Темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан сабақ жоспары

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 6 сынып. Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы Уақыты: 19.01.2016

Сабақтың тақырыбы: Орталық Қазақстан

Мақсаты: Ерте темір дәуірінде Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалардың шаруашылығы мен тұрмысы жайлы мағлұмат беру. Ерте темір дәуірі ескерткіштерімен таныстыру.

Күтілетін нәтиже: Ерте темір дәуірінде Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалардың шаруашылығы мен тұрмысы жайлы мағлұмат алады. Ерте темір дәуірі ескерткіштерімен танысады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: Диалогтік оқыту, Топтық жұмыс,

Көрнекіліктері: суреттер мен оқулық, карта.

Сабақтың барысы

Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(15 мин)

Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы және жазып келген әңгімелері арқылы үй тапсырмасын тексереді.

Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру.

3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.

(10 мин)

  1. Сарыарқа-ұлы дала.

  2. Сарыарқаның тұрғындары. Картамен жұмыс.

  3. Шаруашылығы.

  4. Ерте темір дәуірі ескерткіштері.

Геродоттың жазбаларында Орталық Қазақстанды аргиппейлер мен исседондар мекендегені айтылған. Қазіргі ғалымдардың анықтауынша, Сарыарқаның солтүстік батысында аргиппейлер, орталығында исседондар, шығысында аримаспылар тұрған.

Сарыарқаның ерте темір дəуірі ескерткіштері "тасмола мəдениеті" деп аталады.

Тасмола мәдениетінің ерекшелігі - "мұртты обалар". Ол екі жерлеу орнынан тұрады. Обалардың біреуіне адамды, екіншісіне атын жерлеген. Обалардан шығысқа қарай тастан қаланған мұртқа ұқсас екі тас құрылыс тартылған.

"Мұртты обалардың" 4 түрі кездеседі. Біріншісі - үлкендеу обаның шығыс жағынан салынған кішілеу оба. Екіншісі - екі оба оңтүстіктен солтүстікке қарай қатар салынады. Үшіншісі - алдымен үлкен оба салынады, оның үстінен кіші оба тұрғызылады. Төртіншісі - үшіншіге ұқсас, бірақ бұл обалардың ара жігін қазба барысында ғана анықтауға болады.

"Мұртты обалар" бағдаршам рөлін атқарған. Белгілі бұрышпен салынып, оңтүстік, солтүстік, батыс, шығысты көрсеткен.

"Мұртты обалар" Орталық Қазақстаннан басқа Солтүстік, Шығыс Қазақстан және оңтүстік өңірлерден де табылған

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады. Тұрақтарды кескін картаға түсіреді.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (10)

«Мұртты обалар» бойынша жұмыстану. Мұртты обаның 4 түрінің суретін салып, сипаттайды.
1. А
2. Ә
3. Б
4. В

Бүгінгі өткен тақырыпты бекіту, суреттерді талқылау, ортаға салу, түсіндіру.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

(5 мин)

Сарыарқа атауы қандай мағына береді.

Тасмола мәдениетін қалдырған тайпа.

Ерте темір дәуірінде Орталық Қазақстанды қандай тайпалар мекендеген?

6. Бағалау кезеңі

(2 мин)

Оқушылардың топ ішінде сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі(1 мин)

§ 34-35 оқу,

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.



© 2010-2022