Методически материал по историю ерте темір дәуіріндегі тайпалар (, 6 класс)

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін

Мектеп директоры Абдилдаева Б

«Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Ашық сабақ

«Ерте темір дәуіріндегі

тайпалар»

6 сынып


Тарих пәнінің мұғалімі Көкшебаева Р



2016-2017 оқу жылыҚазақстан аумағындағы алғашқы тайпалық одақтар және олардың өмір тіршілігі туралы мағлұматтар бере отырып,оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру,белсенділіктерін арттыру.

Жалпы мақсат

Тапсырмалар бойынша атқарушы ұғымын меңгерте отырып тапсырмаларды орындауға машықтандыру.Тілін,сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Сілтеме

6 сынып Қазақстан тарихы оқулығы

Күтілетін нәтиже

Оқушылар өткен білімдерін пысықтап,қорытындылауға үйренеді.

7 модульдің қолданылуы

«АКТ», Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқытуды басқару және көшбасшылық»

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтық жұмыс,жеке жұмыс, «Миға шабуыл», тест

Қолданылатын ресурстар

Карта,маркерлер,портреттер,тақта,стикерлер,ноутбук

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңіі

«Көңіліміз көтеріңкі,белсенділігіміз жоғары» деген сөйлемді айтқыза отырып топтарға бөлу.Смайликтердегі бейнеленген кескіндерді көрсетулері арқылы психологиялық ахуалды жақсарту.

Оқушылар топқа бөлініп,өз топбасшыларын сайлайды.Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

Білім


Қызығушылықтарын ояту

«Миға шабуыл» әдісі арқылы тапсырманы қайталау. «Ұлы дала дүбірі» деректі фильмінен үзінді көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру.Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру,топпен тапсырманы орындау.

Деректі фильмнен үзінді көру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын біледі.

Түсіну

Тарауды қайталауда «Конверт-сұрақ» әдісін қолдану.

1.Сақ тайпасы туралы не білесіңдер?

2.Үйсіндердің шаруашылығы мен Қарғалы диадемасы туралы әңгімелеңдер.

3.Ғұн мемлекеті және оның билеушілері Мөде мен Аттила.

4.Қаңлылар жайында жалпы сипаттама беріңдер.

Оқушылардың жауаптарын қабылдап бағыт береді.Топтарға тапсырмалар береді.

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды дұрыс түсіне отырып,мағынасын ашу,түсіне білу.Топпен жұмыс жасау.Берілген қағазға өз ойларын жазып шығады,постер қорғайды.Сын тұрғысынан ойлау қабілеттері сабақ үстіндегі проблемалық сұрақтарды шешу кезінде,бір сұраққа бірнеше нұсқада жауап берумен және ситуациялық жағдайлардан жол тауып шығу әрекеттерінен байқалады


Сақ,ғұн,үйсін,қаңлылар

Болашақ қазақ елінің

Жері үшін,елі үшін күрескен батыр бабалар.

Оқушылар іс-қимыл әрекеттерін жасайды,

Талдау

Бес жолды өлең

Оқушыларды шығармашылыққа баулу

Оқушылар өз ойларынан біріге отырып өлең шығарады.

Жинақтау

Шағын тест толтыру арқылы сабақты жинақтау

Тарау бойынша білімдерін жинақтау үшін әр топқа белгілеу тапсырмасын беру.

Оқушылардың мақсаты берілген тестке жауап беру

Бағалау

Өзін-өзі бағалау

(2 мин)

Бағалау парақшалары

Әр топтан бағалау кестесі алынады

Топ басшысы оқушыларды бағалайды.

Мұғалімнің қорытынды бағасы

Үйге тапсырма

«Тайпалық одақтар» қайталап оқу

Оқушылар күнделіктеріне жазады

Рефлексия

Кері байланыс.

Табыс ағашы

Оқушыларға стикерлер таратылып беріледі.

Оқушылар «Табыс ағашына» өз алмаларын іледі.


© 2010-2022