Сыныптан тыс шара ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ ДАМУЫ

Раздел История
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жәнібек колледжі» МКҚК



















ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ ДАМУЫ

(сайыс сабақ)







Пән мұғалімі: Сагиндиков М.А.







Гуманитарлық бағытындағы ПЦК

отырысында қаралып, мақұлданды

Хаттама № « » 2016 ж

ПЦК жетекшісі: Б. Сахитова

Әдіскер: Г. Есмухамбетова











Жәнібек, 2016 ж.



Сабақтың тақырыбы: «Егемен Қазақстанның рухани дамуы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстанның жалпы тәуелсіздік тарихын қайталау, маңызына тоқталу Тәрбиелік : Оқушыларды елін, туған жерін суюге, Отанды құрметтеуге тәрбиелеу,

патриоттық сезім қалыптастыру

Дамытушылық: тарихи оқиғаларды еске сақтау қабілетін дамыту, оқушылардың өз бетімен ізденгіштікке қызығушылығын тұғызу

Сабақтың түрі: қайталау, жинақтап қорытындылау

Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақтар қою, қосымша мәліметтер беру, өзіндік жұмысты топпен орындау

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның, Батыс Қазақстан облысының картасы, кесте, карточкалар, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Әр халықтың тарихында өзінің ұлттық ар-намысын, құқығы мен мүддесін қорғап қалуға, егемендікке ұмтылыс болады. Қазақ халқы екі ұлы тарихи күнді атап өтуде. Бұл Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің 25 жылдығы және желтоқсан оқиғасына 30 жыл. Тәуелсіздік үшін қазақтың біртуар ұлдары Абылай, Қабанбай, Наурызбай, Райымбек бастарын бәйгеге тігіп, опат болды, қай тұлғаны алмасақ та, олардың ерлігіне бас июге тура келеді. Тәуелсіздік үшін күрескен кешегі желтоқсан боздақтары жанын пида етіп, демократияның негізін қалаған еді, сондықтан бұлардың айтпай аттап өтуге болмайды. Қазақстан 1991 жылы өз алдына егемендік алып, терезесі көп елдермен тең болды. Бүгінде әлемнің беделді қоғамдық ұйымдарымен мүше болды, 1992 жылы ең жоғары халықаралық ұйым БҰҰ-на бір күнде оқып-білу мүмкін емес. Бүгінгі сабағымыз тәуелсіздік тарихына арналады, жинақтап, қорытындылаймыз.

Сабақтың жоспары:

  • Кіріспе

  • Сұрақтармен жұмыстану

  • Экранмен жұмыс

  • Деңгейлік сұрақтар

  • Мақал-мәтелдер

  • Тест тапсырмалары

  • Үйге тапсырма

1 тапсырма. Қазақстан Республикасының Конституциясын егеменді, тәуелсіз, саяси еркін мемлекет кестені толық ашып сипаттап беріңіз:

Қ А З А Қ С Т А Н

Зайырлы Егеменді

Тәуелсіз Саяси мемлекет

2 тапсырма. Мына сұрақтарды толықтыр:

  1. 1990 жылы 25 қазан........................күні

  2. 1991 жылы 21 желтоқсанда................құрылды

  3. 1991 жылы 1 желтоқсан....................күні

  4. 1991 жылы 16 желтоқсан...................күні

  5. 1991 жылы 17 желтоқсан................күні

  6. 1992 жылы 2 наурыз..............................болды

  7. 1992 жылы 2 қазан.............................ұшты

  8. 1993 жылы 15 қараша...................енді

  9. 1995 жылы 30 тамыз...................күні

  10. 1997 жылы 10 желтоқсан Ақмола.......................болды

3 тапсырма. Қазақстан Республикасының картасына сипаттама.

Қазақ жері кең-байтақ, Алтайдан Атырауға, одан әрі Маңғыстауға дейін созылып жатыр. Ертістен айбынды Каспийге дейін зымыран «Боинг 707» немесе ТУ - 154 ұшағымен ұшып өтер болса, оған 10 сағат қажет болар еді, немесе Қазақстан территориясына Франция, Англия, Италия, т.б. Еуропа мемлекеттерін қойсақ сиып кетер еді, Қазақстан батыс аймағы мұнаймен, шығысы кен орнымен, арқа әсем табиғатымен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасы Қытаймен, Ресеймен, Орта Азия мемлекеттерімен шектесіп жатыр, бұл елдермен экономикалық, саяси қатынас орнатып отыр. Республикада бүгін 17 млн 300 мыңның үстінде халық бар, оның 12 млн жуығы қазақтар, 14 әкімшілік облысқа бөлінген. Батыс Қазақстан облысының картасына сипаттама беру.

4 тапсырма. Деңгейлік сұраққа жауап беру:

  1. 16 желтоқсан қандай күн?

  2. Қазақстанның астаналарын ата

  3. Ұлы күйші,композитор Құрманғазы атақты күйлерінің бірін орталық Қазақстандағы жердің атына байланысты шығарған, бұл қай жер, күйдің атын ата

  4. Бұл қаланың Қазақстан үшін экономикалық та, саяси жағынан да маңызы зор болды, қосылды. Бұл қай қалада болды?

  5. Каспий теңізінің жағасындағы портты қаланы көрсет және қазіргі қай облыс?

5 тапсырма. 1 оқушы: Семей полигоны туралы айту

2 оқушы: Қазақстанның халықаралық байланыс

3 оқушы: Қазақстанның демографиялық жағдайы

4 оқушы: Жаңа Астана туралы әңгімеле. (Экранды пайдалану)

6 тапсырма. а) мына сұрақтарға жауап бер:

  • 1920-1924 жж. Қазақстанның астанасы

  • Қазақстандағы өзеннің аты және орыс тіліндегі шылау

  • Қазақстан Ғылым Академиясыны тұңғыш президенті

  • Наурыз мейрамы қандай астрономиялық құбылыспен байланысты?

  • 17 желтоқсан қандай күн?

б) «Егемендік» деген ұғымды қалай түсінесің. Деңгейі қиын сұрақтар:

- Мал бағып жүрген кедейдің баласы Аппақ ойнап жүріп, шаппақ қасқа сүрініп кетеді, кейін осы жерде «кент», қала пайда болды. Бұл қала өндірістік маңызы бар қалаға айналды және қай қала?

- Атақты қайраткер, ғалым, публицист, орта жүздің сұлтандарының ұрпағы болған адам. Оның ғылыми еңбектері патша өкіметінің Қазақстандағы аграрлық саясатына, қоңыс аудару мәселесіне арнап жазылған, ол «қыр баласы» деген псевдониммен жазылған. Әңгіме кім туралы?

- Атақты қолбасшы, тәжірибелі, ақылды, айлакер, үш жүздің басын біріктірген, орыс императрицасы мен де, Қытай боғдыханымен де тіл табысып, елді, жерді аман сақтаған, өз ісіне асқан жауапкершілікпен қараған, дүйім елді соңынан ерте білген, дұшпанын қорқыта, досын қуанта білген, ешкімге тәуелсіз, ақсарбас әулие, атақты батыр, қазақ ханы?

7 тапсырма. Туған ел, Отан, достық туралы мақал-мәтелдер айту.

8 тапсырма. Тест жұмысы

  1. Қазақстанның барлық сыртқы саясатының басты принциптері:

  1. Достық, көршілік, басқа елдер ісіне раласпау

  2. Әскери - стратегиялық

  3. Аймақтық - лидерлікке ұмтылу

  4. Ашық есік саясаты

  1. Президент Н.Назарбаев «2030» бағдарламасын ұсынған жыл:

  1. 1993

  2. 1997

  3. 1991

  4. 2000

  1. Қазақ КСР-і -ҚР болып аталған уақыт:

  1. 1991 жылы 25 қазан

  2. 1991 жылы 10 желтоқсан

  3. 1991 жылы 1 қыркүйек

  4. 1991 жылы 1 желтоқсан

  1. Жаңа ұлттық валюта - теңгенің соңғы айналымға енген уақыты:

  1. 20 қазан 1968 жылы

  2. 15 қараша 1993 жылы

  3. 16 желтоқсан 1991 жылы

  4. 15 қараша 1992 жылы

  1. Қазақ АКСР-нің екінші астанасы:

  1. Омбы

  2. Қызылорда

  3. Алматы

  4. Орынбор

  1. 1992 жылы қоғамның бірігуі мен халықтар достығын нығайтуда маңызды орын алған:

  1. Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы

  2. Қоғамдық - саяси қозғалыстардың құрылуы

  3. Қазақтардың халықаралық форумы

  4. Бейбітшілік форумының өткізілуі

  1. 1991 жылы ҚР Президенті Назарбаевтың жарлығымен 17 желтоқсан қай күн болып белгіленді:

  1. Конституция күні

  2. Тәуелсіздік күні

  3. Республика күні

  4. Демократиялық жаңарту күні

  1. «Қазақстан 2030» бағдарламасындағы бірінші стратегиялық бағыт:

  1. Денсаулық, білім

  2. Ұлттық қауіпсіздік

  3. Ішкі саяси тұрақтылық

  4. Экономикалық өсу

  1. Қазақстандағы алғашқы көпшілік экологиялық қозғалыс

  1. Алаш

  2. Азат

  3. Желтоқсан

  4. Невада-Семей

  1. 1991 жылы 1 желтоқсанда республика тарихында қандай мереке?

  1. Парламент сайлауы

  2. Ата Заң - Констититуция қабылданды

  3. Республиканың тұңғыш президенті сайланды

  4. Жаңа Астананың құрылуы

9 тапсырма. Қорытындылау. Карточкалармен жұмыс.

Мына сандардың мәнін ашып көрсетіңдер:

«16»...................................қандай сан? (Тәуелсіздік күні)

«2030»................................қандай сан? (Президент жолдауы)

«17»....................................қандай сан? (Демократия күні)

«25»....................................қандай сан? (Республика күні)

«4»...................................... (4 астана болған)

«Орынбор»..........................( Тұңғыш астана)

«14»....................................(14 облыс)

«П -А».................................(Пушкин - абай жолы)

«Или»..................................(Іле өзені немесе шылау)

«91».....................................(Тәуелсіздік жылы)

«2 қазан».............................(Ғарышқа ұшқан күн)

«20».....................................(Желтоқсан оқиғасы 20 жыл)

«30».....................................(Конституция күні)

«7».......................................(Президенттің сайлау мерзімі)

10 тапсырма. «2030 жылғы Қазақстанды қалай елестетесің немесе қандай күйде көргің келеді?»

Оқушылар шағын эссе - шығарма жазу. Қорытындылау, оқушыларды бағалау

Кітап көрмесі.

© 2010-2022