сабақтың тақырыбы: 18ғ ширегіндегі сыртқы ішкі саясат

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:18ғ ширегіндегі сыртқы ішкі саясат§2. ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

Мақсаты:

- қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы, Қытай мен Ресей империясының Қазақ хандығы мен Жоңғария хандығына жасаған саясаты, қазақтардың қарсы күрес ұйымдастыруы туралы түсінік алу;

Көрнекілігі: карта, ватман, фломастер, терминологиялық сөздік.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Қазақ жеріндегі құлдар» эссе

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

«Білемін, Білгім келеді, Үйрендім» стратегиясы

Сабақ қысқаша шолудан басталады.

Біз бүгін Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы туралы білетін боламыз. Қазақ хандығы мен Жоңғария хандығы туралы білетіндеріңізді жазып шығыңыздар. Жұппен, топпен бөлісу.

ББҮ кестесі тақтаға сызылады.

Енді маған осы кестенің бірінші бағанын толтыруға көмектесіңіздер. Әр топ ең маңызды идеяларын айтады, мұғалім жазады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Тәуке хан билігі, Жеті жарғы заңы,

Аса беделді билер,

Қазақ хандығының ыдырай басталуы,

Жоңғарлардың қазақ еліне шапқыншылығы

Мұғалім жазылғадарды оқиды және сонан соң:

Енді қазақ хандығы туралы тағы да не білгіміз келеді?

Өз сұрақтарын ойластыруға уақыт беріледі. Сонан соң оқушылар жұпта, топта талқылай отырып, ең жақсы 3 сұрақты таңдап алады. Екінші бағады толтырады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Тәуке хан билігі, Жеті жарғы заңы,

Аса беделді билер,

Қазақ хандығының ыдырай басталуы,

Жоңғарлардың қазақ еліне шапқыншылығы

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайлары қандай болды?

Қытай мен Ресейдің қазақ хандығымен қарым-қатынасы

Неліктен қазақтар жоңғарларды «ата жауымыз» деді.

Жоңғар әскерінің қазақ жеріне баса-көктеп кіруіне не себеп болды?

ІҮ. Мағынаны ашу.

Оқушыларға мәтінді оқу үшін уақыт беріледі. «Білгім келеді» бағанындағы сұрақтарға мән беріледі. Оқу барысында оқушылар осы сұрақтарға жауап табуға тырысады.

Ү. Ой толғаныс.

Оқып болған соң оқушылар «Үйрендім» бағанын толтырады. Жауапсыз қалған сұрақтарды белгілейді. Ортаға салынады. Сұрақтардың жауаптарын қайдан табуға болатыны белгіленеді.

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үй тапсырмасы.

Бес жолды өлең «Тәуке», «Жоңғария», «Қазақ хандығы», «Әскер»

Дата создания: 14.11.2011
Дата редактирования



© 2010-2022