Сабақ жоспары. Тақырыбы: Қалалық сәулет өнері

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№82 «Дарын» мамандандырылған лицейі

Тарих пәні мұғалімі: Саркулова Жумагуль Жунисбековна


Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

7-сынып

Сабақтың тақырыбы

Қалалық сәулет өнері

Сабақтың мақсаты

Қазақстанның ХIV - XV ғасырлардағы сәулет өнерін, қолданбалы өнер, архитектуралық құрылыс жүйелері туралы білімдерін арттыру.

Сабақтың міндеті

  • Шығармашылыққа баулу;

  • өз бетімен зертттеу, ізденуге жетелеуге ықпал ету;

  • әңгімелеу, мазмұндау қабілеттерін арттыруға жағдай жасау;

  • сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар топта жұмыс жасай алады;

  • өзіндік көзқарас қалыптастыра алады;

  • білім алуға деген қызығушылығы артады;

  • салыстыра алады;

  • ой қорытып, талдай алады;

  • өзін бағалай алады;

  • алған білімін жүйелей алады;

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру

кезеңі (3 мин)

  • Сәлемдесу. Түгендеу

  • Сергіту сәті.

  • Топқа бөлу

2.Үй тапсырмасын

сұрау: (5 мин)

1-тапсырма. «Сұрақ-жауап» әдісі

• Оқушыларға материалдық мәдениет үлгілері көрсетіліп, олардың атаулары сұралады.
• Оқушылар рухани мәдениетке жататын мақал-мәтел, жұмбақ сияқты өздеріне танымал фольклор үлгілеріндегі білімдерін танытады
• Оқушылар өнері - күй

2-тапсырма. «Қазақстанның 14-15 ғасырдағы рухани мәдениеті» тақырыбында жазған әңгімелерін оқу.

3.Жаңа сабақ (25мин)

1-тапсырма. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында кесенелер көрсетіледі.

Сабақ жоспары. Тақырыбы: Қалалық сәулет өнеріСабақ жоспары. Тақырыбы: Қалалық сәулет өнері


Сабақ жоспары. Тақырыбы: Қалалық сәулет өнері

2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс

3-тапсырма. Дәптермен жұмыс

Кесене ----

Сәулет өнері ------

Тест.

1. Аталған сәулет өнері ескерткіштерінің қайсысы монғол шапқыншылығынан кейін салынған?
а. Айша-бибі кесенесі
ә. Білеулі ғимарат
б. Арыстан баб кесенесі
в. Ақыртас ғимараты

2. Әмір Темір бұйрығымен тұрғызылған сәулет өнерінің ғажайып туындысы
а. Қожа Ахмет Иасауидің кешенді кесенесі
ә. Алашахан кесенесі
б. Боран мұнарасы
в. Бабаджа қатын кесенесі

3.ХІV-XV ғасырларда далалық сәулет өнерінің үлгісінде салынған ескерткіш
а. Аяққамбыр күмбезі
ә. Мырзарабат сардобасы
б. Алаша хан кесенесі
в. Дың ескерткіші

4-тапсырма.Шығармашылық жұмыс

  • Арыстан-баб кесенесі

  • Қ.А.Иассауи кесенесі

  • Көккесене

  • Алаша хан кесенесі

  • Рабиға сұлтан Бегімнің кесенесі

  • Қолданбалы өнер дегеніміз не?

Сабақты бекіту

(5-мин)

Сәйкес келетін тарихи оқиғаларды тап
• 1397 жыл -
• 1399 жыл -
• 1485 жыл -
• 6 ай --
Дұрыс жауабы:
 1397 жыл - Әмір Темір Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салуға бұйрық берді.
 1399 жыл - Залдың ортасындағы үлкен тайқазан жасалған.
 1485 жыл - Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы Бегім қаза болды.
 6 ай - Отырар қаласы монғол шапқыншылығына осы уақыт аралығында төтеп беріп тұрды.

Үйге тапсырма

(2-мин)

Тақырыпты оқып келу.

Рефлексия (2-мин)

Екі жақты күнделікСабақтан алған әсерім

Пікірім


Бағалау (3-мин)

  • Формативті бағалау;

  • Әр топ басшысының бағаларын қарай отырып, өзіндік бағамды қоямын.


© 2010-2022