Сабақ жоспары «Шумер мен Аккад» 6 сынып

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 02.09.2015

Сынып: 6А, 6Ә,6Б, 6В

Пән: Ежелгі дүние тарихы

Пән мұғалімі: Копабаева М.С.

Сабақтың тақырыбы: «Шумер мен Аккад»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Азияның оңтүстік-батысында қатарласа ағатын екі өзен Ефрат пен Тигр бойындағы қолайлы ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің молдығы мұнда адамдардың өте ерте кездерден-ақ өмір сүріп, тіршілік етуіне әсер еткенін оқушыларға жеткізу.

Дамытушылық: Оңтүстік Қосөзен бойын мекендеген елдің шумер мен аккад халықтары деп аталатынын, шумерліктер Қосөзенге оның шығыс жағынан келіп қоныстанғанын, ал аккадтықтар болса, оңтүстік-батыс өлкелерден келіп орналасып, екі халықтық топ ең ежелгі мәдени орталықтардың бірін негіздегенін жеткізу.

Тәрбиелік: оқушыларды өз елінің жаңашыры болуға, Отанын сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: жаңа сабақты баяндау, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: оқулық кітап, ежелгі дүние тарихынан жұмыс дәптері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ

  • Қосөзеннің төменгі ағысы бойының табиғат жағдайлары және алғашқы тұрғындары;

  • Қосөзендегі алғашқы мемлекеттер

  • Қосөзен қалаларының бірігуі

Сабақ бастағанда Азия материгіндегі бір-бірімен жарыса аққан Ефрат пен Тигр өзендерінің Кавказ тауларының оңтүстік сілемдерінен басталып, Парсы шығанағына құятынын картадан көрсетемін.

Тақтаға Қосөзеннің схемасын бормен сызып, саяхат жасаймыз. Бұл екі өзенді көбінесе Қосөзен деп атайды. Кейде өзен аралары Месопатамия деп те жазылатынын айтамын. Көне замандарда бұл аймақ батпақты, сазды болған екен. Қамыс көп өскен.
«Қосөзен жерінде пайдалы қазбалар, орман, тау-тас болмады, ал елі өте бай болды. Неге? Бұл сұрақ, әрине әрқайсыңды қызықтырады.

Көз алдыңа елестетіп көріңдер, сендердің алдарында тұрған мұғалім емес, ежелгі Месопатамияның тұрғыны делік. Өткен дәуірден келген қонақтан елі жайлы, ондағы ауа райы туралы, қандай өсімдіктер мен жануарлар өсетіні, қалай өмір сүріп, тіршілік еткені жайлы сұрап алыңдар».

ІV. Сабақты бекіту

Қосөзеннің оңтүстік бөлігі ойпатты келеді. Көне заманда бұл аймақты батпақты, сазды, бір сөзбен айтқанда, тіршілікке қолайсыз болған екен. Соған қарамастан адамдар батпақты да жұмсақ, әрі құнарлы топырақты жерлерді де біртіндеп игере бастайды. Еккен өнім мол өнім берді, бір пальманың өзінен 50 кг құрма алды. Қосөзеннің оңтүстігінен жібек жүн, бидай, құрма т.б.шет жаққа шығарыла бастады.

  • Айтыңдаршы Қосөзеннің ежелгі тұрғындары еңбек ету нәтижесінде артық өнім өндіре алды ма?

  • Қосөзен мемлекет пен тапқа бөлінушілік неге ертерек пайда болды?

Жұмыс дәптері 2-3 тапсырма (Ежелгі дүние тарихы,Құсайынова Р.).

V.Бағалау

VІ. Үйге тапсырма: §1 мазмұндау.



© 2010-2022