Интеллектуальный урок на тему Тарих-тағылым-тәуелсідік (6 класс)

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Тарих-тағылым-тәуелсіздік» - тарихи-танымдық ойыны

Мақсаты:

  1. Қазақстан тарихы бойынша оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдығын арттыру.

  2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу, дағдысын дамыту.

  3. Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру, оқушыларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Қатысушылар: 6 сынып оқушылары

Барысы:

І. Мұғалімнің сөзі

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Тарих-тағылым-тәуелсіздік» тарихи-танымдық ойынымыз Тарих-география пәндерінің апталығы шеңберінде өткелі тұр. Бүгінгі ойынымыз Қазақстан тарихы пәнінен өтеді.

Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген - жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған елінің тарихын, шежіресін білу - әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. Сонымен қатар Қазақстан тарихы - ҰБТ -де негізгі пәндердің бірі болып саналады. Бүгінгі шарамызды шығыстың ғұлама ғалымы Әбу-Насыр әл-Фарабидің сөздерімен бастағым келіп тұр: «Тарихты білмей - өткенді, қазіргі жағдайды, болашақты болжау қиын.»

Бүгінгі сайысымыздың әділ-қазылар алқасымен таныстырайық:

Бүгінгі сайысымызға қатысушы 6 сынып ___________________________________ командалары. Сөз кезегін өздеріне берейік. (өздерін таныстырады)

Егер бүгінгі ойынымызға қатысушы ойыншыларымыз дайын болса, ойынымызды бастайық.

ІІ. Ойын өткізу.

Ойын кезеңдері:

  1. «Өткел» - капитандар сайысы. 1 мин ішінде мүмкіндігінше көп сұраққа дұрыс жауап беру. Әр дұрыс жауап- 5 балл.

  2. «Самғау» - ұпайы көп команда бастайды. Ұяшықтар таңдап, сұрақтарға жауап береді.Ойлануға 1 мин. Қосымша көмек (30 сек) алған жағдайда ұпай саны жарты ұпайға кемиді. Дұрыс жауап бере алмаса, екінші команданың жауап беруіне болады.

  3. «Шарықтау» - жанкүйерлер сайысы. Көрермендерге сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап берген жанкүйер ұпайын өз командасына береді. Дұрыс жауап 10 балмен бағаланады.

  4. «Шырқау» - Сұрақтар Қазақстанның облыстары бойынша беріледі. Ойлануға 1 мин. Қосымша көмекке 30 сек. Сұрақтың қиындығына қарай ұпай саны беріледі. Әр команда кезекпен кезек 3 облыстан таңдайды.

  5. «Жерұйық» - бұл кезеңде ең жоғары 50 ұпай бірінші болып дұрыс жауап берген командаға.

ІІІ. Қорытындылау.

ІV. Марапаттау.



© 2010-2022