ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан. 9 сынып

Раздел История
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 5- Қыркүйек

Сыныбы: 9«А»

1-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан.

Сабақтың мақсаты: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық - саяси үдерістер

туралы түсіндіру.

Дамытушылығы: Қазақстан тарихының төрт кезеңін баяндай отырып, қосымша материалдарды пайдаланып таныстыру жаңа тарихи кезеңнің ерекшелігін айқындап түсінуге бағыт - бағдар беру.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Тарихтағы жаңа кезең мен жаңа дәуір туралы мағлұмат бере отырып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дүние танымын кеңейту.

Сабақтың түрі: дәстрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық ізденіс, ой - талқы баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: 1. Карта

2. Тарихи құжаттар

3. Қосымша әдебиеттер.

4. Суреттер

Пәнаралық байланыс : Всемирная история 1 том

География

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақ жоспары:

  1. XX ғ.басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Столыпиннің аграрлық реформасы.

2. XX ғасырдың басында Қазақстандағы саяси өмірдің жандануы.

Жаңа сабақтың мазмұны:

Қозғалыстың себептері және басталуы.
Эпиграф: А. Байтұрсынов: «Қазак ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды».
20 ғ. Қазақстан үшін Ресей империясына тұтастай бодандыққа көшуімен ерекшеленеді. Осы ғасырда ол шикізат өндіретін ірі сауда рыногы болды. Бұл ұлт - азаттық козғалыс қазақ халқының бостандық, тәуелсіздік үшін бірнеше ғасырға созылған отаршылдыққа қарсы жүргізген азаттық күресірің жалғасы. 1914 ж. басталған Біріінші дүниежүзілік соғыс мемл - ң, әсіресе Ресей еңбекші халықтарының жағдайын нашарлатты. 1916 ж. соғыстың қызған кезі еді. Ол соғыс қаруларын айтпағанның өзінде шикізатты, азық - түлікті, материалдық байлықты қажет етті. Ресей шенеуніктерінің қазақ халқын ын құқығын корлау, басып - жаныштау, түрлі зорлық - зомбылық жасау күшейді.


Көтерілістің негізгі себептері:
Патшаның отарлау саясатының тиімсіздігі, орыстандыру саясаты, алым - салықтың артуы, қазақтардың қөп жерлерінен айрылуы, 1916 ж. 25 маусымдағы Қаз - ң, Орталық Азияның, және ішінара Сібірдің 19 - 43 жас аралығындағы «бұратана» ер азаматтарын тыл жұмысына «реквизициялау туралы» Жарлығы көтеріліс оқиғаларының басталуына себеп, сылтау болды.


1. Қозғалыстың мақсаты:
қазақ халқына ұлттық және саяси бостандық әперу. Қозғ - ң қозғаушы күші: қазақ шаруалары, жұмысшы лар, кедейлер, қолөнершілер. Қатысты: байлар, болыс басқарушылар, билер. Демократияшыл зиялылардың өкілдері.


Сипаты: ұлт - азаттық.
2. Қозғалыстың басталуы мен басшылары. Қозғалыс туралы қазақ қоғамындағы сол кездегі көзқарастар.
Қазақ зиялыларының әкі турлі көзқарасы болды көтеріліске:
1 топ: Қазақ зиялылырының батыл өкілдері - Тоқаш Бокин, Ж. Ниязбеков, Т. Рысқұлов, Ә Жангелдин, С. Меңдешев, Б, Алманов, т. б. патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қолға қару алып, қарсылық жасауға шақырды.
2 топ: «Қазақ» газетінің төңірегіне біріккен либерал - демократияшыл зиялылардың жетекшілері - А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, т. б. халықты Жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды. Қарсы шыққан жағдайда қарусыз мыңдаған халық патша өкіметінің жазалау шаралапының құрбаны болады деп есептеді.
4. Қозғалыстың Жетісу мен Торғайдағы орталығы. Оқиғалардың барысы жөнінде айту.
Жетісуда - көтеріліс басшысы Бекболат Әшекеев, Т. Бокин.
Верный уезінің Үлкенсаз деген жерінде 11 болыстан 5 мыңдай адам қатысты. Шілденің 17 - сі онда әскери жағдай калыптасты. Сыдария обл. Әлие ата уезі, Мерке аймағы ошағы болды. Б. Әшекеевтің өмірімен таныстыру. Қозғалыстың Торғай уезіндегі көтеріліске Әбдіғаппар Жанбосынов, А. Иманов, Ә. Жангелдиндер басшылық етті. Олар көтерілісшілерді өскери тәртіпке үйретті, Азаматтық билік орнады. Өскери кеңес жанында арнайы адамдар көтер - ді азық - түлікпен, қару - жарақпен қамтамасыздандырып тұрды. Ұстаханаларда қылыш, қанжар, семсер, қарулар жасалды. Көтеріліс болған жерлер: Татыр, Ақшығанақ, Доғал - Үрпек, Күйік, Батпаққара ауданында болды.
5. Қозғалыстың жеңілу себептері, жеңілістің зардаптары, тарихи маңызы.
1916 ж. қозғалыс жеңілу себептері:
- ұйымшылдықтың нашарлығында, бас көтерудің бытыраңқылығында;
- шайқасушы жақтардың күшінің мүлде тең еместігінде;
- үстем тап өкілдерінің тұрақсыздығы, опасыздығы;
- патша өкіметінің қоныс аударып келгендердің ауқатты
топтарынан Жетісудағы қазақ, қырғыз көтерілісшілерін басу үшін қарулы отрядтар құрғаны да әсерін тигізді.
Зардаптары:
- Тек кедей жастары ғана алынды.
- Қазақ азматтары патшаның арзан жұмыс күшіне айналды.
- Билік басындағыларға, бай балаларына жеңілдік берілуі;
- Қазақ азаматтарының иығына ауыр хүк түсті.
- Ата - аналары балаларынан айрылғысы келмеді, Халық күйзелді.
Тарихи маңызы:
1916 ж. қозғалыс 19 ғ. 30 - 40 ж. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілістен кейінгі Қазақстанның барлық аймақтарын өамтыған букілқазақтық сипаты бар аса зар қөтеріліс болды. Оның сан ғасырға созылған бостандық, тәуелсіздік жолындағы азаттық үшін күресіндегі алар орны ерекше. Бұғн қазақтармен қатар қырғыздар, ұйғырлар, өзбектер қатысты. Жаңа батырлар есімдерімен толықтырылды.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.


  1. Қазақстандағы қоғамдық саяси үрдістің тарихи маңыздылығын атаңыздар?

  2. Аграрлық мәселеге қойған талаптары қандай болған?

Үйге тапсырма: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан.


Тексерілді :

Оқу ісінің меңгерушісі:____________________ Керебаева А.Қ.

© 2010-2022