Қола дәуірі тұрғындарының шаруашылығы

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы

«Ақтас негізгі мектебі» КММ

Тарих пәнінің мұғалімі

Токпанов Мейрам Саттарович



Тақырыбы: Қола дәуірі тұрғындарының шаруашылығы

Сабақтың мақсаты:

Оқытушылық - Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызы, қола дәуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері туралы білім беру.

Тәрбиелік - Адамзат дамуындағы ұлы жетістіктердің еңбектің арқасында келгендігін айта отырып оқушыларды еңбекті сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Қазақ жерінің тарихы адамзат тарихының құрамдас бөлігі екенін ұғыну.

Дамытушылық - Қола дәуірінің адамзат баласының басынан кешірген тарихи кезеңдегі орны жөнінде, қола туралы түсініктері мен оның басқа металдардан артықшылығымен ерекшелігін ашып көрсете білу, суреттің көмегімен қола дәуірінің Қазақстан аумағындағы аймақтарын анықтай білу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Оқытудың әдісі: баяндау (әңгіме, диалог), тәжірибелік (ауызша жеке фронтальды сұрау).

Көрнекілік: «Ежелгі Қазақстан» картасы, тас бетіне түрлді суреттер салынған қола дәуірі адамдарының рухани мәдениеті туралы түсінің беретін суреттер, интерактивті тақта.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру сәті - бүгінгі сабақта қатысатын оқушылардың санын тексеру, оқушылардың сабаққа назарын аударту.

  2. Үй жұмысын тексеру.

  1. Сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беру (миға шабуыл)

  1. Неге қола дәуірі деп аталады?

  2. Қола дәуірі уақыты

  3. Қола дәуірінде мыс Қазақстанның қай аймағында өндірілді?

  4. Оны ашқан ғалым кім?

  5. Жезқазғанда қанша мыс қорытылды? (100 мың тонна)

  6. Қола дәуірі кезеңі қандай мәдениет деп аталады? (Андронов)

  7. Неліктен олай аталады?

  8. Андрон тектес қола мәдениеті қай аймақты алып жатыр?

  9. Солтүстік және Батыс Қазақстанда неше Андрон мәдениеті қоныстары зерттелді? (80-нен аса)

  10. Қай қола дәуірі қонысы қалаға ұқсас?

  11. Солтүстік Қазақстандағы қола дәуірі қоныстарын ата

  12. Андрондықтар қай нәсілге жатады?

  13. Антрополог-ғалым кім?

  14. Орталық Қазақстандағы қола дәуірі мәдениеті қалай аталады?

  15. Оны ашқан кім?

  16. Бегазы-Дәндібай мәдениетінің Андрон мәдениетінен айырмашылығы қандай?

  17. Картамен жұмыс


  1. Жаңа сабақ жоспары:

  1. Қоладан жасалған еңбек құралдарына көшу. Қоладан жасалған еңбек құралдарының арқасында еңбек өнімділігі артты. Мысалы тас балтаға қарағанда қола балтамен ағашты 3 есе тез шабуға мүмкіндік туды. Құю қалыбы: сазбалшық, металл, тастан болды.

  2. Андрондықтардың кәсібі мен тұрмысы. Басты кәсібі мал бағу, теселі егіншілік, балық аулау. Мал өсіру: отырықшылық, бақташылық. Төрт түлікті өсірген. Сүзгіш ыдыстармен сүт сүзген. Егіншілік құралдары: дән тартатын диірмен, тесе, орақ. Сазбалшықтан ыдыс жасаған. Шаруашылықтың бір саласы кен ісі, металл өңдеу.

  3. Андрондықтардың баспаналары. Жартылай жертөле, балшықпен сыланған. Шатыры сырғауылдан, шөп жауып, топырақ жапқан. Тастан ошақ жасаған. Жер еденде сүт, ет сақтайтын шұңқыр қазылған. Қысқа жем-шөп әзірлеген. Қора салынған. Киіз үйге ұқсас.

  4. Беғазы-Дәндібай тұрғындарының кәсібі. Мал саны көбею себепті көшіп-қонып бағу әдісіне көшеді. Ауыздықтардың табылуы - жылқыны мінген. Қоныстар өзен-көл жағасында 5-10, кейде 20 үй. Үйдің аумағы 100, 300-400 м.кв.

  5. Тұрғын үйлері: 1. жартылай жертөле; 2. жер бетіне салынған үйлер.


  1. Сабақты қорытындылау.

  2. Тест жұмысын алу.

  3. Бағалау.

  4. Үй тапсырмасы § 9


Қола дәуірі тұрғындарының шаруашылығы







Тест

  1. Андронов мәдениеті өз атын қайдан алды?

а) ғалымның тегі

в) Ачинск қаласына жақын Андронов селосы

с) тайпа көсемі

д) Андронов деген металлург

е) Мәскеудің маңайындағы Андронов деген село


  1. Андронов мәдениетінің элементтері бірінші қай жерден табылды?

а) Қырғызстанда

в) Сібірде

с) Қазақстанда

д) Кавказда

е) Оралда


  1. Мыс рудасына қалайы қосу арқылы өндірілген металл

а) темір

в) мыс

с) қола

д) қорғасын

е) күміс


  1. Қазақстанда қола дәуірінің басталған мерзімі

а) б.з.б. 2 млн 600 мыңыншы жыл

в) б.з.б. 40-12 мыңыншы жыл

с) б.з.б. 2 мыңыншы жыл

д) б.з.б. 7 мыңыншы

е) б.з.б. 3 мыңыншы жыл


  1. Андрон мәдениетінің алғашқы ескерткіштері табылған жер

а) Памир тауы

в) Андроново селосы

с) Тараз қаласы

д) Челябі облысы

е) Сыр бойы


  1. Андронов мәдениетін зерттеген Қазақстандық археолог

а) В.Зайберт

в) Ә.Марғұлан

с) К.Байпақов

д) К.Акишев

е) М.Қадырбаев


© 2010-2022